Другие новости
2025 ЖЫЛДЫҢ НАУРЫЗЫНДА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҢА АВТОМОБИЛЬДЕРДІҢ САУДАСЫ 23,4% ӨСТІ

- Наурыздағы топ-5: Hyundai, Chevrolet, Kia, Jetour, Chery
«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) берген мәліметі бойынша наурызда 19 629 бірл. жеңіл автомобильдер мен коммерциялық техникалар сатылды, бұл былтырғы ұсқас кезеңмен салыстырғанда 23,4% жоғары көрсеткіш. Жалпы бірінші тоқсанда 46 843 жаңа автомобиль өтті, ал былтыр 39 439 бірл. көлік иесін тапқан (+18,8%) болатын.
Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті: «2024 жыл Қазақстандағы жаңа автомобиль саудасы тарихындағы рекордтық кезең болды. Биыл бізді соған жақын жоғары нәтиже де күтетін сияқты. Мамырда 20 000 көлік сатылуы - былтырғыдан әлдеқайда жақсы көрсеткіш. Жалпы сауда қарқыны артып келеді. Бұл рекордтық сандардың артында ресми ойыншылардың ерен еңбегі жатқанын атап өткен жөн. Дәл сол дилерлер қазір жеңілдікті несие бағдарламаларын іске қосып, кепілдік бойынша қызмет көрсетумен байланысты бонусты жобалар ұсынып жатыр. 2025 жылды индустриядағы ресми ойыншыларға клиенттердің ұзақ уақыт сенім артуына бастау болған жыл деп атағымыз келедi».
Ең көп өткен автомобильдер көшін әдеттегідей Hyundai (4 472 бірл.; былтырғы наурызбен салыстырғанда +32,8%) бастады. Chevrolet (2 738 бірл) екінші орын алды (+99,3%). Үшінші қатардағы Kia дилерлері 2 120 модель сатқан (+17,1%). Jetour осымен екінші ай қатарынан төртінші сатыға тұрақтады (1 362 бірл.; +74,4%). Ал бесінші орын 1 350 автомобилі өткен Chery-ге бұйырды (+2,7%). Одан бөлек тізімге Haval (1 288 бірл.; +14,6%), Jac (1 071 бірл.; +54,3%), Geely (1 021 бірл.; +45,6%), Toyota (862 бірл.; -21,2%) және Changan (703 бірл.; -42,1%) енді.
Наурыз айында ең танымал болған топ-10 модель арасында Chevrolet Cobalt (2 236 бірл.) бірінші тұр. Содан кейін тізімде Hyundai Tucson (1 692 бірл.), Kia Sportage (1 090 бірл.), Hyundai Mufasa (955 бірл.), Haval M6 (607 бірл.), Chery Tiggo 2 (532 бірл.), Hyundai Elantra (529 бірл.), Hyundai Santa Fe (524 бірл.), Geely Emgrand (493 бірл.) және Jac S3 (461 бірл.) бар.
Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша брендтер қатарында Hyundai (11 705 бірл.; +26,2%) ешкімге дес берер емес, екінші жүлдеге 6 009 автомобилі сатылған Chevrolet ие болды (+80,1%), үштікті Kia (4 905 бірл.; +0,6%) түйіндеді. Ал Jetour дилерлері 3 103 машинаның кілтін тапсырса (+61,2%), бесінші сатыдағы Chery-дің 3 097 моделі өтті (-10%).
ТОП-20: 2025 ЖЫЛҒЫНАУРЫЗДАҒЫ ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ АВТОМОБИЛЬДЕРДІҢ САУДАСЫ
|
НАУРЫЗ | ҚАҢТАР-НАУРЫЗ | ||||
2024 |
2025 |
% |
2024 |
2025 |
% |
|
Hyundai |
3 367 |
4 472 |
32,8% |
9 277 |
11 705 |
26,2% |
Chevrolet |
1 374 |
2 738 |
99,3% |
3 337 |
6 009 |
80,1% |
Kia |
1 810 |
2 120 |
17,1% |
4 875 |
4 905 |
0,6% |
Jetour |
781 |
1 362 |
74,4% |
1 925 |
3 103 |
61,2% |
Chery |
1 314 |
1 350 |
2,7% |
3 441 |
3 097 |
-10,0% |
Haval |
1 124 |
1 288 |
14,6% |
2 312 |
2 582 |
11,7% |
Jac |
694 |
1 071 |
54,3% |
1 964 |
2 420 |
23,2% |
Geely |
701 |
1 021 |
45,6% |
1 449 |
2 438 |
68,3% |
Toyota |
1 094 |
862 |
-21,2% |
2 117 |
2 154 |
1,7% |
Changan |
1 215 |
703 |
-42,1% |
2 153 |
1 630 |
-24,3% |
GAZ |
343 |
377 |
9,9% |
933 |
916 |
-1,8% |
Omoda |
220 |
243 |
10,5% |
466 |
356 |
-23,6% |
Lada |
82 |
240 |
192,7% |
366 |
694 |
89,6% |
Lexus |
323 |
221 |
-31,6% |
762 |
521 |
-31,6% |
Tank |
204 |
178 |
-12,7% |
471 |
490 |
4,0% |
Exeed |
204 |
160 |
-21,6% |
485 |
343 |
-29,3% |
Kamaz |
50 |
116 |
132,0% |
162 |
254 |