Астана қ., Алматы к-сі, 7, Seven БО, 201 кеңсе
+7 701 276 61 56 info@kao.kz
logo
Біз туралы
Одақ туралы Одақ жарғысы Құрылым Одаққа қосылыңыз
Шолулар және статистика
Инфографика
Жаңалықтар
Байланыс
RU KZ EN
call +7 701 276 61 56
mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Қонаев көш., 12/1, 14 қабат
Instagram
RU KZ EN

Басқа жаңалықтар

15 тамыз
ШІЛДЕДЕ ЕЛ ТҰРҒЫНДАРЫ 20 МЫҢНАН АСТАМ ЖАҢА АВТОМОБИЛЬ АЛДЫ

28 тамыз
Қазақстандық кәсіпорындарға арналған ЕЭК субсидиялары: механизм іске қосылды

ҚР АВТОӨНЕРКӘСІБІ: 2025 ЖЫЛҒЫ ЖЕТІ АЙ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

20 тамыз

ҚР Ұлттық статистика бюросының дерегінше 2025 жылы шілдеде елде жалпы құны 164,9 млрд теңгені құрайтын 11 765 бірл. дөңгелекті техника шықты, былтыр осы уақытта 100.9 млрд теңгелік 7 839 бірл. машина жасалған (+50,1%).

Жалпы жеті айда кәсіпорындар 1,16 трлн теңгеге 83 259 бірл. техника құрастырды. 2024 жылғы қаңтар мен шілде аралығында өндіріс көлемі 16,7% ұлғайып, машинажасау саласындағы үлесі 40,7%-ға жетті.

Елдегі зауыттар көптеп шығаратын көлік түрі – жеңіл автомобиль (75 406 бірл.; +19%). Сонымен қатар 4 091 бірл. (-10,5%) жүк көлігі мен 1 361 автобус (+5,5%), 1 948 бірл. тіркеме мен жартылай тіркеме және 453 бірл. басқа техника түрі жасалды.

Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті: «Қазақстанның автоөнеркәсібі мыңдаған маманның еңбегімен дамып келеді: бүгінде бұл салада 8 мыңнан астам адам қызмет етіп жатыр. Әрбір жаңа автомобиль – олардың кәсіби біліктілігі мен заманауи технологияларды енгізудің нәтижесі. Өндіріс көлемінің артуы отандық автоөнеркәсіптің позициясын нығайтып, кәсіпорындар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Алда екі жаңа өндіріс орнын іске қосу жоспарланып отыр, бұл бес мыңнан астам жұмыс орнын құрып, көлікпен байланысты басқа салаларға қосымша серпін береді».

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) берген мәліметке сүйенсек, алғашқы жеті айда Қостанайдағы Allur 45 756 бірл. техника өндірді (+6,9%). Алматыдағы зауыттар (Hyundai Trans Kazakhstan, Hyundai Trans Almaty) 31 245 бірл. жеңіл және коммерциялық техника құрастырды (+41,8%). Семей (СемАЗ, Daewoo Bus Kazakhstan) 2 413 бірл. коммерциялық көлік жөнелтсе (-17,5%), Қарағандыда орналасқан QazTehna 976 бірл. техника жасады (+28,1%). Көкшетауда (КАМАЗ-Инжиниринг) 739 бірл. коммерциялық автомобиль конвейерге тұрды (+34,6%). Басқалары 2 130 бірл.машина шығарды.

2025 жылдың қаңтары мен шілдесі аралығында аса танымал болған бес бренд (экспортты қосқанда): Hyundai (30 850 бірл.), Chevrolet (16 598 бірл.), Kia (14 856 бірл.), Jetour (7 116 бірл.) және Jac (5 641 бірл.). Модельдер қатарында Chevrolet Cobalt (13 628 бірл.), Hyundai Tucson (11 849 бірл.), Kia Sportage (6 999 бірл.), Hyundai Elantra (4 905 бірл.) және Hyundai Mufasa (4 636 бірл.) басым.

logo
"Қазақстанның Автокөлік Одағы" заңды тұлғалар бірлестігі (ҚАО) – коммерциялық емес құрылым, 2023 жылғы 21 шілдеде Астана қаласында құрылған. Одаққа автоөндірушілер, автокомпоненттер өндірушілерінің, қоғамдық көліктердің, импорттаушылардың, дилерлердің, қолданылған автокөлік, автоэксперттер мен аудиторлардың (автомобиль жасау өнімінің сәйкестігін бағалау) қазақстандық қауымдастықтары бірікті
Біз туралы Шолулар және статистика Инфографика Жаңалықтар Байланыс
call +7 701 276 61 56 mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Алматы к-сі, 7, Seven БО, 201 кеңсе

2025 © kao.kz — Қазақстанның Автокөлік Одағы. Барлық құқықтар қорғалған.