Басқа жаңалықтар
ТАМЫЗДАҒЫ ЖАҢА АВТОМОБИЛЬДЕР САУДАСЫ

- Тамыздағы топ-5: Hyundai, Chevrolet, Kia, Changan және Toyota
«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) берген мәліметі бойынша 2025 жылдың тамызында Қазақстан аумағындағы ресми дилерлер 17 977 жаңа және коммерциялық көлік сатты, бұл былтырғы ұқсас кезеңге қарағанда 0,9% көп. Жалпы сегіз айда 143 011 автомобиль өткен, бұл өткен жылғы қаңтар мен тамыз аралығындағы нәтижеден 20% жоғары.
Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті: «Жаңа автомобильдер нарығы жалғасты өсіп келеді. Заманауи автомобильдер – жолдағы қауіпсіздіктің жоғары деңгейі, ауаға тарайтын зиян газдардың азаюы және жолаушылар мен жаяу жүргіншілер үшін жайлылық. Мемлекет пен қоғам автопарктің жаңаруын қажат етеді. Жалпы мақсат – ел тұрғындарының өмір сапасын жақсарту».
Жаздың соңғы айында Hyundai көш басына қайта оралды (3 595 бірл.; былтырғы тамызбен салыстырғанда -17,6%). Күміс жүлде Chevrolet (2 611 бірл.) еншісінде (+8,7%). Үшінші орындағы Kia брендінің 2 100 өнімі иесін тапты (+27,6%). Changan биыл екінші мәрте төртінші сатыға тұрақтаса (1 092 бірл.; +66%), Toyota соңғы жылдары алғаш рет бесінші қатарға жайғасты (1 038 бірл.; +2%). Одан кейін Jetour (928 бірл.; +3,8%) мен Geely (900 бірл.; -0,1%) тұр. Сегізінші орын 855 көлігі өткен Haval-ға бұйырды (-4,8%). Сонымен қатар тізімге Chery (840 бірл.; -31,7%) және Jac (815 бірл.; -21,3%) кірді. Аталған айда нарыққа жаңа шыққан BYD (438 бірл.) мен Skoda (323 бірл.) 11 және 12-орындарды өзара бөліскенін айта кеткен жөн.
Тамызда аса танымал болған модельдер рейтингінде өзгеріс жоқ. Ол әдеттегідей Chevrolet Cobalt (2 050 бірл.), Hyundai Tucson (1 243 бірл.), Kia Sportage (1 009 бірл.) модельдерінен басталды. Төртінші орын елдегі ең арзан седандардың бірі Changan Alsvin-ге (644 бірл.) бұйырды. Бесінші сатыға Hyundai Mufasa (633 бірл.) орналасты. Одан бөлек тізімге Hyundai Elantra (594 бірл.), Jac S3 (538 бірл.), Toyota Camry (481 бірл.), Chevrolet Onix (459 бірл.) және Haval M6 (446 бірл.) енді.
Сегіз ай қорытындысы бойынша брендтер арасында Hyundai (31 526 бірл.; +17%) алда келеді, екінші тұрған Chevrolet-нің көрсеткіші – 19 965 авто (+56,6%), үштікті 15 589 машинаның кілтін тапсырған Kia түйіндеді (+3,2%). Төртінші орындағы Jetour – ең көп өткен Қытай бренді, сегіз айда дилерлер 9 491 бірл. автомобиль жөнелтті (+62,9%). Бесінші сатыдағы Chery маркасының клиенттері 9 293 бірл. көлік алған (+0,6%). Haval тағы алтыншы қатардан көрінді (7 685 бірл.; +27,9%). Тізімде тағы Changan (7 001 бірл.; +26,4%), Geely (6 672 бірл.; +37,4%), Jac (6 653 бірл.; -9,6%) және Toyota (6 540 бірл.; +1,6%) бар.
ТОП-20: 2025 ЖЫЛҒЫ ТАМЫЗДАҒЫ ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ АВТОМОБИЛЬДЕР САУДАСЫ
|
|
ТАМЫЗ |
ҚАҢТАР-ТАМЫЗ |
||||
|
2024 |
2025 |
% |
2024 |
2025 |
% |
|
|
Hyundai |
4 362 |
3 595 |
-17,6% |
26 941 |
31 526 |
17,0% |
|
Chevrolet |
2 403 |
2 611 |
8,7% |
12 753 |
19 965 |
56,6% |
|
Kia |
1 646 |
2 100 |
27,6% |
15 105 |
15 589 |
3,2% |
|
Changan |
658 |
1 092 |
66,0% |
5 539 |
7 001 |
26,4% |
|
Toyota |
1 018 |
1 038 |
2,0% |
6 438 |
6 540 |
1,6% |
|
Jetour |
894 |
928 |
3,8% |
5 825 |
9 491 |
62,9% |
|
Geely |
901 |
900 |
-0,1% |
4 857 |
6 672 |
37,4% |
|
Haval |
898 |
855 |
-4,8% |
6 008 |
7 685 |
27,9% |
|
Chery |
1 229 |
840 |
-31,7% |
9 242 |
9 293 |
0,6% |
|
Jac |
1 035 |
815 |
-21,3% |
7 359 |
6 653 |
-9,6% |
|
BYD |
|
438 |
0,0% |
|
1 375 |
0,0% |
|
Skoda |
238 |
323 |
35,7% |
600 |
1 791 |
198,5% |
|
Lexus |
315 |
277 |
-12,1% |
2 276 |
1 792 |
-21,3% |
|
GAZ |
336 |
224 |
-33,3% |
2 747 |
2 338 |
-14,9% |
|
Lada |
117 |
193 |
65,0% |
551 |
1 822 |
230,7% |
|
Jac Trucks |
109 |
169 |
55,0% |
750 |
722 |
-3,7% |
|
Tank |
175 |
160 |
-8,6% |
1 325 |
1 513 |
14,2% |
|
Exeed |
79 |
140 |
77,2% |
1 163 |
1 112 |
-4,4% |
|
Omoda |
150 |
137 |
-8,7% |
1 362 |
1 104 |
-18,9% |
|
KAMAZ |
123 |
117 |
-4,9% |
638 |
835 |
30,9% |
|
Басқалар |
1 130 |
1 025 |
-9,3% |
7 658 |
8 192 |
7,0% |
|
Жалпы нәтиже |
17 816 |
17 977 |
0,9% |
119 137 |
143 011 |
20,0% |