Астана қ., Алматы к-сі, 7, Seven БО, 503 кеңсе
+7 701 276 61 56 info@kao.kz
logo
Біз туралы
Одақ туралы Одақ жарғысы Құрылым Одаққа қосылыңыз
Шолулар және статистика
Инфографика
Жаңалықтар
Байланыс
RU KZ EN
call +7 701 276 61 56
mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Қонаев көш., 12/1, 14 қабат
Instagram
RU KZ EN

Басқа жаңалықтар

26 тамыз
ҚР АВТОӨНЕРКӘСІБІ: 2026 ЖЫЛҒЫ ЖЕТІ АЙ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

22 қыркүйек
ҚР АВТОӨНЕРКӘСІБІ: 2026 ЖЫЛҒЫ СЕГІЗ АЙ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

ТАМЫЗДА ЖАҢА АВТОКӨЛІКТЕР САУДАСЫ 6,3% ПАЙЫЗ ӨСТІ

14 қыркүйек

● Тамыздағы топ-5: Hyundai, Chevrolet, Changan, Kia және Chery

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) дерегінше 2026 жылы тамызда ресми дилерлер 19 104 бірл. жаңа жеңіл және коммерциялық автокөлік сатты, бұл былтырғы тамызбен салыстырғанда 6,3% көп (17 964 бірл.). Қаңтар-тамыз қорытындысы бойынша жаңа автокөліктер саудасы  146 372 бірлікке жетіп, 2025 жылғы ұқсас кезеңдегіден 2,3% (143 096 бірл.) асты.

Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті: «Қазақстандағы сауда мен өндірістің оң динамикасына қарамастан, елдің автокөлік паркін жаңартуға арналған негізгі факторлардың бірі автокөлік алу үшін қаржыландырудың қолжетімдігі болып отыр. Автонесие мөлшерлемесінің өсуі сатып алушыларға түсетін жүктемені ұлғайтады және сұранысты тежейді. Сондықтан қазір жаңа автокөлік алудың қолжетімді қаржылық құралдарын дамыту аса маңызды. Дәстүрлі автонесиеден бөлек, бұл өндірушілер мен дилерлер ұсынған бағдарламалар, trade-in, лизинг және қазақстандықтардың ескі автокөлігін жаңасына не анағұрлым жаңасына айырбастауға көмектесетін басқа да шешімдер».

2026 жылғы тамызда Hyundai дилерлері 3 604 автокөлік сатты, бұл алдыңғы ұқсас кезеңдегіден 1,3% көп. Екінші орында 2 764 автокөлік нәтижесімен Chevrolet тұр (+5,9%). Үшінші сатыға саудасы екі еседен аса – 2 217 автокөлікке дейін өскен Changan орналасты (103,2%). Төртінші орынды алған Kia – 1 556 автокөлік (-25,9%). Алғашқы бестікті Chery түйіндеді – 1 129 автокөлік (+34,4%). Әрі қарай тізімде Toyota (1 121 бірл.; +8,0%), Haval (897 бірл.; +4,9%), Jetour (865 бірл.; -6,8%), Geely (815 бірл.; -9,4%) және BYD (620 бірл.; +41,6%) бар.

Модельдер арасында бестселлерлер үштігі шілдедегідей: Chevrolet Cobalt – 2 603 автокөлік, Hyundai Tucson (1 643 бірл.) және Changan CS35 MAX (1 186 бірл.). Төртінші орынға Hyundai Mufasa көтерілді – 708 автокөлік, ал алғашқы бестікті Hyundai Elantra седаны түйіндеді – 651 автокөлік. Ондыққа тағы мына модельдер кірді: Kia Sportage (646 бірл.), Haval Jolion (588 бірл.), Toyota Camry (583 бірл.), Changan CS55 Plus (453 бірл.) және Kia Cerato (350 бірл.).

Сегіз ай қорытындысы бойынша бірінші орынды 24 563 автокөлік нәтижесімен Hyundai  алды. (-21,8%). Екінші орын Chevrolet-ге бұйырды – 23 205 автокөлік (+16,2%). Үшінші орынға 16 380 автокөлігі өткен  Kia орналасты (+5,1%). Төртінші орында Changan тұр – 14 144 бірл. автокөлік (+102,1%). Көшбасшылар бестігін Chery түйіндеді – 10 815 автокөлік (+16,4%). Содан кейін тізімге Haval (8 487 бірл.; +10,5%), Jetour (7 768 бірл.; -18,2%), JAC (6 326 бірл.; -4,9%), Toyota (6 137 бірл.; -6,2%) және Geely (4 609 бірл.; -30,9%) кірді.

 ТОП-20: 2026 ЖЫЛҒЫ ТАМЫЗДАҒЫ ЖАҢА ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ АВТОКӨЛІКТЕР САУДАСЫ

 

ТАМЫЗ

ҚАҢТАР-ТАМЫЗ

2025

2026

%

2025

2026

%

Hyundai

3 556

3 604

1,3%

31 401

24 563

-21,8%

Chevrolet

2 611

2 764

5,9%

19 965

23 205

16,2%

Changan

1 091

2 217

103,2%

7 000

14 144

102,1%

Kia

2 100

1 556

-25,9%

15 589

16 380

5,1%

Chery

840

1 129

34,4%

9 294

10 815

16,4%

Toyota

1 038

1 121

8,0%

6 540

6 137

-6,2%

Haval

855

897

4,9%

7 683

8 487

10,5%

Jetour

928

865

-6,8%

9 491

7 768

-18,2%

Geely

900

815

-9,4%

6 672

4 609

-30,9%

BYD

438

620

41,6%

1 375

3 208

133,3%

JAC

815

587

-28,0%

6 653

6 326

-4,9%

GAZ

224

335

49,6%

2 338

2 089

-10,7%

Geely Galaxy

 

327

0,0%

 

2 329

0,0%

Soueast

 

275

0,0%

 

945

0,0%

Li

 

159

0,0%

 

888

0,0%

Tank

160

144

-10,0%

1 513

1 228

-18,8%

MG

61

142

132,8%

406

1 033

154,4%

JAC Trucks

169

134

-20,7%

722

1 000

38,5%

Subaru

84

131

56,0%

801

449

-43,9%

Lexus

277

125

-54,9%

1 792

776

-56,7%

Басқалар

1 817

1 157

-36,3%

13 861

9 993

-27,9%

Жалпы нәтиже

17 964

19 104

6,3%

143 096

146 372

2,3%

logo
"Қазақстанның Автокөлік Одағы" заңды тұлғалар бірлестігі (ҚАО) – коммерциялық емес құрылым, 2023 жылғы 21 шілдеде Астана қаласында құрылған. Одаққа автоөндірушілер, автокомпоненттер өндірушілерінің, қоғамдық көліктердің, импорттаушылардың, дилерлердің, қолданылған автокөлік, автоэксперттер мен аудиторлардың (автомобиль жасау өнімінің сәйкестігін бағалау) қазақстандық қауымдастықтары бірікті
Біз туралы Шолулар және статистика Инфографика Жаңалықтар Байланыс
call +7 701 276 61 56 mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Алматы к-сі, 7, Seven БО, 503 кеңсе

2026 © kao.kz — Қазақстанның Автокөлік Одағы. Барлық құқықтар қорғалған.
Youtube