Астана қ., Алматы к-сі, 7, Seven БО, 503 кеңсе
+7 701 276 61 56 info@kao.kz
logo
Біз туралы
Одақ туралы Одақ жарғысы Құрылым Одаққа қосылыңыз
Шолулар және статистика
Инфографика
Жаңалықтар
Байланыс
RU KZ EN
call +7 701 276 61 56
mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Қонаев көш., 12/1, 14 қабат
Instagram
RU KZ EN

Басқа жаңалықтар

28 қыркүйек
ҚАЗАҚСТАНДА ҚУАТТАЛАТЫН ГИБРИДКЕ СҰРАНЫС ТӨРТ ЕСЕ АРТТЫ

21 қазан
ҚЫРКҮЙЕКТЕ ЖАҢА АВТОКӨЛІКТЕР САУДАСЫ 5,2% ӨСТІ

ҚР АВТОӨНЕРКӘСІБІ: ТОҒЫЗ АЙДА ӨНДІРІС КӨЛЕМІ 34,2% ӨСТІ

07 қазан

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) алдын ала деректері бойынша 2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте Қазақстанда 146 541 бірлік автокөлік техникасы жасалды. Бұл былтырғы ұқсас кезеңдегіден (109 223 бірл.) 34,2% көп. Қыркүйекте қазақстандық кәсіпорындар 20 215 бірлік техника шығарды, бұл 2025 жылғы қыркүйекке (13 021 бірл.) қарағанда 55,2%, биылғы тамызбен (15 267 бірл.) салыстырғанда 32,4% артық.

Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті: «Тоғыз ай қорытындысы бойынша Қазақстандағы автоөнеркәсіп жоғары даму қарқынын сақтап тұр. Сала инвестицияға қолайлы: өндірушілер Қазақстандағы орнын нығайтып, жаңа жобаларын жүзеге асырып жатыр. Олардың арасында Алматыда OMODA және JAECOO автокөліктерін өндіру жобалары және Қостанайда Li Auto автокөліктерін шығаруға дайындық бар. Күзде локализацияны дамыту бойынша көптеген келісімге қол қойылды. Технологиялық операцияларды тереңдету мен ел ішінде автокомпоненттер өндірісін кеңейту автоөнеркәсіптің Қазақстан экономикасына қосатын үлесін мығым етеді әрі арттырады».

Тоғыз ай қорытындысы бойынша Қостанайдағы Allur («СарыарқаАвтоПром») зауыты 56 130 бірлік техника шығарды. Алматыдағы Astana Motors Manufacturing Kazakhstan Changan, Chery және Haval брендтерінің 40 245 автокөлігін құрастырды. Hyundai Trans Kazakhstan кәсіпорны – 27 305, Kia Qazaqstan зауыты 13 782 автокөлік өндірді.

Одан бөлек, тоғыз айда «СемАЗ» –  2 293 бірл., QazTehna – 2 014 бірл., Hyundai Trans Auto – 998 бірл., «КАМАЗ-Инжиниринг» – 804 бірл., Orbis Machinery – 433 бірл., Daewoo Bus Kazakhstan – 379 бірл., «Уральскагрореммаш» 158 бірл. техника жасады.

Анағұрлым көп шыққан брендтер ондығына Chevrolet (29 555 бірл.), Hyundai (27 275 бірл.), Kia (17 712 бірл.), Changan (15 148 бірл.), Chery (12 593 бірл.), Haval (10 955 бірл.), Jetour (6 907 бірл.), JAC (4 753 бірл.), Geely Galaxy (3 378 бірл.) және MG (2 497 бірл.) кірді.

Модельдер қатарында Chevrolet Cobalt (27 659 бірл.), Hyundai Tucson (10 522 бірл.), Kia Sportage (7 139 бірл.), Hyundai Mufasa (6 743 бірл.) және Changan CS35 Max (5 296 бірл.) көшбасшы болды.

logo
"Қазақстанның Автокөлік Одағы" заңды тұлғалар бірлестігі (ҚАО) – коммерциялық емес құрылым, 2023 жылғы 21 шілдеде Астана қаласында құрылған. Одаққа автоөндірушілер, автокомпоненттер өндірушілерінің, қоғамдық көліктердің, импорттаушылардың, дилерлердің, қолданылған автокөлік, автоэксперттер мен аудиторлардың (автомобиль жасау өнімінің сәйкестігін бағалау) қазақстандық қауымдастықтары бірікті
Біз туралы Шолулар және статистика Инфографика Жаңалықтар Байланыс
call +7 701 276 61 56 mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Алматы к-сі, 7, Seven БО, 503 кеңсе

2026 © kao.kz — Қазақстанның Автокөлік Одағы. Барлық құқықтар қорғалған.
Youtube