Басқа жаңалықтар
ҚАЗАҚСТАНДА ҚУАТТАЛАТЫН ГИБРИДКЕ СҰРАНЫС ТӨРТ ЕСЕ АРТТЫ

● Қазақстандықтар электромобильді белсенді ала бастады.
«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) дерегінше 2026 жылғы қаңтар-тамызда ресми дилерлер NEV (New Energy Vehicles) сегментті 6 003 жеңіл автокөлік сатты. Бұл былтырғы ұқсас кезеңдегіден (1 953 бірл.) 207,4% артық.
Негізгі сауда көлемін қуатталатын гибридтер (PHEV) мен жүріс қоры артқан автокөліктер (EREV) құраған: 4 351 автокөлік немесе жалпы NEV сегментінің 72,5%-ы. Бұл сегменттегі электромобильдер есептік кезеңде төрт еседен аса өсім көрсеткен (1 008-ден 4 351 бірлікке дейін). Толықтай электрлі автокөліктердің (BEV) саудасы 2025 жылғы салыстырғанда 74,8% артты (945-тен 1 652 бірлікке дейін).
Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті: «Сегіз айда Қазақстанда NEV сегментіндегі автокөлік саудасы алты мың бірліктен асты. Сатып алушылар көбіне күнделікті сапарға жарайтын электромобильдерді қарайды, бірақ алыс жолға шыққанда көлік құралын қалай пайдаланатынын ескереді. Сондықтан көбі қазір қуатталатын гибридтер мен жүріс қоры ұлғайған модельдерді сұрайды».
NEV нарығының көшбасшысы BYD: сегіз айда дилерлер брендтің 3 208 автокөлігін сатқан. 2026 жылдың тамызында BYD алғаш рет елдегі ең көп өтетін ТОП-10 тізіміне кірді. Екінші орынды Geely Galaxy – (1 244 бірл.), үшінші орынды Li (888 бірл.) алды. Бестікке тағы Zeekr (214 бірл.) мен ROX (131 бірл.) кірді.
Қазақстандықтар арасында Geely Galaxy EX5 EM-i (1 205 бірл.) және BYD Song Plus DM-i (1 196 бірл.) қосылатын гибридтеріне сұраныс жоғары болды. Содан кейін электрлі BYD Song Plus EV (576 бірл.), BYD Chazor қосылатын гибриді (572 бірл.), электрлі BYD Yuan Up (555 бірл.), Li L6 (504 бірл.), Li L7 (257 бірл.), BYD Sealion 7 (137 бірл.), ROX 01 (131 бірл.) және Li L9 (126 бірл.) тұр.
Сонымен қатар сегіз айда ресми дилерлер классикалық гибрид күштік құрылымы (HEV) бар 1 284 автокөлік өткізген, бір жыл бұрын 1 209 бірлік көлік сатыпты. Көшбасшы – Toyota (1 208 бірл.), одан соң Lexus (63 бірл.) пен Porsche (13 бірл.) орналасты.
PHEV (Plug-in Hybrid Electric Vehicle) – іштен жанатын қозғалтқыш пен батареяны сыртқы розетка не қуаттау станциясы арқылы қуаттау мүмкіндігіне ие электромоторды үйлестіретін қосылатын гибрид автокөлік.
EREV (Electric Range Extended Vehicle) – дөңгелекті электромотор ғана айналдыратын, ал бензинді қозғалтқыш тек батареяны қуаттайтын генератор қызметін атқаратын, жүріс қоры ұлғайған электромобиль.
BEV (Battery Electric Vehicle) – тек аккумуляторлы батареяның энергиясымен жұмыс істейтін және іштен жанатын қозғалтқышы жоқ толықтай электрлі автокөлік.
HEV (Hybrid Electric Vehicle) – әдеттегі іштен жанатын қозғалтқыш (бензинді немесе дизельді) пен шағын батареялы электромоторды біріктіретін классикалық гибрид автокөлік.