Астана қ., Алматы к-сі, 7, Seven БО, 503 кеңсе
+7 701 276 61 56 info@kao.kz
logo
Біз туралы
Одақ туралы Одақ жарғысы Құрылым Одаққа қосылыңыз
Шолулар және статистика
Инфографика
Жаңалықтар
Байланыс
RU KZ EN
call +7 701 276 61 56
mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Қонаев көш., 12/1, 14 қабат
Instagram
RU KZ EN

Басқа жаңалықтар

14 қыркүйек
ТАМЫЗДА ЖАҢА АВТОКӨЛІКТЕР САУДАСЫ 6,3% ПАЙЫЗ ӨСТІ

28 қыркүйек
ҚАЗАҚСТАНДА ҚУАТТАЛАТЫН ГИБРИДКЕ СҰРАНЫС ТӨРТ ЕСЕ АРТТЫ

ҚР АВТОӨНЕРКӘСІБІ: 2026 ЖЫЛҒЫ СЕГІЗ АЙ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

22 қыркүйек

•  Қаңтар-тамыз қорытындысы бойынша автокөлік өндірісі 31,2% өсті.

ҚР Ұлттық статистика бюросының дерегінше 2026 жылғы қаңтар-тамызда Қазақстандағы кәсіпорындар 126 382 бірл. автокөлік пен басқа да техника өндірді, бұл былтырғы ұқсас кезеңдегі нәтижеден (96 336 бірл.)  31,2% көп.

Елдегі машинажасау құрылымындағы автокөлік жасау үлесі 39,3%-ды құрады. 2026 жылдың тамызында Қазақстанда 15 267 бірл. автокөлік пен басқа техника жасалды, бұл былтырғы тамыздағыдан (12 959 бірл.) 17,8% артық. Шілдемен салыстырғанда өндіріс көлемі 1,6% өсті.

Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті: «Сегіз ай қорытындысы бойынша қазақстандық автоөнеркәсіп жоғары өсім қарқынын сақтап тұр. Саланың негізгі міндеті – көлемді ұлғайтып қана қоймай, локализацияны тереңдету үшін технологиялық әлеуетті дамыту. Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның автокөлік өндірісін дамыту мен компоненттер шығару туралы жаңа келісімі келесі кезеңге – ел ішінде тұрақты жеткізушілер тізбегін құруға өткенін көрсетеді».

Тамызда 14 300 жеңіл автокөлік (+20,4%), 520 жүк автокөлігі (+1,8%), 107 автобус (-52,2%), 20 бірлік арнайы және мамандандырылған техника (-54,5%), сонымен қатар 320 тіркеме мен жартылай тіркеме (+5,3%) жасалды.

Биылғы сегіз айда Қазақстандағы кәсіпорындар 117 170 жеңіл автокөлік (+34,2%); 4 529 жүк автокөлігін (-1,5%); 1 719 автобус (+8,5%); 614 бірлік арнайы және мамандандырылған техника (+19,9%); 2 350 тіркеме мен жартылай тіркеме (-0,3%) шығарды.

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) дерегінше қаңтар-тамыз қорытындысы бойынша Қостанайдағы Allur («СарыарқаАвтоПром») 47 619 автокөлік құрастырған. Алматыдағы Astana Motors Manufacturing Kazakhstan 33 102 автокөлік өндірді. Hyundai Trans Kazakhstan кәсіпорны – 25 066 автокөлік, Kia Qazaqstan 12 290 автокөлік жасады.

Коммерциялық техника мен мамандандырылған техника өндірушілері арасында СемАЗ 2 050 бірлік техника, QazTehna – 1 867 бірл., Hyundai Trans Almaty – 837 бірл., КАМАЗ - Инжиниринг 714 бірл. техника шығарды. Сондай-ақ Orbis Machinery (425 бірл.), Daewoo Bus Kazakhstan (363 бірл.) және «Уральскагрореммаш» АҚ (143 бірл.) техника өндірді.

2026 жылғы қаңтар-тамызда көптеп шыққан автокөліктер: Hyundai (25 036 бірл.), Chevrolet (25 020 бірл.), Kia (15 655 бірл.), Changan (12 403 бірл.), Chery (10 157 бірл.), Haval (9 168 бірл.), Jetour (5 689 бірл.), JAC (4 347 бірл.), Geely Galaxy (3 378 бірл.) және MG (1 831 бірл.).

logo
"Қазақстанның Автокөлік Одағы" заңды тұлғалар бірлестігі (ҚАО) – коммерциялық емес құрылым, 2023 жылғы 21 шілдеде Астана қаласында құрылған. Одаққа автоөндірушілер, автокомпоненттер өндірушілерінің, қоғамдық көліктердің, импорттаушылардың, дилерлердің, қолданылған автокөлік, автоэксперттер мен аудиторлардың (автомобиль жасау өнімінің сәйкестігін бағалау) қазақстандық қауымдастықтары бірікті
Біз туралы Шолулар және статистика Инфографика Жаңалықтар Байланыс
call +7 701 276 61 56 mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Алматы к-сі, 7, Seven БО, 503 кеңсе

2026 © kao.kz — Қазақстанның Автокөлік Одағы. Барлық құқықтар қорғалған.
Youtube