Басқа жаңалықтар
ҚАЗАНДА ҚАЗАҚСТАНДА 22 МЫҢҒА ЖАҢА АВТОКӨЛІК САТЫЛДЫ

● Сауда былтырғы қазанмен салыстырғанда 8,5%, қыркүйекке қарағанда 13,1% өсті.
«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) дерегінше 2026 жылы қазанда ресми дилерлер 21 912 жаңа жеңіл және коммерциялық автокөлік сатты. Бұл жыл басынан бергі ең жоғары нәтиже: сауда 2025 жылғы қазандағыдан 8,5% (20 199 бірл.) және биылғы қыркүйектегіден 13,1% (19 370 бірл.) артты. Қаңтар-қазан қорытындысы бойынша 187 698 автокөлік өтті, бұл былтырғы ұқсас кезеңмен (181 648 бірл.) салыстырғанда 3,3% көп.
Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті: «Қазақстанның автонарығында бәсеке жоғары, бұл бизнестің өсуіне түрткі болып, тұтынушылар үшін ұсыныс ассортиментін кеңейтеді. Нарық көшбасшыларын анықтауда дәстүрлі түрде қараша-желтоқсан шешуші рөл атқарады, жыл аяғына қарай сауда көрсеткіштері мерекелік науқандарға байланысты кәдімгідей артады».
2026 жылғы қазан қорытындысы бойынша бірінші орынды 4 174 автокөлігі өткен Chevrolet алды (2025 жылғы қазанмен салыстырғанда +49%). Екінші орында Hyundai (3 200; -24,4%), үшінші қатарда Kia тұр – 2 350 автокөлік (+23,6%). Төртінші орынды 1 923 автокөлік сатқан Changan алды (+31,5%), бесінші орынға 1 656 автокөлік нәтижесімен Chery тұрақтады (+40%). Сонымен қатар тізімде Haval (1 242 бірл.; +21,2%), Toyota (1 085 бірл.; -4,7%), Jetour (893 бірл.; -30,4%), Geely Galaxy (773 бірл.) және Geely (626 бірл.; -4,6%) бар.
Модельдер рейтингінде алғашқы үш орынға Chevrolet Cobalt (3 928 бірл.), Hyundai Mufasa (1 446 бірл.) және Kia Sportage (896 бірл.) жайғасты. Төртінші қатарда Hyundai Tucson (864 бірл.) тұр, бестікті Changan CS55 Plus (753 бірл.) түйіндеді. Тізімге тағы Kia Cerato (610 бірл.), Changan CS75 Plus (513 бірл.), Chery Tiggo 7 (507 бірл.), Haval Jolion (504 бірл.) және Chery Tiggo 2 (495 бірл.) енді.
Он ай қорытындысы бойынша бірінші орын иегері – 30 697 автокөлік сатқан Hyundai (2025 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда -22,9%). Chevrolet 30 446 автокөлік нәтижесімен екінші орын алды (+18,4%). Үшінші тұрған Kia-ның көрсеткіші – 21 314 автокөлік (+9,4%). Төртінші орындағы Changan-ның 17 568 автокөлігі өтті (+92,6%). Бестікті Chery түйіндеді – 13 650 (+19,8%). Одан кейін Haval (10 898 бірл.; +16,8%), Jetour (9 561 бірл.; -18,2%), Toyota (8 372 бірл.; -5,1%), JAC (7 266 бірл.; -11,3%) және Geely (5 871 бірл.; -28,3%) тұр.
ТОП-20: 2026 ЖЫЛҒЫ ҚАЗАНДАҒЫ ЖАҢА ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ АВТОКӨЛІКТЕР САУДАСЫ
|
|
ҚАЗАН |
ҚАҢТАР- ҚАЗАН |
||||
|
2025 |
2026 |
% |
2025 |
2026 |
% |
|
|
Chevrolet |
2 802 |
4 174 |
49,0% |
25 709 |
30 446 |
18,4% |
|
Hyundai |
4 235 |
3 200 |
-24,4% |
39 797 |
30 697 |
-22,9% |
|
Kia |
1 901 |
2 350 |
23,6% |
19 491 |
21 314 |
9,4% |
|
Changan |
1 462 |
1 923 |
31,5% |
9 123 |
17 568 |
92,6% |
|
Chery |
1 183 |
1 656 |
40,0% |
11 396 |
13 650 |
19,8% |
|
Haval |
1 025 |
1 242 |
21,2% |
9 328 |
10 898 |
16,8% |
|
Toyota |
1 138 |
1 085 |
-4,7% |
8 823 |
8 372 |
-5,1% |
|
Jetour |
1 283 |
893 |
-30,4% |
11 686 |
9 561 |
-18,2% |
|
Geely Galaxy |
|
773 |
NEW |
|
3 535 |
NEW |
|
Geely |
656 |
626 |
-4,6% |
8 192 |
5 871 |
-28,3% |
|
BYD |
529 |
621 |
17,4% |
2 327 |
4 389 |
88,6% |
|
JAC |
808 |
495 |
-38,7% |
8 190 |
7 266 |
-11,3% |
|
MG |
72 |
312 |
333,3% |
528 |
1 588 |
200,8% |
|
Lexus |
309 |
298 |
-3,6% |
2 391 |
1 323 |
-44,7% |
|
GAZ |
260 |
290 |
11,5% |
2 908 |
2 719 |
-6,5% |
|
Tank |
223 |
185 |
-17,0% |
1 874 |
1 598 |
-14,7% |
|
Skoda |
244 |
159 |
-34,8% |
2 400 |
756 |
-68,5% |
|
Soueast |
|
157 |
NEW |
|
1 276 |
NEW |
|
Yutong |
197 |
139 |
-29,4% |
1 009 |
1 150 |
14,0% |
|
Lada |
274 |
114 |
-58,4% |
2 303 |
1 527 |
-33,7% |
|
Басқалар |
1 598 |
1 220 |
-23,7% |
14 173 |
12 194 |
-14,0% |
|
Жалпы нәтиже |
20 199 |
21 912 |
8,5% |
181 648 |
187 698 |
3,3% |