Астана қ., Алматы к-сі, 7, Seven БО, 503 кеңсе
+7 701 276 61 56 info@kao.kz
logo
Біз туралы
Одақ туралы Одақ жарғысы Құрылым Одаққа қосылыңыз
Шолулар және статистика
Инфографика
Жаңалықтар
Байланыс
RU KZ EN
call +7 701 276 61 56
mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Қонаев көш., 12/1, 14 қабат
Instagram
RU KZ EN

Басқа жаңалықтар

17 қараша
ҚАЗАНДА ҚАЗАҚСТАНДА 22 МЫҢҒА ЖАҢА АВТОКӨЛІК САТЫЛДЫ

ҚР АВТОӨНЕРКӘСІБІ: ОН АЙДА ӨНДІРІС КӨЛЕМІ 34,6% ӨСТІ

24 қараша

ҚР Ұлттық статистика бюросының дерегінше 2026 жылғы қаңтар-қазанда Қазақстанда 166 590 бірлік автокөлік техникасы жасалды. Бұл былтырғы ұқсас кезеңмен (123 769 бірл.) салыстырғанда 34,6% артық. Қазанда елдегі кәсіпорындар 19 795 бірлік техника шығарды, бұл 2025 жылғы қазандағыдан (14 396 бірл.) 37,5% көп, бірақ биылғы қыркүйектегіден (20 412 бірл.) 3% аз.

Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті: «Қазақстан автоөнеркәсібі жоғары өсім қарқынын сақтап отыр. 2026 жылғы он айда өндіріс көлемі үштен бірден астамға артты, ал автомобильжасау үлесі 39%-ға жетті. Қазір автокөлікті көптеп шығару ғана емес, саланың өндірістік базасын мықтау да маңызды. Автоөнеркәсіптің әрі қарай дамуы тікелей локализацияны тереңдетіп, автокомпонент өндірісі мен өнеркәсіптік кооперацияны кеңейтуге байланысты».

Он ай қорытындысы бойынша Allur («СарыарқаАвтоПром») зауыты 64 310 бірлік техника шығарды. Алматыдағы Astana Motors Manufacturing Kazakhstan 47 464 автокөлік өндірді. Hyundai Trans Kazakhstan кәсіпорны – 29 191, Kia Qazaqstan 15 227 автокөлік құрастырды.

Одан бөлек, он айда СемАЗ» – 2 516 бірл., QazTehna – 2 229 бірл., Hyundai Trans Auto – 1 129 бірл., «КАМАЗ-Инжиниринг» – 871 бірл., Orbis Machinery – 457 бірл., Daewoo Bus Kazakhstan – 426 бірл., «Уральскагрореммаш» – 165 бірл. техника жасады.

2026 жылғы он айда Қазақстандағы кәсіпорындар 155 266 жеңіл автокөлік (+38,7%); 2 158 автобус (+5,3%); 5 482 жүк автокөлігі (-11,1%); 704 бірлік арнайы және мамандандырылған техника (+15,4%); сонымен қатар 2 980 тіркеме мен жартылай тіркеме шығарды.

Модельдер қатарында Chevrolet Cobalt (31 629 бірл.), Hyundai Tucson (11 239 бірл.), Kia Sportage (7 922 бірл.), Hyundai Mufasa (7 526 бірл.) және Changan CS35 Max (5 655 бірл.) көш басында келеді.

logo
"Қазақстанның Автокөлік Одағы" заңды тұлғалар бірлестігі (ҚАО) – коммерциялық емес құрылым, 2023 жылғы 21 шілдеде Астана қаласында құрылған. Одаққа автоөндірушілер, автокомпоненттер өндірушілерінің, қоғамдық көліктердің, импорттаушылардың, дилерлердің, қолданылған автокөлік, автоэксперттер мен аудиторлардың (автомобиль жасау өнімінің сәйкестігін бағалау) қазақстандық қауымдастықтары бірікті
Біз туралы Шолулар және статистика Инфографика Жаңалықтар Байланыс
call +7 701 276 61 56 mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Алматы к-сі, 7, Seven БО, 503 кеңсе

2026 © kao.kz — Қазақстанның Автокөлік Одағы. Барлық құқықтар қорғалған.
Youtube