Астана қ., Алматы к-сі, 7, seven БО, 201 кеңсе
+7 701 276 61 56 info@kao.kz
logo logo
Біз туралы
Одақ туралы Одақ жарғысы Құрылым Одаққа қосылыңыз Жарнамалар
Шолулар және статистика
Инфографика
Жаңалықтар
Байланыс
RU KZ EN
call +7 701 276 61 56
mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Қонаев көш., 12/1, 14 қабат
Instagram
RU KZ EN

Другие новости

24 маусым 2024
2024 ЖЫЛДЫҢ МАМЫРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҢА АВТОМОБИЛЬДЕР САУДАСЫ

25 шілде 2024
ҚР АВТОӨНЕРКӘСІБІ: 2024 ЖЫЛДЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

2024 ЖЫЛДЫҢ I-ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢА АВТОМОБИЛЬДЕР САУДАСЫ

17 шілде 2024
  • Маусымдағы үздік-5: Hyundai, Kia, Chevrolet, Chery және Toyota 

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) берген мәлімет бойынша маусымда жаңа автомобильдер саудасы мамыр айымен салыстырғанда 30,2% өсіп, 16 688 жеңіл көліктер мен коммерциялық техникалар сатылған. Барлығы алты айда 83 145 автомобиль сатылды, бұл 2023 жылдың бірінші жартыжылдығының көрсеткішінен 0,1% төмен (83 220 бірл.).

Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті: «Жаңа автомобильдер саудасы өткен жылмен шамалас деңгейде, алайда “сұр” каналдар арқылы тексерістен, сертификаттаудан өтпей-ақ, бақылаусыз көлік жеткізу елдің экономикалық тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, тұтынушылар да қиындыққа тап болуы мүмкін. “Сұр” импорт алақол сатушыларды қолдан құжат жасап, міндетті төлемдер мен салықтан жалтаруға ынталандырады. Автомобиль аларда оның бүкіл салығы төленгеніне және заң тұрғысынан тазалығына көз жеткізіңіздер».

Маусым айында ең көп сатылған үздік -10 автомобильдердің арасында бұрынғыдай Hyundai (3 522 бірл.; былтырғы маусыммен салыстырғанда -16,6%) бірінші тұр. Екінші орынға Kia моделі 2 979 автокөліктерімен ие болды (+19,1%). Chevrolet үшінші қатарға тұрақтады – 1 815 бірл. (-55,1%). Төртінші сатыға қайта көтерілген Chery дилерлері 1 239 машинаның кілтін тапсырған (+39,2%). Бесінші орынға бұл жолы 1 130 автомобилі иесін тапқан Toyota шықты (+125,1%). Одан кейін тізімде Jac (1 128 бірл.; +39,6%), Haval (674 бірл.; +11,2%), Jetour (662 бірл.; +549%), Geely (628 бірл.; +127,5%), және Changan (518 бірл.; -29,5%) тұр.

Маусымда аса танымал болған модельдер тізімінде тағы Hyundai Tucson (1 884) көш бастады. Екінші орын Chevrolet Cobalt-қа (1 440 бірл.) бұйырса, үздік үштікті жаңарған Kia Sorento (904 бірл.) түйіндеді. Kia Sportage (867 кроссовер) төртінші қатарға жайғасса, Chery Tiggo 2 (541 бірл.) бесінші сатыдан көрінді. Сонымен қатар тізімде су жаңа Hyundai Santa Fe (472 бірл.), Kia Ceed (434 бірл.), Toyota Hilux (419 бірл.), Hyundai Elantra (354 бірл.) және Kia Cerato (341 бірл.) бар.

Алты айдың қорытындысы бойынша брендтер қатарында Hyundai (18 282 бірл.; -15,3%) ешкімге дес бермей келеді, 11 520 автомобиль сатқан Kia екінші жүлдені иеленді (-6,9%). Үшінші тұрған Chevrolet-нің 7 974 моделі өтті (-63,2%). Chery дилерлері 6 667 кроссовер мен седан саудаласа (+56,4%), Jac брендінің 5 150 бірл. өнімі иесін тапты (+121,9%). Toyota (4 514 бірл.; +22,3%) алтыншы сатыны қанағат тұтты. Жетінші орын – Changan (4 214 бірл.; +78,1%), сегізінші орын Haval (4 170 бірл.; +55,1%) еншісінде. Jetour (3 888 бірл.) мен Geely (3 255 бірл.; +178%) 2024 жылдың I жартыжылдығында көліктері көптеп өткен 10 марка тізімін түйіндеді.

ҮЗДІК-20: 2024 ЖЫЛҒЫ МАУСЫМДАҒЫ ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ АВТОМОБИЛЬДЕРДІҢ САУДАСЫ

  МАУСЫМ ҚАҢТАР-МАУСЫМ
2023 2024 % 2023 2024 %
Hyundai 4 221 3 522 -16,6% 21 579 18 282 -15,3%
Kia 2 502 2 979 19,1% 12 368 11 520 -6,9%
Chevrolet 4 042 1 815 -55,1% 21 678 7 974 -63,2%
Chery 890 1 239 39,2% 4 264 6 667 56,4%
Toyota 502 1 130 125,1% 3 690 4 514 22,3%
Jac 808 1 128 39,6% 2 321 5 150 121,9%
Haval 606 674 11,2% 2 689 4 170 55,1%
Jetour 102 662 549,0% 129 3 888 2914,0%
Geely 276 628 127,5% 1 171 3 255 178,0%
Changan 735 518 -29,5% 2 366 4 214 78,1%
GAZ 302 376 24,5% 1 500 2 026 35,1%
Lexus 306 247 -19,3% 1 764 1 694 -4,0%
Omoda   195 NEW   1 041 0,0%
Tank 66 154 133,3% 91 958 952,7%
Exeed 275 153 -44,4% 2 021 911 -54,9%
Yutong 47 137 191,5% 399 604 51,4%
Jac Trucks 75 100 33,3% 433 482 11,3%
Jaecoo   85 NEW   286 NEW
Zeekr   83 NEW   465 NEW
Kamaz 84 77 -8,3% 348 356 2,3%
Басқалар 992 786 -20,8% 4 409 4 688 6,3%
Жалпы нәтиже 16 831 16 688 -0,8% 83 220 83 145 -0,1%

Анықтама:

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) – «Казахстанский Автомобильный Союз» заңды тұлғалар бірлестігі – 2023 жылдың 21 шілдесінде Астанада құрылған коммерциялық емес құрылым.

ҚАО құрамына Қазақстанның автоөндірушілер қауымдастығы; Қазақстанның автокомпонент өндірушілері қауымдастығы; Қазақстанның дилерлер қауымдастығы; Қазақстанның жүрген автомобильдерді сату бойынша қауымдастығы; Қазақстанның автосарапшылар және аудиторлар қауымдастығы (автомобильжасау өнімдерінің сәйкестігін бағалау) кірді.

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» баспасөз қызметі
E-mail: press@kao.kz
+7 701 770 0257 Дина Букенбаева

logo
"Қазақстанның Автокөлік Одағы" заңды тұлғалар бірлестігі (ҚАО) – коммерциялық емес құрылым, 2023 жылғы 21 шілдеде Астана қаласында құрылған. Одаққа автоөндірушілер, автокомпоненттер өндірушілерінің, қоғамдық көліктердің, импорттаушылардың, дилерлердің, қолданылған автокөлік, автоэксперттер мен аудиторлардың (автомобиль жасау өнімінің сәйкестігін бағалау) қазақстандық қауымдастықтары бірікті
Біз туралы Шолулар және статистика Инфографика Жаңалықтар Байланыс
call +7 701 276 61 56 mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Қонаев көш., 12/1, 14 қабат

2025 © kao.kz — Қазақстанның Автокөлік Одағы. Барлық құқықтар қорғалған.