Астана қ., Алматы к-сі, 7, seven БО, 201 кеңсе
+7 701 276 61 56 info@kao.kz
logo logo
Біз туралы
Одақ туралы Одақ жарғысы Құрылым Одаққа қосылыңыз Жарнамалар
Шолулар және статистика
Инфографика
Жаңалықтар
Байланыс
RU KZ EN
call +7 701 276 61 56
mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Қонаев көш., 12/1, 14 қабат
Instagram
RU KZ EN

Другие новости

24 маусым 2024
ҚР АВТОӨНЕРКӘСІБІ: 2024 ЖЫЛДЫҢ ҚАҢТАР МЕН МАМЫР АРАЛЫҒЫНДА 55 985 АВТОМОБИЛЬ ШЫҚТЫ

17 шілде 2024
2024 ЖЫЛДЫҢ I-ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢА АВТОМОБИЛЬДЕР САУДАСЫ

2024 ЖЫЛДЫҢ МАМЫРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҢА АВТОМОБИЛЬДЕР САУДАСЫ

24 маусым 2024
  • Мамырдағы топ-5: Hyundai, Kia, Chevrolet, Jac и Chery 

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) берген мәлімет бойынша мамырда 12 032 бірлік жеңіл автомобильдер мен жеңіл коммерциялық көліктер, сонымен қатар 781 бірлік жүк көліктері мен автобустар сатылды. Бұл былтырғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 13,2% төмен нәтиже. 2024 жылдың алғашқы бес айында жалпы 66 457 автомобиль өткен, былтыр сол уақытта 66 389 бірлік техника саудаланды (+0,1%).

Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті: «2024 жылғы сандар былтырғы нәтижеге жақындап қалды, алайда біз болжағандай, мамырда сауда бәсеңдеді. Нарық бұрынғы арнасына орала бастады. Биыл 160-165 мың жаңа автомобиль иесін табады деп болжап отырмыз. Өз кезегінде ресми дилерлер халық көптеп жаңа көлік алсын деген ниетпен науқан өткізіп, тиімді ұсыныстарын жалғастырып жатыр. Бірақ заңсыз жолмен ескі автомобильдер әлі кіріп жатқандықтан, паркте ескі көліктердің де үлесі артып келеді».

Ең көп сатылған үздік – 10 автомобильдер арасында көшін әдеттегідей Hyundai (2 424 бірл; былтырғы мамырмен салыстырғанда -44%) бастады. Kia да екінші орнын сақтап қалды (1 903 бірл; -13,4%). 1 345 данасы өткен Chevrolet үшінші қатарға жайғасса (-59,2%), 1 028 машинасы иесін тапқан Jac биыл алғаш рет үздік төрттікке кіріп отыр (+396,6%). Ал Chery бұл жолы бесінші орынға тұрақтады (929 бірл; +39,7%). Содан кейін тізімде Changan (679 бірл; +31,3%), Jetour (664 бірл), Haval (592 бірл; -5,4%), Toyota (571 бірл; +14,2%) және Geely (450 бірл; +74,4%) тұр.

Мамырда аса танымал болған үздік ондықтағы модельдер тізімінде өзгеріс бар: Chevrolet Cobalt-тың 1 165 данасы өтіп, бірінші орынды еншілесе, екінші тұрған Hyundai Tucson моделіне 1 138 адамның таңдауы түсіпті. Үздік үштікті Kia Sportage (900) түйіндеді. 514 лифтбегі саудаланған Jac J7 бесінші қатардан көрінді. Сонымен қатар тізімде Chery Tiggo 2 (432), Kia Sorento (420), Changan Alsvin (311), Hyundai Elantra (310) және Hyundai Santa Fe (307) бар.

Бес айдың қорытындысы бойынша танымал брендтер арасында Hyundai (14 760 бірл; -15%) оқ бойы озық шықты, екінші жүлде Kia-ға (8 541 бірл; -13,4%) бұйырды. Жыл басынан бері 6 159 моделі өткен Chevrolet үшінші келді (-65,1%). Chery дилерлері 5 428 автомобильдің кілтін тапсырды (+60,9%). Ал бестікті Jac (4 022; +165,8%) түйіндеді.

ТОП-20: 2024 ЖЫЛҒЫ МАМЫРДАҒЫ ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ АВТОМОБИЛЬДЕР САУДАСЫ

  МАМЫР ҚАҢТАР-МАМЫР
2023 2024 % 2023 2024 %
Hyundai 4 327 2 424 -44,0% 17 358 14 760 -15,0%
Kia 2 198 1 903 -13,4% 9 866 8 541 -13,4%
Chevrolet 3 300 1 345 -59,2% 17 636 6 159 -65,1%
Jac 207 1 028 396,6% 1 513 4 022 165,8%
Chery 665 929 39,7% 3 374 5 428 60,9%
Changan 517 679 31,3% 1 631 3 696 126,6%
Jetour 27 664 NEW 27 3 226 NEW
Haval 626 592 -5,4% 2 083 3 496 67,8%
Toyota 500 571 14,2% 3 188 3 384 6,1%
Geely 258 450 74,4% 895 2 627 193,5%
GAZ 270 352 30,4% 1 198 1 650 37,7%
Lexus 349 297 -14,9% 1 458 1 447 -0,8%
Exeed 379 232 -38,8% 1 746 758 -56,6%
Omoda   190 NEW   846 NEW
Tank 25 145 480,0% 25 804 3116,0%
Zeekr   83 NEW   382 NEW
BMW 173 72 -58,4% 698 155 -77,8%
Subaru 143 71 -50,3% 512 560 9,4%
Jaecoo   70 NEW   201 NEW
Kamaz 92 62 -32,6% 264 279 5,7%
Басқалар 712 654 -8,1% 2 917 4 036 38,4%
Жалпы нәтиже 14 768 12 813 -13,2% 66 389 66 457 0,1%

Анықтама:

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) – «Казахстанский Автомобильный Союз» заңды тұлғалар бірлестігі – 2023 жылдың 21 шілдесінде Астанада құрылған коммерциялық емес құрылым.

ҚАО құрамына Қазақстанның автоөндірушілер қауымдастығы; Қазақстанның автокомпонент өндірушілері қауымдастығы; Қазақстанның дилерлер қауымдастығы; Қазақстанның жүрген автомобильдерді сату бойынша қауымдастығы; Қазақстанның автосарапшылар және аудиторлар қауымдастығы (автомобильжасау өнімдерінің сәйкестігін бағалау) кірді.

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» баспасөз қызметі
E-mail: press@kao.kz
+7 701 770 0257 Дина Букенбаева

logo
"Қазақстанның Автокөлік Одағы" заңды тұлғалар бірлестігі (ҚАО) – коммерциялық емес құрылым, 2023 жылғы 21 шілдеде Астана қаласында құрылған. Одаққа автоөндірушілер, автокомпоненттер өндірушілерінің, қоғамдық көліктердің, импорттаушылардың, дилерлердің, қолданылған автокөлік, автоэксперттер мен аудиторлардың (автомобиль жасау өнімінің сәйкестігін бағалау) қазақстандық қауымдастықтары бірікті
Біз туралы Шолулар және статистика Инфографика Жаңалықтар Байланыс
call +7 701 276 61 56 mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Қонаев көш., 12/1, 14 қабат

2025 © kao.kz — Қазақстанның Автокөлік Одағы. Барлық құқықтар қорғалған.