Астана қ., Алматы к-сі, 7, seven БО, 201 кеңсе
+7 701 276 61 56 info@kao.kz
logo logo
Біз туралы
Одақ туралы Одақ жарғысы Құрылым Одаққа қосылыңыз Жарнамалар
Шолулар және статистика
Инфографика
Жаңалықтар
Байланыс
RU KZ EN
call +7 701 276 61 56
mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Қонаев көш., 12/1, 14 қабат
Instagram
RU KZ EN

Другие новости

12 сәуір 2024
2024 ЖЫЛДЫҢ НАУРЫЗЫНДА ЕЛДЕ ЖАҢА АВТОМОБИЛЬДЕР САУДАСЫ 16,4% ӨСТІ

24 маусым 2024
2024 ЖЫЛДЫҢ МАМЫРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҢА АВТОМОБИЛЬДЕР САУДАСЫ

ҚР АВТОӨНЕРКӘСІБІ: 2024 ЖЫЛДЫҢ ҚАҢТАР МЕН МАМЫР АРАЛЫҒЫНДА 55 985 АВТОМОБИЛЬ ШЫҚТЫ

24 маусым 2024

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) берген мәліметі бойынша биыл мамырда Қазақстандағы зауыттар 9 091 бірлік әр түрлі дөңгелекті техникалар өндірді, бұл былтырғы нәтижемен салыстырғанда 34%-ға төмен. Биылғы жылдың бес айында жалпы құны 720,4 млрд теңге құрайтын 55 985 техника конвейерден түскен. Өндіріс көлемі былтырғы қаңтар мен мамыр арасындағы көрсеткіштен (58 505 бірлік) 4,3% аз.

Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті: «Сұр импорт өндіріс көлеміне әсер етіп жатыр. Айдан айға сауда мөлшерінің қысқаруы (мамырда тағы 9,7% түсті) алдағы айларға өндіріс орындарына беретін тапсырыс көлемінің де өзгеруіне әкелді. Кедендік одақ пен үшінші елдерден ескі әрі заң тұрғысынан таза емес машиналарды оңды-солды әкелу автонарыққа әсер етті. Сұр импортпен айналысатын және криминалдық белгілері бар импорттаушылар заңсыз машина сатады. Бұл салық төлеп отырған өндірушілерге де, импорттаушыларға да ықпал етеді».

Бес айдың қорытындысы бойынша Қостанайдағы Allur зауыты 35 549 бірл. техника жасады (+0,6%). Алматыдағы кәсіпорындар (Hyundai Trans Kazakhstan, Hyundai Trans Almaty) 16 700 бірл. жеңіл және коммерциялық автомобиль құрастырды (-15,2%). Семейдегі СемАЗ бен Daewoo Bus Kazakhstan клиенттеріне 2 065 бірл. коммерциялық техника жөнелтті (+13,8%). Қарағанды облысында (QazTehna) 525 бірл. техника шықты (+45%). Көкшетауда (КАМАЗ-Инжиниринг) 360 бірл. коммерциялық техника конвейерге тұрды (-17,6%). Басқа кәсіпорындар 756 бірл. машина өндірген.

2024 жылдың қаңтар мен мамыр аралығында елдегі зауыттар ең көп өндірген бес жеңіл танымал көлік брендтері (экспортты қосқанда): Hyundai (16 551 бірл.), Chevrolet (12 776 бірл.), Kia (11 384 бірл.), Jac (6 030 бірл.) және Jetour (4 649 бірл.). Модельдер қатарында Chevrolet Cobalt (10 531 бірл.), Hyundai Tucson (9 307 бірл.), Kia Sportage (5 365 бірл.), Jetour X70 (2 940 бірл.) және Jac J7 (2 736 бірл.) басым.

Анықтама:

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) – «Казахстанский Автомобильный Союз» заңды тұлғалар бірлестігі – 2023 жылдың 21 шілдесінде Астанада құрылған коммерциялық емес құрылым.

ҚАО құрамына Қазақстанның автоөндірушілер қауымдастығы; Қазақстанның автокомпонент өндірушілері қауымдастығы; Қазақстанның дилерлер қауымдастығы; Қазақстанның жүрген автомобильдерді сату бойынша қауымдастығы; Қазақстанның автосарапшылар және аудиторлар қауымдастығы (автомобильжасау өнімдерінің сәйкестігін бағалау) кірді.

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» баспасөз қызметі
E-mail: press@kao.kz,
+7 701 770 0257 Дина Букенбаева

logo
"Қазақстанның Автокөлік Одағы" заңды тұлғалар бірлестігі (ҚАО) – коммерциялық емес құрылым, 2023 жылғы 21 шілдеде Астана қаласында құрылған. Одаққа автоөндірушілер, автокомпоненттер өндірушілерінің, қоғамдық көліктердің, импорттаушылардың, дилерлердің, қолданылған автокөлік, автоэксперттер мен аудиторлардың (автомобиль жасау өнімінің сәйкестігін бағалау) қазақстандық қауымдастықтары бірікті
Біз туралы Шолулар және статистика Инфографика Жаңалықтар Байланыс
call +7 701 276 61 56 mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Қонаев көш., 12/1, 14 қабат

2025 © kao.kz — Қазақстанның Автокөлік Одағы. Барлық құқықтар қорғалған.