Астана қ., Алматы к-сі, 7, seven БО, 201 кеңсе
+7 701 276 61 56 info@kao.kz
logo logo
Біз туралы
Одақ туралы Одақ жарғысы Құрылым Одаққа қосылыңыз Жарнамалар
Шолулар және статистика
Инфографика
Жаңалықтар
Байланыс
RU KZ EN
call +7 701 276 61 56
mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Қонаев көш., 12/1, 14 қабат
Instagram
RU KZ EN

Другие новости

17 мамыр 2024
2024 ЖЫЛДЫҢ СӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҢА АВТОМОБИЛЬДЕР САУДАСЫ

24 маусым 2024
ҚР АВТОӨНЕРКӘСІБІ: 2024 ЖЫЛДЫҢ ҚАҢТАР МЕН МАМЫР АРАЛЫҒЫНДА 55 985 АВТОМОБИЛЬ ШЫҚТЫ

ҚР АВТОӨНЕРКӘСІБІ: СӘУІРДЕ 12 926 ЖЕҢІЛ АВТОМОБИЛЬ ӨНДІРІЛДІ

24 мамыр 2024

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, биыл сәуірде елдегі кәсіпорындардың күшімен 13 873 әртүрлі дөңгелекті техника шығарылды, оның көбісі жеңіл автомобильге тиесілі - 12 926 бірлік (2023 жылғы сәуірмен салыстырғанда +10,5%).

2024 жылдың төрт айында Қазақстан аумағында 46 894 техника жасалды, олардың жалпы құны 593,1 млрд теңге құраған, ал былтыр ұқсас кезеңде 515,6 млрд теңгеге 44 724 техника шығыпты. Өндіріс көлемі 2023 жылғы қаңтар мен сәуір аралығындағы көрсеткіштен 4,9% жоғары болды. Басым бөлігі жеңіл автомобильдерге тиесілі - 43 622 бірлік (+7,8%). Сонымен қатар, 2 087 бірлік жүк көлігін (-36%), 740 бірлік автобус (+22,7%), 279 бірл. тіркеме мен жартылай тіркеме және 166 бірл. арнайы техника құрастырылды.

«Қазақстанның Автокөлік Одағының» (ҚАО) дерегі бойынша автомобиль өндірісі елдің машинажасау саласы мен әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосуын жалғастырып келеді, қазір автоөнеркәсіп үлесі 42,9% құрады, бұл салада 6 000-нан аса адам қызмет етеді.

Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті: «Қазақстанда автоөнеркәсіп инвестициясы белсенділігін жоғалтқан жоқ, бұл нәтижеге оң әсерін беруде. 2024 жылы жүзеге асуға тиіс мақсаттардың бірі – жұмыс орындарын көбейту. Қазірдің өзінде кәспорындардың барлығы автомобиль жасау саласында қызмет ететін білікті кадрлар дайындау үшін колледж, университеттермен бірге оқыту бағдарламаларын жасап жатыр».

Қазіргі уақытта Алматы (Chery, GWM, Changan мультибрендік зауыты) мен Қостанайда (Kia) екі зауыттың, сондай-ақ автокомпоненттер өндіретін бірнеше кәсіпорынның құрылысы жалғасуда. Іске асырылып жатқан жобалардың нәтижесінде қосымша 7,3 мың жұмыс орны ашылмақ. Бұл жобаларға құйылатын инвестицияның жалпы сомасы 760 млрд теңгеден асады.

Биылғы төрт айдың қорытындысы бойынша Қостанайдағы Allur зауыты 30 210 бірлік техника шығарған (+14,2%). Алматыда (Hyundai Trans Kazakhstan, Hyundai Trans Almaty) 13 499 бірлік жеңіл автомобиль мен коммерциялық техника жасалды (-13,7%). Семейдегі кәсіпорындар (СемАЗ, Daewoo Bus Kazakhstan) 1 682 бірлік коммерциялық көлік шығарды. (+17%). Қарағандыда (QazTehna) 411 бірлік техника (+41,7%), Көкшетаудағы КАМАЗ-Инжиниринг клиенттеріне 310 бірлік коммерциялық техника жөнелтсе (-9,6%), Оралда орналасқан Уральскагрореммаш 36 бірлік техника шығарды.

2024 жылғы қаңтар мен сәуір аралығында елдегі кәсіпорындар ең көп өндірген бес жеңіл көлік бренді (экспортты қосқанда): Hyundai (13 380 бірл.), Chevrolet (11 538 бірл.), Kia (8 895 бірл.), Jac (5 115 бірл.) және Jetour (4 194бірл). Модельдер бойынша ең көп өндірілген: Chevrolet Cobalt (9 809 бірл.), Hyundai Tucson (7 561 бірл.), Kia Sportage (3 864 бірл.), Jetour X70 (2 857 бірл.) және Jac J7 (2 706 бірл) .

Анықтама:

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) – «Казахстанский Автомобильный Союз» заңды тұлғалар бірлестігі – 2023 жылдың 21 шілдесінде Астанада құрылған коммерциялық емес ұйым.

ҚАО құрамына Қазақстанның автоөндірушілер қауымдастығы; Қазақстанның автокомпонент өндірушілері қауымдастығы; Қазақстанның дилерлер қауымдастығы; Қазақстанның жүрген автомобильдерді сату бойынша қауымдастығы; Қазақстанның автосарапшылар және аудиторлар қауымдастығы (автомобильжасау өнімдерінің сәйкестігін бағалау) кірді.

logo
"Қазақстанның Автокөлік Одағы" заңды тұлғалар бірлестігі (ҚАО) – коммерциялық емес құрылым, 2023 жылғы 21 шілдеде Астана қаласында құрылған. Одаққа автоөндірушілер, автокомпоненттер өндірушілерінің, қоғамдық көліктердің, импорттаушылардың, дилерлердің, қолданылған автокөлік, автоэксперттер мен аудиторлардың (автомобиль жасау өнімінің сәйкестігін бағалау) қазақстандық қауымдастықтары бірікті
Біз туралы Шолулар және статистика Инфографика Жаңалықтар Байланыс
call +7 701 276 61 56 mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Қонаев көш., 12/1, 14 қабат

2025 © kao.kz — Қазақстанның Автокөлік Одағы. Барлық құқықтар қорғалған.