Другие новости
ҚР АВТОӨНЕРКӘСІБІ: 2024 ЖЫЛҒЫ БІРІНШІ ТОҚСАН ҚОРЫТЫНДЫСЫ
2024 ЖЫЛДЫҢ СӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҢА АВТОМОБИЛЬДЕР САУДАСЫ

-
Сәуірдегі топ-5: Hyundai, Kia, Chevrolet, Chery, Jac
«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) берген мәлімет бойынша сәуірде 13 342 жеңіл автокөліктер және коммерциялық техника, 855 жүк көлігі мен автобус сатылды, бұл былтырғы осы уақытпен салыстырғанда 1,2%-ға төмен көрсеткіш. Жалпы жыл басталғалы 53 644 автомобиль сатылған, ал былтыр сауда нәтижесі 51 621 шамасында болды (+3,9%).
Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті: «1 сәуірден бастап ҚР нарығында әр салаға қатысты жаңа талаптар күшіне енді, мысалы, қаржы нарығын реттеуде өзгеріс бар. Динамиканы бақылайтын боламыз, бірақ сәуір 2024 жылдың наурызымен салыстырғанда -10,7% көрсетті».
Hyundai (3 050; былтырғы сәуірмен салыстырғанда -15,2%) төртінші ай ең көп сатылатын Үздік-10 көліктің бірінші қатарында. Kia (1 763; -15,7%) да екінші қатарға қайта жайғасты. Үшінші орынды 1 477 машинасы өткен Chevrolet алды (-63,1%). Төртінші сатыға тұрақтаған Chery-дің 1 058 моделі иесін тапты (+49,4%). 1 030 автомобилі сатылған Jac бұл жолы бесінші орыннан көрінді (+160,8%). Одан кейін тізімде Changan (864; +108,7%), Geely (728; +217,9%), Toyota (696; +11,9%), Jetour (637) және Haval (593; +39,5%) тұр.
Сәуір айында аса танымал модельдер үштігінде еш өзгеріс байқалмады. Жүлделі орындарды көз үйренген Hyundai Tucson (2 010), Chevrolet Cobalt (1 322), Kia Sportage (887) өзара бөліп алды, ал төртінші сатыға алғаш рет Changan CS55 Plus (477) көтерілсе, бесінші орынды Chery Tiggo 7 Pro (414) алды. Одан бөлек тізімде Jac J7 (385), Chery Tiggo 2 (337), Haval M6 (314), Hyundai Elantra (287) және Jetour X70 (286) бар.
Төрт ай нәтижесі бойынша танымал брендтер көшін әдеттегідей Hyundai (12 336; -5,3%) бастап келеді, ал екінші орынды еншілеген Kia дилерлері 6 638 көліктің кілтін тапсырған (-13,4%). Chevrolet үшінші сатыға қайта көтерілді (4 814; -66,4%). 4 499 автомобилі жолға шыққан Chery төртінші қатарға жайғасты (+66,1%). Үздік маркалар бестігін Changan (3 017; +170,8%) түйіндеді.
ТОП-20: ПРОДАЖИ НОВЫХ ЛЕГКОВЫХ И КОММЕРЧЕСКИХ АВТОМОБИЛЕЙ
В АПРЕЛЕ 2024 ГОДА
|
СӘУІР |
ҚАҢТАР-СӘУІР |
||||
2023 |
2024 |
% |
2023 |
2024 |
% |
|
Hyundai |
3 598 |
4 393 |
44,4% |
13 031 |
12 336 |
-5,3% |
Kia |
2 092 |
1 763 |
-15,7% |
7 668 |
6 638 |
-13,4% |
Chevrolet |
4 003 |
1 477 |
-63,1% |
14 336 |
4 814 |
-66,4% |
Chery |
708 |
1 058 |
49,4% |
2 709 |
4 499 |
66,1% |
Jac |
395 |
1 030 |
160,8% |
1 306 |
2 994 |
129,2% |
Changan |
414 |
864 |
108,7% |
1 114 |
3 017 |
170,8% |
Geely |
229 |
728 |
217,9% |
637 |
2 117 |
241,8% |
Toyota |
622 |
696 |
11,9% |
2 688 |
2 813 |
4,7% |
Jetour |
|
637 |
0,0% |
|
2 562 |
99,3% |
Haval |
425 |
593 |
39,5% |
1 457 |
2 904 |
2,9% |
Lexus |
373 |
388 |
4,0% |
1 109 |
1 150 |
3,7% |
GAZ |
287 |
365 |
27,2% |
928 |
1 298 |
39,9% |
Omoda |
|
190 |
0,0% |
|
656 |
0,0% |
Tank |
|
188 |
0,0% |
|
659 |
0,0% |
Jac Trucks |
114 |
107 |
-6,1% |
287 |
327 |
13,9% |
Zeekr |
|
81 |
0,0% |
|
299 |
0,0% |
Yutong |
11 |
81 |
636,4% |
273 |
418 |
53,1% |
Jaecoo |
|
70 |
0,0% |
|
131 |
0,0% |
Mitsubishi |
56 |
65 |
16,1% |
270 |
307 |
13,7% |
KAMAZ |
56 |
55 |
-1,8% |
172 |
217 |
26,2% |
Басқалар |
990 |
711 |
-28,2% |
3 636 |
3 428 |
-5,7% |
Жалпы нәтиже |
14 373 |
14 197 |
-1,2% |
51 621 |
53 644 |
3,9% |
Анықтама:
«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) – «Казахстанский Автомобильный Союз» заңды тұлғалар бірлестігі – 2023 жылдың 21 шілдесінде Астанада құрылған коммерциялық емес құрылым.
ҚАО құрамына Қазақстанның автоөндірушілер қауымдастығы; Қазақстанның автокомпонент өндірушілері қауымдастығы; Қазақстанның дилерлер қауымдастығы; Қазақстанның жүрген автомобильдерді сату бойынша қауымдастығы; Қазақстанның автосарапшылар және аудиторлар қауымдастығы (автомобильжасау өнімдерінің сәйкестігін бағалау) кірді.