Другие новости
ҚР АВТОӨНЕРКӘСІБІ: 2024 ЖЫЛҒЫ БІРІНШІ ТОҚСАН ҚОРЫТЫНДЫСЫ
«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) берген мәлімет бойынша 2024 жылдың алғашқы үш айында елдегі зауыттар жалпы сомасы 420,9 млрд теңге құрайтын 33 021 техника шығарды. Былтыр осы уақытта 368,8 млрд теңгеге 31 766 техника шыққан. Өндіріс көлемі 2023 жылғы қаңтар-наурыздағы нәтижеден 4% жоғары болды. Машинажасау саласындағы автоөндірістің үлесі – 43%. Негізгі көлемді жеңіл автомобильдер құрайды – 30 696 бірлік. (+6,7%). Одан бөлек 1 356 (-42,3%) жүк көлігі, 633 автобус (+58,6%), 206 тіркеме және жартылай тіркеме, 130 арнайы техника жасалды.
Алғашқы тоқсан қорытындысы бойынша Қостанайдағы Allur зауыты 20 772 техника құрастырды (+13,5%). Алматыда (Hyundai Trans Kazakhstan, Hyundai Trans Almaty) 10 026 жеңіл және коммерциялық автомобиль жарық көрді (-12,9%). Семейдегі кәсіпорындардың (СемАЗ, Daewoo Bus Kazakhstan) көрсеткіші – 1 070 (+12,6%) коммерциялық техника. Қарағанды облысында (QazTehna) 335 техника (+34%), Көкшетаудағы кәсіпорын (КАМАЗ-Инжиниринг) 251 коммерциялық техника жасаса, Оралдағы Уральскагрореммаш клиенттеріне 30 техника жөнелтті.
Қаңтар мен наурыз аралығында елдегі кәсіпорындар ең көп өндірген бес жеңіл көлік бренді (экспортты қосқанда): Hyundai (9 934), Chevrolet (7 249), Kia (6278), Jac (4 273) және Jetour (2 779). Модельдер арасында Chevrolet Cobalt (6 321), Hyundai Tucson (5 928), Kia Sportage (2 539), Jetour X70 (2 406) және Jac J7 (2 273) саны басым.
Анықтама:
«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) – «Казахстанский Автомобильный Союз» заңды тұлғалар бірлестігі – 2023 жылдың 21 шілдесінде Астанада құрылған коммерциялық емес құрылым.
ҚАО құрамына Қазақстанның автоөндірушілер қауымдастығы; Қазақстанның автокомпонент өндірушілері қауымдастығы; Қазақстанның дилерлер қауымдастығы; Қазақстанның жүрген автомобильдерді сату бойынша қауымдастығы; Қазақстанның автосарапшылар және аудиторлар қауымдастығы (автомобильжасау өнімдерінің сәйкестігін бағалау) кірді.