Астана қ., Алматы к-сі, 7, seven БО, 201 кеңсе
+7 701 276 61 56 info@kao.kz
logo logo
Біз туралы
Одақ туралы Одақ жарғысы Құрылым Одаққа қосылыңыз Жарнамалар
Шолулар және статистика
Инфографика
Жаңалықтар
Байланыс
RU KZ EN
call +7 701 276 61 56
mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Қонаев көш., 12/1, 14 қабат
Instagram
RU KZ EN

Другие новости

27 наурыз 2024
ҚР АВТОӨНЕРКӘСІБІ: АҚПАНДА АВТОМОБИЛЬ ӨНДІРІСІ 10,8% АРТТЫ

24 маусым 2024
ҚР АВТОӨНЕРКӘСІБІ: 2024 ЖЫЛДЫҢ ҚАҢТАР МЕН МАМЫР АРАЛЫҒЫНДА 55 985 АВТОМОБИЛЬ ШЫҚТЫ

2024 ЖЫЛДЫҢ НАУРЫЗЫНДА ЕЛДЕ ЖАҢА АВТОМОБИЛЬДЕР САУДАСЫ 16,4% ӨСТІ

12 сәуір 2024
  • Наурыздағы топ-5: Hyundai, Kia, Chevrolet, Chery, Changan

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) берген мәлімет бойынша наурызда 15 203 жеңіл автокөлік және жеңіл коммерциялық техника, 725 жүк көлігі мен автобус сатылды, бұл көрсеткіш былтырғы осы уақытпен салыстырғанда 16,4% жоғары. Жылдың алғашқы тоқсанында жалпы 39 468 автокөлік сатылды (+6%). Ал 2023 жылдың осы уақытында 37 248 машина иесін тапқан.

Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті: «Наурызда тұтынушылар белсенді болып, 15 000 автомобиль сатып алды. Нарықта жоғары бәсеке әлі сақталып тұр, бұл сатып алушының көптеген модель арасынан таңдау жасай алатынын білдіреді. Статистика ел тұрғындарының ресми дилер арқылы жаңа автомобильдер алуды жиілеткенін көрсетті, мұндай жағдайда олар заң тұрғысынан сенімділік пен зауыт ұсынатын кепілдікті таңдайды. Сәуір айы нарықтың қазақстандық авторитейлын барынша дәлдікпен дамытудың негізгі трендтерін айқындайды».

Елде ең көп өткен машиналар тізімінің басында үш ай қатарынан Hyundai (3 370 бірл.; былтырғы наурызбен салыстырғанда -10%) тұр. 1 810 автомобиль сатқан Kia екінші орын алды (-11,2%). Ал үшінші сатыға Chevrolet (1 374; -60,9%) тұрақтады. Төртінші қатарға жайғасқан Chery брендінің дилерлері 1 314 көліктің кілтін тапсырған (+84,6%). Бестікті бұл жолы Changan (1215; +286,9%) түйіндеді. Одан бөлек тізімде Haval (1 123; +262,3%), Toyota (1 094; +85,4%), Jetour (781 бірл.), Geely (701; +327,4%) және Jac (694 бірл.; +91,7%) бар.

Аса танымал модельдер қатарында әлі де Hyundai Tucson (2 226 бірл.) ешкімге дес бермей келеді. Одан кейін тізімде Chevrolet Cobalt (1 215 бірл.), Kia Sportage (808 бірл.), Haval Jolion (490 бірл.), Changan CS55 Plus (450 бірл.), Chery Tiggo 7 Pro (450 бірлік), Chery Tiggo 2 (402 бірлік), Kia Sorento (365 бірл.), Jetour X70 (354 бірл.) және Hyundai Elantra (344 бірл.) тұр.

Алғашқы тоқсан қорытындысы бойынша брендтер арасында Hyundai (9 286; -1,6%) көш бастады, 4 875 көліктің кілтін тапсырған Kia екінші қатардан орын алды (-12,6%), ал үшінші жүлде Chery-ге (3 441; +72%) бұйырды. Chevrolet дилерлері 3 337 автомобиль сатқан (-67,7%). Бесінші орындағы Haval-дың 2 311 өнімі өтті (+123,9%).

2024 ЖЫЛҒЫ НАУРЫЗДАҒЫ ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ АВТОМОБИЛЬДЕР САУДАСЫ

  НАУРЫЗ
ҚАҢТАР-НАУРЫЗ
2023 2024 % 2023 2024 %
Hyundai 3 745 3 370 -10,0% 9 433 9 286 -1,6%
Kia 2 038 1 810 -11,2% 5 576 4 875 -12,6%
Chevrolet 3 516 1 374 -60,9% 10 333 3 337 -67,7%
Chery 712 1 314 84,6% 2 001 3 441 72,0%
Changan 314 1 215 286,9% 700 2 153 207,6%
Haval 310 1 123 262,3% 1 032 2 311 123,9%
Toyota 590 1 094 85,4% 2 066 2 117 2,5%
Jetour   781 0,0%   1 925 0,0%
Geely 164 701 327,4% 408 1 449 255,1%
Jac 362 694 91,7% 911 1 964 115,6%
GAZ 243 343 41,2% 641 933 45,6%
Lexus 307 323 5,2% 736 762 3,5%
Omoda   220 0,0%   466 0,0%
Exeed 506 204 -59,7% 1 085 485 -55,3%
Tank   204 0,0%   471 0,0%
Mitsubishi 86 146 69,8% 214 268 25,2%
Subaru 91 103 13,2% 279 438 57,0%
Jac Trucks 46 87 89,1% 173 220 27,2%
Lada 23 82 256,5% 121 366 202,5%
Zeekr   71 0,0%   218 0,0%
Басқалар 630 669 6,2% 1 539 1 983 28,8%
Жалпы нәтиже 13 683 15 928 16,4% 37 248 39 468 6,0%

Анықтама:

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) – «Казахстанский Автомобильный Союз» заңды тұлғалар бірлестігі – 2023 жылдың 21 шілдесінде Астанада құрылған коммерциялық емес құрылым.

ҚАО құрамына Қазақстанның автоөндірушілер қауымдастығы; Қазақстанның автокомпонент өндірушілері қауымдастығы; Қазақстанның дилерлер қауымдастығы; Қазақстанның жүрген автомобильдерді сату бойынша қауымдастығы; Қазақстанның автосарапшылар және аудиторлар қауымдастығы (автомобильжасау өнімдерінің сәйкестігін бағалау) кірді.

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» баспасөз қызметі
E-mail: press@kao.kz
+7 701 770 0257 Дина Букенбаева

logo
"Қазақстанның Автокөлік Одағы" заңды тұлғалар бірлестігі (ҚАО) – коммерциялық емес құрылым, 2023 жылғы 21 шілдеде Астана қаласында құрылған. Одаққа автоөндірушілер, автокомпоненттер өндірушілерінің, қоғамдық көліктердің, импорттаушылардың, дилерлердің, қолданылған автокөлік, автоэксперттер мен аудиторлардың (автомобиль жасау өнімінің сәйкестігін бағалау) қазақстандық қауымдастықтары бірікті
Біз туралы Шолулар және статистика Инфографика Жаңалықтар Байланыс
call +7 701 276 61 56 mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Қонаев көш., 12/1, 14 қабат

2025 © kao.kz — Қазақстанның Автокөлік Одағы. Барлық құқықтар қорғалған.