Астана қ., Алматы к-сі, 7, seven БО, 201 кеңсе
+7 701 276 61 56 info@kao.kz
logo logo
Біз туралы
Одақ туралы Одақ жарғысы Құрылым Одаққа қосылыңыз Жарнамалар
Шолулар және статистика
Инфографика
Жаңалықтар
Байланыс
RU KZ EN
call +7 701 276 61 56
mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Қонаев көш., 12/1, 14 қабат
Instagram
RU KZ EN

Другие новости

14 наурыз 2024
2024 ЖЫЛДЫҢ АҚПАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҢА АВТОМОБИЛЬДЕР САУДАСЫ

12 сәуір 2024
2024 ЖЫЛДЫҢ НАУРЫЗЫНДА ЕЛДЕ ЖАҢА АВТОМОБИЛЬДЕР САУДАСЫ 16,4% ӨСТІ

ҚР АВТОӨНЕРКӘСІБІ: АҚПАНДА АВТОМОБИЛЬ ӨНДІРІСІ 10,8% АРТТЫ

27 наурыз 2024

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) берген мәлімет бойынша 2024 жылы ақпанда елдегі зауыттар жалпы құны 145,7 млрд теңге құрайтын 11 506 бірлік автокөлік шығарылды, бір жыл бұрын 10 388 бірлік және 130,4 млрд теңге (+10,8% жоғары). Жеңіл автомобиль мен коммерциялық техника құрастыратын отандық кәсіпорындар машинажасау саласының 44% үлесін құрайды.

Алғашқы екі ай қорытындысы бойынша елде барлық типті 22 726 көлік құралы жасалған, бұл 2023 жылға қарағанда 294,8 млрд теңге (+16,4%) артық. Өндірістің көп бөлігі жеңіл көлік үлесінде (20 899; +19,2%). Жүк көліктерінің саны былтырғы екі аймен салыстырғанда 1 108 техникаға төмен (-29,1%), ал автобус керісінше, көптеп шыққан (464; 76,4%). Одан бөлек 143 тіркеме және жартылай тіркеме, 112 арнайы техника конвейерге тұрды.

Биыл екі айда Қостанайдағы зауыт (Allur) 12 738 техника өндірді (+19,9%). Алматыда (Hyundai Trans Kazakhstan, Hyundai Trans Almaty) 7 656 жеңіл және коммерциялық машина жасалды (+1,7%). Семейдегі кәсіпорындар (СемАЗ, Daewoo Bus Kazakhstan) 907 коммерциялық техника жөнелтті. Қарағанды облысында (QazTehna) мамандар 242 техника шығарды (+30,8%). Көкшетаудағы КАМАЗ-Инжиниринг зауыты 167 техника, Оралдағы  Уральскагрореммаш 23 техника құрастырды.

Қаңтар мен ақпанда елдегі кәсіпорындар ең көп өндірген бес жеңіл көлік бренді (экспортты қосқанда): Hyundai (7 612, +1,8%), Kia (4 077; +6,9%), Chevrolet (3 524; -14,1%), Jac (2 755; +11,1%) және Jetour (2 293). Ал модельдер арасында Hyundai Tucson (4 495), Chevrolet Cobalt (2 857), Jetour X70 (1 966), Kia Sportage (1 681) және Jac J7 (1 244) көп.

Анықтама:

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) – «Казахстанский Автомобильный Союз» заңды тұлғалар бірлестігі – 2023 жылдың 21 шілдесінде Астанада құрылған коммерциялық емес құрылым.

ҚАО құрамына Қазақстанның автоөндірушілер қауымдастығы; Қазақстанның автокомпонент өндірушілері қауымдастығы; Қазақстанның дилерлер қауымдастығы; Қазақстанның жүрген автомобильдерді сату бойынша қауымдастығы; Қазақстанның автосарапшылар және аудиторлар қауымдастығы (автомобильжасау өнімдерінің сәйкестігін бағалау) кірді.

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» баспасөз қызметі
E-mail: press@kao.kz
+7 701 770 0257 Дина Букенбаева

logo
"Қазақстанның Автокөлік Одағы" заңды тұлғалар бірлестігі (ҚАО) – коммерциялық емес құрылым, 2023 жылғы 21 шілдеде Астана қаласында құрылған. Одаққа автоөндірушілер, автокомпоненттер өндірушілерінің, қоғамдық көліктердің, импорттаушылардың, дилерлердің, қолданылған автокөлік, автоэксперттер мен аудиторлардың (автомобиль жасау өнімінің сәйкестігін бағалау) қазақстандық қауымдастықтары бірікті
Біз туралы Шолулар және статистика Инфографика Жаңалықтар Байланыс
call +7 701 276 61 56 mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Қонаев көш., 12/1, 14 қабат

2025 © kao.kz — Қазақстанның Автокөлік Одағы. Барлық құқықтар қорғалған.