Астана қ., Алматы к-сі, 7, seven БО, 201 кеңсе
+7 701 276 61 56 info@kao.kz
logo logo
Біз туралы
Одақ туралы Одақ жарғысы Құрылым Одаққа қосылыңыз Жарнамалар
Шолулар және статистика
Инфографика
Жаңалықтар
Байланыс
RU KZ EN
call +7 701 276 61 56
mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Қонаев көш., 12/1, 14 қабат
Instagram
RU KZ EN

Другие новости

12 наурыз 2024
Инвесторлар қазақстанда автокомпонент өндіруге 410 млрд теңгеден аса қаражат бөледі

27 наурыз 2024
ҚР АВТОӨНЕРКӘСІБІ: АҚПАНДА АВТОМОБИЛЬ ӨНДІРІСІ 10,8% АРТТЫ

2024 ЖЫЛДЫҢ АҚПАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҢА АВТОМОБИЛЬДЕР САУДАСЫ

14 наурыз 2024

● Ақпандағы топ-5: Hyundai, Kia, Chevrolet, Chery, Haval

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) берген мәлімет бойынша ақпанда 11 495 жеңіл автомобиль мен жеңіл коммерциялық техника, сонымен қатар 803 жүк көлігі мен автобус сатылды, бұл былтырғы ақпанмен салыстырғанда 6,6% аз. Жалпы жыл басынан бері 23 542 автокөлік өткен, бұл 2023 жылғы ұқсас кезеңге қарағанда 0,1% төмен көрсеткіш.

Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті: “Жыл басы 2023 жылғыдай сылбыр басталды, тек өнімі ең көп өткен он бренд тізімінде күтпеген өзгерістер бар. Дилерлер түрлі науқан өткізіп, ұсыныс жасауын жалғастырып жатыр.”

Халық таңдауы көп түскен үздік он бренд көшін қыстың соңғы айында Hyundai (2 798; -18,9%, былтырғы ақпанмен салыстырғанда) бастады. Kia осы жолы 1 834 машина өткізіп, тағы екінші орыннан көрінді (+1%). 1 160 моделі иесін тапқан Chevrolet мықтылар үштігіне оралды. (-67,9%). Төртінші орындағы Chery дилерлері 1 046 көліктің кілтін тапсырды (+56,8%). 659 кроссовер сатқан Haval бесінші орынға тұрақтады (+87,2%). Содан кейін тізімде Jetour (544), Jac (517; +60,6%), Changan (493; +99,6%), Toyota (484; -44,6%) және Geely (425; +181,5%) тұр.
Аса танымал модельдер қатарында Hyundai Tucson (1644) алға шықты. Одан бөлек тізімге Chevrolet Cobalt (944), Kia Sportage (882), Chery Tiggo 2 (432), Hyundai Sonata (347), Haval M6 (314), Kia Cerato (294), Kia Ceed (259), Chery Tiggo 4 Pro (249) және Chery Tiggo 7 Pro (235) енді.
Екі ай қорытындысы бойынша Hyundai (5 918; +4,0%) жеңімпаз болды, екінші орын 3 065 көлік сатқан Kia еншісінде (-13,4%). Үшінші қатарға Chery (2 127; +65%) жайғасты. Chevrolet маркалы 1 963 автомобиль иесін тапты (-71,2%). Үздік бестікті 1 270 машинасы өткен Jac түйіндеді (+131,3%).

ТОП-20: 2024 ЖЫЛҒЫ АҚПАНДАҒЫ ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ АВТОМОБИЛЬДЕР САУДАСЫ

  АҚПАН ҚАҢТАР-АҚПАН
2023 2024 % 2023 2024 %
Hyundai 3 452 2 798 -18,9% 5 688 5 918 4,0%
Kia 1 815 1 834 1,0% 3 538 3 065 -13,4%
Chevrolet 3 614 1 160 -67,9% 6 817 1 963 -71,2%
Chery 667 1 046 56,8% 1 289 2 127 65,0%
Haval 352 659 87,2% 722 1 188 64,5%
Jetour     544 0,0%      1 144 0,0%
Jac 322    517 60,6% 549 1 270 131,3%
Changan  247 493 99,6% 386 938 143,0%
Toyota 873 484 -44,6% 1 476 1 023 -30,7%
Geely 151 425 181,5% 244 748 206,6%
Gaz 230    350 52,2% 398 590 48,2%
Lexus 237 237 2,5% 429 439 2,3%
Subaru  104 206 98,1%  188 335 78,2%
Exeed 370 202 -45,4% 579 281 -51,5%
Omoda    150 0,0%   246 0,0%
Yutong 134 148 10,4% 170 290 70,6%
Tank     136 0,0%    267 0,0%
Lada 32 132 312,5% 98 284 189,8%
Zeekr   89 0,0%   147 0,0%
Mitsubishi 78 80  2,6% 128 122 -4,7%
Басқалар 485 602 24,1% 866 1 157 33,6%
Жалпы нәтиже 13 163 12 298 -6,6% 23 565 23 542 -0,1%

Анықтама:

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) – «Казахстанский Автомобильный Союз» заңды тұлғалар бірлестігі – 2023 жылдың 21 шілдесінде Астанада құрылған коммерциялық емес құрылым.
ҚАО құрамына Қазақстанның автоөндірушілер қауымдастығы; Қазақстанның автокомпонент өндірушілері қауымдастығы; Қазақстанның дилерлер қауымдастығы; Қазақстанның жүрген автомобильдерді сату бойынша қауымдастығы; Қазақстанның автосарапшылар және аудиторлар қауымдастығы (автомобильжасау өнімдерінің сәйкестігін бағалау) кірді.

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» баспасөз қызметі
E-mail: press@kao.kz
+7 701 770 0257 Дина Букенбаева

logo
"Қазақстанның Автокөлік Одағы" заңды тұлғалар бірлестігі (ҚАО) – коммерциялық емес құрылым, 2023 жылғы 21 шілдеде Астана қаласында құрылған. Одаққа автоөндірушілер, автокомпоненттер өндірушілерінің, қоғамдық көліктердің, импорттаушылардың, дилерлердің, қолданылған автокөлік, автоэксперттер мен аудиторлардың (автомобиль жасау өнімінің сәйкестігін бағалау) қазақстандық қауымдастықтары бірікті
Біз туралы Шолулар және статистика Инфографика Жаңалықтар Байланыс
call +7 701 276 61 56 mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Қонаев көш., 12/1, 14 қабат

2025 © kao.kz — Қазақстанның Автокөлік Одағы. Барлық құқықтар қорғалған.