Другие новости
ШІЛДЕДЕ ЖАҢА АВТОМОБИЛЬДЕРДІҢ САТЫЛЫМЫ 9,2% ӨСТІ
- Шілдедегі топ-5: Hyundai, Chevrolet, Kia, Chery және Jac
«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) берген мәліметі бойынша шілдеде елде 18 мыңнан аса жаңа автомобильдер сатылған, бұл маусыммен салыстырғанда 9,2% көп және осы жылдағы ең жақсы көрсеткіштердің бірі. Ресми дилерлер 17 142 бірл. жеңіл автомобильдер мен коммерциялық техникалар, сонымен қатар 1 094 бірл. жүк көліктері мен автобустарды сатты. Жалпы жеті айда 101 394 көлік иесін тапты, бұл былтырғы көрсеткіштен 0,6% төмен.
Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті: «Жаздың екінші айы былтырғы шілдемен шамалас, тек нарықта аздаған өзгеріс бар. Қазақстанға жаңа автомобиль брендтерінің келуі бәсекелестікті арттыруға оң ықпал етіп жатыр. Нарық әлі молыққан жоқ, дегенмен, қолайлы жағдайларда өсім баяу қарқынмен жалғасады».
Шілдеде Hyundai (4 347 бірл.; былтырғы шілдемен салыстырғанда -15%) рейтинг басындағы орнын сақтап қалды. 2376 моделі өткен Chevrolet екінші сатыға қайта көтерілді (-36,7%). Kia бұл айда үшінші орынды қанағат тұтты (1 939; -15,8%). Төртінші және бесінші қатарға Chery (1371 бірл.; +34,5%) мен Jac (1 174 бірл.; +67,5%) жайғасты. Ал алтыншы орын алғаш рет 1 043 көлігі сатылған Jetour-ге бұйырды (+408,8%). Содан кейін тізімде Haval (940 бірл.; +17,5%), Toyota (906 бірл.; -23,4%), Geely (701 бірл.; +121,8%), және Changan (667 бірл.; -5,5%) тұр.
Шілдедегі ең танымал 10 модель арасында Алматыда жасалатын Hyundai Tucson (2 037 бірл.), Chevrolet Cobalt (1 450 бірл.) және Қостанайда шығатын Kia Sportage (831 бірл.) көш бастады. Төртінші орынды Hyundai Elantra (658) еншілесе, бесінші қатарға Chevrolet Onix (579 бірл.) тұрақтады. Одан бөлек тізімде су жаңа Hyundai Santa Fe (544 бірл.), Jac J7 (468 бірл.), Haval M6 (464 бірл.), Chery Tiggo 7 Pro (456 бірл.) және Jetour X70 (452 бірл.) бар.
Жеті ай қорытындысы бойынша брендтер арасында Hyundai (22 629 бірл.; -15,2%) үздік атанды. 13 459 автомобилі сатылған Kia екінші орын алды (-8,3%), 10 350 көлігі өткен Chevrolet үштікті түйіндеді. Chery дилерлері 8 038 кроссовер мен седан кілтін тапсырса (+52,1%), Toyota-ның 5 420 моделі сатылды (+11,2%). Haval (5 110 бірл.; +46,5%) жетінші, Jetour (4 931 бірл.; +1376,3%) сегізінші сатыға орналасты. Үздік он марка тізімінде Changan (4 881 бірл.; +58,9%) мен Geely (3 956 бірл.; +166%) де бар.
ТОП-20: 2024 ЖЫЛҒЫ ШІЛДЕДЕГІ ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ АВТОМОБИЛЬДЕР САУДАСЫ
ШІЛДЕ | ҚАҢТАР-ШІЛДЕ | |||||
2023 | 2024 | % | 2023 | 2024 | % | |
Hyundai | 5 117 | 4 347 | -15,0% | 26 696 | 22 629 | -15,2% |
Chevrolet | 3 754 | 2 376 | -36,7% | 25 432 | 10 350 | -59,3% |
Kia | 2 303 | 1 939 | -15,8% | 14 671 | 13 459 | -8,3% |
Chery | 1 019 | 1 371 | 34,5% | 5 283 | 8 038 | 52,1% |
Jac | 701 | 1 174 | 67,5% | 3 022 | 6 324 | 109,3% |
Jetour | 205 | 1 043 | 408,8% | 334 | 4 931 | 1376,3% |
Haval | 800 | 940 | 17,5% | 3 489 | 5 110 | 46,5% |
Toyota | 1 183 | 906 | -23,4% | 4 873 | 5 420 | 11,2% |
Geely | 316 | 701 | 121,8% | 1 487 | 3 956 | 166,0% |
Changan | 706 | 667 | -5,5% | 3 072 | 4 881 | 58,9% |
GAZ | 310 | 385 | 24,2% | 1 810 | 2 411 | 33,2% |
Lexus | 349 | 267 | -23,5% | 2 113 | 1 961 | -7,2% |
Skoda | 216 | 0,0% | 362 | 0,0% | ||
Tank | 92 | 192 | 108,7% | 183 | 1 150 | 528,4% |
Exeed | 320 | 173 | -45,9% | 2 341 | 1 084 | -53,7% |
Omoda | 171 | 0,0% | 1 212 | 0,0% | ||
Jac Trucks | 133 | 159 | 19,5% | 566 | 641 | 13,3% |
Kamaz | 111 | 159 | 43,2% | 459 | 515 | 12,2% |
Subaru | 208 | 84 | -59,6% | 847 | 704 | -16,9% |
Kaiyi | 83 | 0,0% | 180 | 0,0% | ||
Басқалар | 1 193 | 883 | -26,0% | 5 362 | 6 076 | 13,3% |
Жалпы нәтиже | 18 820 | 18 236 | -3,1% | 102 040 | 101 394 | -0,6% |
Анықтама:
«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) – «Казахстанский Автомобильный Союз» заңды тұлғалар бірлестігі – 2023 жылдың 21 шілдесінде Астанада құрылған коммерциялық емес құрылым.
ҚАО құрамына Қазақстанның автоөндірушілер қауымдастығы; Қазақстанның автокомпонент өндірушілері қауымдастығы; Қазақстанның дилерлер қауымдастығы; Қазақстанның жүрген автомобильдерді сату бойынша қауымдастығы; Қазақстанның автосарапшылар және аудиторлар қауымдастығы (автомобильжасау өнімдерінің сәйкестігін бағалау) кірді.
«Қазақстанның Автокөлік Одағы» баспасөз қызметі
E-mail: press@kao.kz
+7 701 770 0257 Дина Букенбаева