Астана қ., Алматы к-сі, 7, seven БО, 201 кеңсе
+7 701 276 61 56 info@kao.kz
logo logo
Біз туралы
Одақ туралы Одақ жарғысы Құрылым Одаққа қосылыңыз Жарнамалар
Шолулар және статистика
Инфографика
Жаңалықтар
Байланыс
RU KZ EN
call +7 701 276 61 56
mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Қонаев көш., 12/1, 14 қабат
Instagram
RU KZ EN

Другие новости

15 тамыз 2024
ШІЛДЕДЕ ЖАҢА АВТОМОБИЛЬДЕРДІҢ САТЫЛЫМЫ 9,2% ӨСТІ

04 қыркүйек 2024
ОТАНДЫҚ АВТОМОБИЛЬДЕРДІҢ БАҒАСЫ ӨСКЕН ЖОҚ: ӨНІМДІЛІГІ ЖАҚСАРТЫЛҒАН ЖАҢА МОДЕЛЬДЕРДІ ТАҢДАУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ОРТАША ЧЕК ӨСТІ

ҚР АВТОӨНЕРКӘСІБІ: 2024 ЖЫЛДЫҢ ЖЕТІ АЙЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

22 тамыз 2024

ҚР Ұлттық статистика бюросы берген мәлімет бойынша шілдеде Қазақстанда жалпы сомасы 100,8 млрд теңгені құрайтын 7779 бірл. техника жасалды. Өндіріс көлемі былтырғы шілдемен салыстырғанда 41,3% азайған. Жалпы жеті айда Қазақстан зауыттары құны 915,3 млрд теңге болатын 70 215 бірл. техника шығарды. Бұл 2023 жылдың қаңтар-шілдесіндегі (86 413 бірл.) нәтижеден 18,7% төмен. Бұл салада бұрынғыдай жеңіл автомобильдер үлесі басым – 63 370 бірл. (-19,3%). 4 571 бірл. (-15%), жүк көлігі, 1 310 автобус (-11,1%) конвейерге тұрды. Одан бөлек, кәсіпорындар 704 бірл. тіркеме және жартылай тіркеме, 260 бірл. басқа техникалар құрастырды.

Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті: «2024 жылы көлік құралдарын өндірушілерге арналған жаңа ережелер күшіне енді. Өндірушілердің көлік құралының әр санаты үшін шағын торапты әдіспен өндіріс көлемін арттыруға міндеттемелері бар. Бұл нормалар технологиялық біліктілікті арттырып, өндіріс көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар инвестицияға, адам капиталына және компонент базасының дамуына оң ықпал етеді».

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) берген ақпаратқа сүйенсек, 2024 жылдың жеті айында Қостанайда (Allur) 42 802 бірл. техникалар (-17,9%) жасалған. Алматыдағы (Hyundai Trans Kazakhstan, Hyundai Trans Almaty) мамандар 21 827 жеңіл және коммерциялық автомобильдерді құрастырды (-25,4%). Семей (СемАЗ, Daewoo Bus Kazakhstan) 3 136 машина жөнелтсе, (+33,7%), Қарағанды облысындағы QazTehna 762 бірл. техника өндірді (+25,3%). Көкшетаудағы КАМАЗ-Инжиниринг 524 бірл. коммерциялық техника тапсырды (-23,2%). Басқалары 1 134 бірл. машина шығарған (-17,3%).

Қаңтар мен шілде аралығында елдегі зауыттар ең көп өндірген бес жеңіл көлік бренді (экспортты қосқанда): Hyundai (21 628 бірл.), Chevrolet (14 194 бірл.), Kia (14 141 бірл.), Jac (7 668 бірл.) және Jetour (5 682 бірл.). Модельдер қатарында Hyundai Tucson (12 172 бірл.), Chevrolet Cobalt (11 826 бірл.), Kia Sportage (6 185 бірл.), Hyundai Elantra (3 335 бірл.) және Jetour X70 (3 206 бірл.) басым.

Анықтама:

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) – «Казахстанский Автомобильный Союз» заңды тұлғалар бірлестігі – 2023 жылдың 21 шілдесінде Астанада құрылған коммерциялық емес құрылым.

ҚАО құрамына Қазақстанның автоөндірушілер қауымдастығы; Қазақстанның автокомпонент өндірушілері қауымдастығы; Қазақстанның дилерлер қауымдастығы; Қазақстанның жүрген автомобильдерді сату бойынша қауымдастығы; Қазақстанның автосарапшылар және аудиторлар қауымдастығы (автомобильжасау өнімдерінің сәйкестігін бағалау) кірді.

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» баспасөз қызметі
E-mail: press@kao.kz,
+7 701 770 0257 Дина Букенбаева

logo
"Қазақстанның Автокөлік Одағы" заңды тұлғалар бірлестігі (ҚАО) – коммерциялық емес құрылым, 2023 жылғы 21 шілдеде Астана қаласында құрылған. Одаққа автоөндірушілер, автокомпоненттер өндірушілерінің, қоғамдық көліктердің, импорттаушылардың, дилерлердің, қолданылған автокөлік, автоэксперттер мен аудиторлардың (автомобиль жасау өнімінің сәйкестігін бағалау) қазақстандық қауымдастықтары бірікті
Біз туралы Шолулар және статистика Инфографика Жаңалықтар Байланыс
call +7 701 276 61 56 mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Қонаев көш., 12/1, 14 қабат

2025 © kao.kz — Қазақстанның Автокөлік Одағы. Барлық құқықтар қорғалған.