Астана қ., Алматы к-сі, 7, seven БО, 201 кеңсе
+7 701 276 61 56 info@kao.kz
logo logo
Біз туралы
Одақ туралы Одақ жарғысы Құрылым Одаққа қосылыңыз Жарнамалар
Шолулар және статистика
Инфографика
Жаңалықтар
Байланыс
RU KZ EN
call +7 701 276 61 56
mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Қонаев көш., 12/1, 14 қабат
Instagram
RU KZ EN

Другие новости

24 қыркүйек 2024
ҚР АВТОӨНЕРКӘСІБІ: СЕГІЗ АЙДА 80 МЫҢНАН АСА АВТОМОБИЛЬ ШЫҒАРЫЛДЫ

30 қазан 2024
ҚР АВТОӨНЕРКӘСІБІ: 2024 ЖЫЛҒЫ ТОҒЫЗ АЙ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

ҚЫРКҮЙЕКТЕ 17 888 ЖАҢА АВТОМОБИЛЬ САТЫЛДЫ

28 қазан 2024
  • Қыркүйектегі топ-5: Hyundai, Chevrolet, Kia, Chery және Toyota

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) берген мәліметі бойынша 2024 жылғы күздің алғашқы айында Қазақстан аумағында ресми дилерлер 17 888 жаңа жеңіл және коммерциялық автомобиль саудалады, бұл тамызбен салыстырғанда 0,4% жоғары көрсеткіш. Жалпы тоғыз айда 137 106 автомобиль өткен (-0,7%).

Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті: «Үшінші тоқсанда әдеттегідей сауда көлемі екінші тоқсанға қарағанда жоғары болды, оған қоса, көрсеткіш былтырғы нәтижеге теңесуін жалғастырып жатыр. Бірақ жалпы 2024 жыл автомобиль нарығы үшін үлкен өзгеріссіз, бірқалыпты кезең болады, мұны біз өткен жылдың аяғынан бері көріп отырмыз».

Қыркүйекте жергілікті автонарықта дәстүрлі түрде Hyundai (4 218 бірл.; 2024 жылдың тамызымен салыстырғанда -3,4%) алға шықты. Екінші жүлдені 3 027 бірл. моделі сатылған Chevrolet алды (+26%). Үшінші орынға тұрақтаған Kia-ның 1 953 көлігі иесін тапты (+18,7%). Әрі қарай тізімде Chery (1 324 бірл.; +7,7%), Toyota (965 бірл.; -5,2%), Haval (883 бірл.; -1,8%), Geely (750 бірл.; -16,8%), Jac (747 бірл.; -27,8%), Jetour (705 бірл.; -21,1%) және Changan (577 бірл.; -12,3%) бар.

Қыркүйекте аса танымал болған модельдер тізімінде өзгеріс байқалды. Ұзақ үзілістен кейін Chevrolet Cobalt (2517 бірл.) қайта көш бастады. Hyundai Tucson (1 780 бірл.) екінші орынды иеленсе, үштікті Hyundai Elantra (700 бірл.) түйіндеді. Төртінші сатыға Hyundai Santa Fe (594) жайғасты. Ал Kia Sportage (551 бірл.) бесінші қатардан көрінді. Содан кейін тізімде Chery Tiggo 2 (545 бірл.), Kia K5 (476 бірл.), Chery Tiggo 7 Pro (432 бірл.), Hyundai Sonata (396 бірл.) және Haval M6 (382 бірл.) тұр.

Тоғыз ай қорытындысы бойынша нарықтағы үлесі 22,8%-ға жеткен Hyundai (31 214 бірл.) үздік атанды. Екінші тұрған Kia дилерлері 17 058 модельдің кілтін тапсырған. 15 780 бірл. өнімі өткен Chevrolet үшінші сатыға көтерілді. Chery брендінің 10 591 кроссовері мен седаны саудаланған. Jac бесінші орынды ешкімге бермеді (8 106).  Toyota (7 403 бірл.) бұл жолы алтыншы қатарды қанағат тұтты. Одан бөлек тізімде Haval (6 892 бірл.), Jetour (6 530 бірл.), Changan (6 116 бірл.) және Geely (5 607 бірл.) бар.

ТОП-20: 2024 ЖЫЛҒЫ ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ АВТОМОБИЛЬДЕР САУДАСЫ

  ҚЫРКҮЙЕК ҚАҢТАР-ҚЫРКҮЙЕК
2023 2024 % 2023 2024 %
Hyundai 3 618 4 218 16,6% 34 918  31 214  -10,6%
Chevrolet 3 179   3 027    -4,8%  31 947    15 780  -50,6%
Kia  2 199    1 953   -11,2%  18 583    17 058   -8,2%
Chery  1 439    1 324    -8,0%  8 416    10 591   25,8%
Toyota  1 176   965   -17,9%  6 874    7 403    7,7%
Haval  1 005     883    -12,1%  5 246     6 892    31,4%
Geely 343    750    118,7%  2 216     5 607    153,0%
Jac  634     747    17,8%  4 530     8 106    78,9%
Jetour 666    705    5,9%  1 634     6 530    299,6%
Changan 637    577    -9,4%  4 477     6 116    36,6%
Lexus 353    360    2,0%  2 797     2 636    -5,8%
GAZ 316    342    8,2%  2 455    3 089 25,8%
Skoda   231 0,0%   831 0,0%
Omoda 270    161 -40,4% 430 1 523 254,2%
Golden Dragon 15    130 766,7% 417  281    -32,6%
Jac Trucks 87    128    47,1% 769 878 14,2%
Yutong 45    124    175,6% 732    905    23,6%
Exeed 432    110    -74,5%  3 129     1 273    -59,3%
Kaiyi   107    0,0%   382    0,0%
Tank 158    102    -35,4% 518     1 427    175,5%
Другие  1 200    100 -91,7% 100  8 584    8484,0%
Общий итог  17 772     17 888    0,7%  138 028     137 106    -0,7%

Анықтама:

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) – «Казахстанский Автомобильный Союз» заңды тұлғалар бірлестігі – 2023 жылдың 21 шілдесінде Астанада құрылған коммерциялық емес құрылым.

ҚАО құрамына Қазақстанның автоөндірушілер қауымдастығы; Қазақстанның автокомпонент өндірушілері қауымдастығы; Қазақстанның дилерлер қауымдастығы; Қазақстанның жүрген автомобильдерді сату бойынша қауымдастығы; Қазақстанның автосарапшылар және аудиторлар қауымдастығы (автомобильжасау өнімдерінің сәйкестігін бағалау) кірді.

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» баспасөз қызметі
E-mail: press@kao.kz
+7 701 770 0257 Дина Букенбаева

logo
"Қазақстанның Автокөлік Одағы" заңды тұлғалар бірлестігі (ҚАО) – коммерциялық емес құрылым, 2023 жылғы 21 шілдеде Астана қаласында құрылған. Одаққа автоөндірушілер, автокомпоненттер өндірушілерінің, қоғамдық көліктердің, импорттаушылардың, дилерлердің, қолданылған автокөлік, автоэксперттер мен аудиторлардың (автомобиль жасау өнімінің сәйкестігін бағалау) қазақстандық қауымдастықтары бірікті
Біз туралы Шолулар және статистика Инфографика Жаңалықтар Байланыс
call +7 701 276 61 56 mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Қонаев көш., 12/1, 14 қабат

2025 © kao.kz — Қазақстанның Автокөлік Одағы. Барлық құқықтар қорғалған.