Астана қ., Алматы к-сі, 7, seven БО, 201 кеңсе
+7 701 276 61 56 info@kao.kz
logo logo
Біз туралы
Одақ туралы Одақ жарғысы Құрылым Одаққа қосылыңыз Жарнамалар
Шолулар және статистика
Инфографика
Жаңалықтар
Байланыс
RU KZ EN
call +7 701 276 61 56
mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Қонаев көш., 12/1, 14 қабат
Instagram
RU KZ EN

Другие новости

19 қыркүйек 2024
ТАМЫЗДАҒЫ ЖАҢА АВТОМОБИЛЬДЕР САУДАСЫ: ЕҢ ТАНЫМАЛ ОН МОДЕЛЬДІҢ ТОҒЫЗЫ ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН

28 қазан 2024
ҚЫРКҮЙЕКТЕ 17 888 ЖАҢА АВТОМОБИЛЬ САТЫЛДЫ

ҚР АВТОӨНЕРКӘСІБІ: СЕГІЗ АЙДА 80 МЫҢНАН АСА АВТОМОБИЛЬ ШЫҒАРЫЛДЫ

24 қыркүйек 2024

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) берген мәліметі бойынша жаздың соңғы айында Қазақстанда жалпы сомасы 140,3 млрд теңге құрайтын 10 748 бірл. техника жасалды. Бұл 2023 жылдың тамызындағы нәтижеден 4,9% төмен. Жалпы сегіз айда елдегі зауыттар 80 963 бірл. техника өндірді, ал былтыр қаңтар мен тамыз аралығында жалпы құны 1,05 трлн. теңгеге тең 97 709 бірл. техника конвейерге тұрды. Биылғы өндіріс көлемі 17,1% аз. Аталған салада жеңіл автомобиль үлесі басым – 72 750 бірл. (-17,8%). Сонымен қатар 5 350 бірл. жүк көлігі (-12,3%), 1 564 автобус (-10,2%), 986 бірл. тіркеме мен жартылай тіркеме және 313 бірл. басқа арнайы техника жасалды.
Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті: «Биыл өнеркәсіп министрлігінің талабы бойынша 2024 жылдың 1 шілдесінен кейін өндіріс бастаған әр брендтің кем дегенде бір моделі майда торапты әдіспен жасалуға тиіс. Қазір жұмыс істеп жатқан өндіріс орындарына бұл шара 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданылады. Аталған норма Қазақстандағы локализацияның дамуына оң әсер етеді, өйткені майда торапты әдіспен көлік өндіру көлемі ұлғаяды».
«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) берген ақпаратқа сәйкес 2024 жылдың сегіз айында Қостанайда 48 240 бірл. техника шықты (-16,6%). Алматыдағы (Hyundai Trans Kazakhstan, Hyundai Trans Almaty) мамандар 25 924 жеңіл және коммерциялық автомобиль құрастырды (-24,4%). Семейде (СемАЗ, Daewoo Bus Kazakhstan) 3 609 бірл. коммерциялық техника конвейерге тұрды (+36,3%). Қарағанды облысындағы QazTehna 876 бірл. техника жасады (+9,1%). Көкшетаудағы КАМАЗ-Инжиниринг клиенттеріне 632 бірл. коммерциялық техника жөнелтсе (-21,3%), басқа кәсіпорындар 1 652 бірл машина өндірді. (+26,7%).

Қаңтар-тамызда елдегі зауыттар ең көп құрастырған бес бренд (экспортты қосқанда):(Hyundai 25 612 бірл.), Kia (16 262 бірл.), Chevrolet (15 942 бірл.), Jac (8 784 бірл.) және Jetour (6 123 бірл.). Модельдер арасында Chevrolet Cobalt (13 289 бірл.), Hyundai Tucson (13 246 бірл.), Kia Sportage (6 676 бірл.), Hyundai Elantra (3 577 бірл.) және Jetour X70 (3 310 бірл.) басым.

Анықтама:

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) – «Казахстанский Автомобильный Союз» заңды тұлғалар бірлестігі – 2023 жылдың 21 шілдесінде Астанада құрылған коммерциялық емес құрылым.

ҚАО құрамына Қазақстанның автоөндірушілер қауымдастығы; Қазақстанның автокомпонент өндірушілері қауымдастығы; Қазақстанның дилерлер қауымдастығы; Қазақстанның жүрген автомобильдерді сату бойынша қауымдастығы; Қазақстанның автосарапшылар және аудиторлар қауымдастығы (автомобильжасау өнімдерінің сәйкестігін бағалау) кірді.


«Қазақстанның Автокөлік Одағы» баспасөз қызметі
E-mail: press@kao.kz,
+7 701 770 0257 Дина Букенбаева

logo
"Қазақстанның Автокөлік Одағы" заңды тұлғалар бірлестігі (ҚАО) – коммерциялық емес құрылым, 2023 жылғы 21 шілдеде Астана қаласында құрылған. Одаққа автоөндірушілер, автокомпоненттер өндірушілерінің, қоғамдық көліктердің, импорттаушылардың, дилерлердің, қолданылған автокөлік, автоэксперттер мен аудиторлардың (автомобиль жасау өнімінің сәйкестігін бағалау) қазақстандық қауымдастықтары бірікті
Біз туралы Шолулар және статистика Инфографика Жаңалықтар Байланыс
call +7 701 276 61 56 mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Қонаев көш., 12/1, 14 қабат

2025 © kao.kz — Қазақстанның Автокөлік Одағы. Барлық құқықтар қорғалған.