Астана қ., Алматы к-сі, 7, seven БО, 201 кеңсе
+7 701 276 61 56 info@kao.kz
logo logo
Біз туралы
Одақ туралы Одақ жарғысы Құрылым Одаққа қосылыңыз Жарнамалар
Шолулар және статистика
Инфографика
Жаңалықтар
Байланыс
RU KZ EN
call +7 701 276 61 56
mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Қонаев көш., 12/1, 14 қабат
Instagram
RU KZ EN

Другие новости

04 қыркүйек 2024
ОТАНДЫҚ АВТОМОБИЛЬДЕРДІҢ БАҒАСЫ ӨСКЕН ЖОҚ: ӨНІМДІЛІГІ ЖАҚСАРТЫЛҒАН ЖАҢА МОДЕЛЬДЕРДІ ТАҢДАУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ОРТАША ЧЕК ӨСТІ

24 қыркүйек 2024
ҚР АВТОӨНЕРКӘСІБІ: СЕГІЗ АЙДА 80 МЫҢНАН АСА АВТОМОБИЛЬ ШЫҒАРЫЛДЫ

ТАМЫЗДАҒЫ ЖАҢА АВТОМОБИЛЬДЕР САУДАСЫ: ЕҢ ТАНЫМАЛ ОН МОДЕЛЬДІҢ ТОҒЫЗЫ ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН

19 қыркүйек 2024
  • Тамыздағы топ-5: Hyundai, Chevrolet, Kia, Chery және Jac

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) берген мәліметі бойынша 2024 жылғы тамызда Қазақстан аумағында ресми дилерлер 17 829 жаңа жеңіл және коммерциялық автомобиль сатты, бұл былтырғы нәтижемен салыстырғанда 2,2% аз. Жалпы сегіз айда 119 225 автомобиль сатылды. бұл өткен жылғы қаңтар мен тамыз аралығындағы саудадан 0,9% төмен.

Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті: «Тамызда аса танымал болған үздік 10 модельдің тоғызы Қазақстанда жасалған. Бұл отандық автоөнеркәсіп тұрақты дамып келе жатқанын және тұтынушылар отандық өнімге үлкен сенім артатынын білдіреді. Нарықта бұрынғыдай тұтынушылардың көлік комплектациясына қатысты қалауы өзгергені байқалады. Мұның ізін ала көлік құралдарының өндірістік гаммасында да өзгеріс байқалды».

Жаздың соңғы айында нарықтағы үлесі 24,5%-ға жеткен Hyundai (4 367 бірл.; былтырғы тамызбен салыстырғанда -5,1%) көш бастады. Қостанайдан шыққан Chevrolet (2 403 бірл.; -28%) екінші орын алды. 1 646 моделі өткен Kia екінші ай қатарынан үшінші сатыға жайғасты (-3,9%). Одан кейін Chery (1 229 бірл.; -27,4%) мен Jac (1 035 бірл.; +18,4%) тұр. Алтыншы орынға 1 025 автомобилі иесін тапқан Toyota орналасты (+24,2%). Сондай-ақ тізімде Geely (901 бірл.; +133,4%), Haval (899 бірл.; +19,5%), Jetour (894 бірл.; +41%) және Changan (658 бірл.; -14,3%) бар.

Тамыздағы ең танымал модельдер тізіміне көп өзгеріс енбеді. Рейтингтің басында Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan зауытының бестселлері Hyundai Tucson (1 868 бірл.) тұр. Одан кейінгі екі сатыға Қостанайдағы Allur мамандары құрастырған Chevrolet Cobalt (1 710 бірл.) пен Kia Sportage (684 бірл.) тұрақтады. Төртінші жүлде 658 данасы өткен Hyundai Elantra-ның еншісінде кетсе, бесінші орын Hyundai Santa Fe-ге (557 бірл.) бұйырды. Одан бөлек тізімде Hyundai Sonata (498 бірл.), Chevrolet Onix (481 бірл.), Hyundai Bayon (470 бірл.), Jac J7 (465 бірл.) және Chery Tiggo 7 Pro (434 бірл.) бар.

Сегіз ай қорытындысы бойынша брендтер арасында Hyundai (26 996 бірл.; -13,8%) оқ бойы оза шапты. 15 105 автомобилі иесін тапқан Kia екінші орыннан көрінді (-7,8%). Үздік үштікті 12 753 машинасы саудаланған Chevrolet түйіндеді (-55,7%). Өнімі ең көп сатылған Қытай маркасы – Chery. Сегіз айда дилерлер 9 267 кроссовер және седан кілтін тапсырды (+32,8%). Қостанайлық Jac-тың 7 359 моделі өз иесін тапты (+88,9%). Toyota бұл жолы алтыншы орынды қанағат тұтты (6 445 бірл.; +13,1%). Одан кейін Haval (6 009 бірл.; +41,7%) мен Jetour (5 825 бірл.; +501,8%) тұр. Ал кілең мықтылардан құралған тізімнің соңына Changan (5 539 бірл.; +44,2%), Geely (4 857 бірл.; +159,3%) брендтері жайғасты.

ТОП-20: 2024 ЖЫЛҒЫ ТАМЫЗДАҒЫ ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ АВТОМОБИЛЬДЕР САУДАСЫ

  ТАМЫЗ ҚАҢТАР-ТАМЫЗ
2023 2024 % 2023 2024 %
Hyundai 4 604 4 367 -5,1% 31 300 26 996 -13,8%
Chevrolet 3 336 2 403 -28,0% 28 768 12 753 -55,7%
Kia 1 713 1 646 -3,9% 16 384 15 105 -7,8%
Chery 1 694 1 229 -27,4% 6 977 9 267 32,8%
Jac 874 1 035 18,4% 3 896 7 359 88,9%
Toyota 825 1 025 24,2% 5 698 6 445 13,1%
Geely 386 901 133,4% 1 873 4 857 159,3%
Haval 752 899 19,5% 4 241 6 009 41,7%
Jetour 634 894 41,0% 968 5 825 501,8%
Changan 768 658 -14,3% 3 840 5 539 44,2%
GAZ 330 336 1,8% 2 140 2 747 28,4%
Lexus 331 315 -4,8% 2 444 2 276 -6,9%
Skoda   238 0,0%   600 0,0%
Tank 177 175 -1,1% 360 1 325 268,1%
Omoda 160 150 -6,3% 160 1 362 751,3%
Kamaz 103 123 19,4% 562 638 13,5%
Lada 224 117 -47,8% 681 551 -19,1%
Yutong
144 110 -23,6% 687 781 13,7%
Jac Trucks 116 109 -6,0% 682 750 10,0%
Golden Dragon 12 100 733,3% 402 151 -62,4%
Басқалар 1 034 100 -90,3% 100 7 889 7789,0%
Жалпы нәтиже 18 217 17 829 -2,1% 120 257 119 225 -0,9%

Анықтама:

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) – «Казахстанский Автомобильный Союз» заңды тұлғалар бірлестігі – 2023 жылдың 21 шілдесінде Астанада құрылған коммерциялық емес құрылым.

ҚАО құрамына Қазақстанның автоөндірушілер қауымдастығы; Қазақстанның автокомпонент өндірушілері қауымдастығы; Қазақстанның дилерлер қауымдастығы; Қазақстанның жүрген автомобильдерді сату бойынша қауымдастығы; Қазақстанның автосарапшылар және аудиторлар қауымдастығы (автомобильжасау өнімдерінің сәйкестігін бағалау) кірді.

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» баспасөз қызметі
E-mail: press@kao.kz
+7 701 770 0257 Дина Букенбаева

logo
"Қазақстанның Автокөлік Одағы" заңды тұлғалар бірлестігі (ҚАО) – коммерциялық емес құрылым, 2023 жылғы 21 шілдеде Астана қаласында құрылған. Одаққа автоөндірушілер, автокомпоненттер өндірушілерінің, қоғамдық көліктердің, импорттаушылардың, дилерлердің, қолданылған автокөлік, автоэксперттер мен аудиторлардың (автомобиль жасау өнімінің сәйкестігін бағалау) қазақстандық қауымдастықтары бірікті
Біз туралы Шолулар және статистика Инфографика Жаңалықтар Байланыс
call +7 701 276 61 56 mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Қонаев көш., 12/1, 14 қабат

2025 © kao.kz — Қазақстанның Автокөлік Одағы. Барлық құқықтар қорғалған.