Другие новости
ТАМЫЗДАҒЫ ЖАҢА АВТОМОБИЛЬДЕР САУДАСЫ: ЕҢ ТАНЫМАЛ ОН МОДЕЛЬДІҢ ТОҒЫЗЫ ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН
- Тамыздағы топ-5: Hyundai, Chevrolet, Kia, Chery және Jac
«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) берген мәліметі бойынша 2024 жылғы тамызда Қазақстан аумағында ресми дилерлер 17 829 жаңа жеңіл және коммерциялық автомобиль сатты, бұл былтырғы нәтижемен салыстырғанда 2,2% аз. Жалпы сегіз айда 119 225 автомобиль сатылды. бұл өткен жылғы қаңтар мен тамыз аралығындағы саудадан 0,9% төмен.
Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті: «Тамызда аса танымал болған үздік 10 модельдің тоғызы Қазақстанда жасалған. Бұл отандық автоөнеркәсіп тұрақты дамып келе жатқанын және тұтынушылар отандық өнімге үлкен сенім артатынын білдіреді. Нарықта бұрынғыдай тұтынушылардың көлік комплектациясына қатысты қалауы өзгергені байқалады. Мұның ізін ала көлік құралдарының өндірістік гаммасында да өзгеріс байқалды».
Жаздың соңғы айында нарықтағы үлесі 24,5%-ға жеткен Hyundai (4 367 бірл.; былтырғы тамызбен салыстырғанда -5,1%) көш бастады. Қостанайдан шыққан Chevrolet (2 403 бірл.; -28%) екінші орын алды. 1 646 моделі өткен Kia екінші ай қатарынан үшінші сатыға жайғасты (-3,9%). Одан кейін Chery (1 229 бірл.; -27,4%) мен Jac (1 035 бірл.; +18,4%) тұр. Алтыншы орынға 1 025 автомобилі иесін тапқан Toyota орналасты (+24,2%). Сондай-ақ тізімде Geely (901 бірл.; +133,4%), Haval (899 бірл.; +19,5%), Jetour (894 бірл.; +41%) және Changan (658 бірл.; -14,3%) бар.
Тамыздағы ең танымал модельдер тізіміне көп өзгеріс енбеді. Рейтингтің басында Алматыдағы Hyundai Auto Kazakhstan зауытының бестселлері Hyundai Tucson (1 868 бірл.) тұр. Одан кейінгі екі сатыға Қостанайдағы Allur мамандары құрастырған Chevrolet Cobalt (1 710 бірл.) пен Kia Sportage (684 бірл.) тұрақтады. Төртінші жүлде 658 данасы өткен Hyundai Elantra-ның еншісінде кетсе, бесінші орын Hyundai Santa Fe-ге (557 бірл.) бұйырды. Одан бөлек тізімде Hyundai Sonata (498 бірл.), Chevrolet Onix (481 бірл.), Hyundai Bayon (470 бірл.), Jac J7 (465 бірл.) және Chery Tiggo 7 Pro (434 бірл.) бар.
Сегіз ай қорытындысы бойынша брендтер арасында Hyundai (26 996 бірл.; -13,8%) оқ бойы оза шапты. 15 105 автомобилі иесін тапқан Kia екінші орыннан көрінді (-7,8%). Үздік үштікті 12 753 машинасы саудаланған Chevrolet түйіндеді (-55,7%). Өнімі ең көп сатылған Қытай маркасы – Chery. Сегіз айда дилерлер 9 267 кроссовер және седан кілтін тапсырды (+32,8%). Қостанайлық Jac-тың 7 359 моделі өз иесін тапты (+88,9%). Toyota бұл жолы алтыншы орынды қанағат тұтты (6 445 бірл.; +13,1%). Одан кейін Haval (6 009 бірл.; +41,7%) мен Jetour (5 825 бірл.; +501,8%) тұр. Ал кілең мықтылардан құралған тізімнің соңына Changan (5 539 бірл.; +44,2%), Geely (4 857 бірл.; +159,3%) брендтері жайғасты.
ТОП-20: 2024 ЖЫЛҒЫ ТАМЫЗДАҒЫ ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ АВТОМОБИЛЬДЕР САУДАСЫ
ТАМЫЗ | ҚАҢТАР-ТАМЫЗ | |||||
2023 | 2024 | % | 2023 | 2024 | % | |
Hyundai | 4 604 | 4 367 | -5,1% | 31 300 | 26 996 | -13,8% |
Chevrolet | 3 336 | 2 403 | -28,0% | 28 768 | 12 753 | -55,7% |
Kia | 1 713 | 1 646 | -3,9% | 16 384 | 15 105 | -7,8% |
Chery | 1 694 | 1 229 | -27,4% | 6 977 | 9 267 | 32,8% |
Jac | 874 | 1 035 | 18,4% | 3 896 | 7 359 | 88,9% |
Toyota | 825 | 1 025 | 24,2% | 5 698 | 6 445 | 13,1% |
Geely | 386 | 901 | 133,4% | 1 873 | 4 857 | 159,3% |
Haval | 752 | 899 | 19,5% | 4 241 | 6 009 | 41,7% |
Jetour | 634 | 894 | 41,0% | 968 | 5 825 | 501,8% |
Changan | 768 | 658 | -14,3% | 3 840 | 5 539 | 44,2% |
GAZ | 330 | 336 | 1,8% | 2 140 | 2 747 | 28,4% |
Lexus | 331 | 315 | -4,8% | 2 444 | 2 276 | -6,9% |
Skoda | 238 | 0,0% | 600 | 0,0% | ||
Tank | 177 | 175 | -1,1% | 360 | 1 325 | 268,1% |
Omoda | 160 | 150 | -6,3% | 160 | 1 362 | 751,3% |
Kamaz | 103 | 123 | 19,4% | 562 | 638 | 13,5% |
Lada | 224 | 117 | -47,8% | 681 | 551 | -19,1% |
Yutong |
144 | 110 | -23,6% | 687 | 781 | 13,7% |
Jac Trucks | 116 | 109 | -6,0% | 682 | 750 | 10,0% |
Golden Dragon | 12 | 100 | 733,3% | 402 | 151 | -62,4% |
Басқалар | 1 034 | 100 | -90,3% | 100 | 7 889 | 7789,0% |
Жалпы нәтиже | 18 217 | 17 829 | -2,1% | 120 257 | 119 225 | -0,9% |
Анықтама:
«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) – «Казахстанский Автомобильный Союз» заңды тұлғалар бірлестігі – 2023 жылдың 21 шілдесінде Астанада құрылған коммерциялық емес құрылым.
ҚАО құрамына Қазақстанның автоөндірушілер қауымдастығы; Қазақстанның автокомпонент өндірушілері қауымдастығы; Қазақстанның дилерлер қауымдастығы; Қазақстанның жүрген автомобильдерді сату бойынша қауымдастығы; Қазақстанның автосарапшылар және аудиторлар қауымдастығы (автомобильжасау өнімдерінің сәйкестігін бағалау) кірді.
«Қазақстанның Автокөлік Одағы» баспасөз қызметі
E-mail: press@kao.kz
+7 701 770 0257 Дина Букенбаева