Астана қ., Алматы к-сі, 7, Seven БО, 201 кеңсе
+7 701 276 61 56 info@kao.kz
logo logo
Біз туралы
Одақ туралы Одақ жарғысы Құрылым Одаққа қосылыңыз
Шолулар және статистика
Инфографика
Жаңалықтар
Байланыс
RU KZ EN
call +7 701 276 61 56
mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Қонаев көш., 12/1, 14 қабат
Instagram
RU KZ EN

Другие новости

20 қаңтар
ҚР АВТОӨНЕРКӘСІБІ: 2024 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

11 ақпан
Автокөлік саласындағы ең сұранысқа ие мамандықтардың толық тізімі

Қазақстанда отандық өндірушілердің Біріңғай тізілімі іске қосылады

23 қаңтар

Қазіргі уақытта кәсіби қауымдастықта Қазақстандық өндірушілердің Бірыңғай тізілімін құру және іске қосу мәселесі белсенді талқылануда. Жаңа жүйе қолданыстағы СТ-KZ сертификаттары мен Индустриалдық сертификаттың орнына келеді деп жоспарлануда.

Реформа кәсіби ортада белсенді талқыланды. Талқылау кезеңіне мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, бизнес-қоғамдастық пен сарапшылар қатысты. Мәжіліс Парламентінің жұмыс топтары 10-нан астам отырыс өткізіп, «Атамекен» ҰКП өкілдері, салалық ассоциациялар мен кәсіпкерлердің қатысуымен 30-дан астам кездесулер өтті. Бұл кәсіпкерлік орта елде артық бюрократиялық және қаржылық шығындарды жою, процесті мүмкіндігінше ашық әрі тиімді ету ниетінде екенін көрсетеді.

Біздің пікірімізше, Тізілімнің күшті жақтары отандық өндірушінің мәртебесін растаудың объективтілігі ғана емес, сонымен қатар критерийлерге сәйкес келетін өндірушілердің мемлекеттік қолдау құралдарына мақсатты қол жетімділігі болуы керек.

«Цифрландыру процестерді ашық етеді және бюрократияны азайтады – бұл бизнесте өте маңызды. Жаңа енгізілімнің маңызды сәті – Қазақстандық өндірушілердің Бірыңғай тізілімінде тек кәсіпорындар туралы ғана емес, олардың өнімдері, қызмет түрлері, жұмысшылар саны, өндіріс көлемі туралы толық және жеткілікті ақпараттың көрсетілетіндігі. Жалпы, бұл – соңғы жылдары кәсіпкерлер айтқан дәл сол ашықтық. Тізілімге енгізу отандық бизнес үшін – отандық тауар өндірушілерді барлық реттелетін сатып алуларға қатысуға мүмкіндік беретін құрал».

«Қазақстанның автокөлік одағы» ЗТБ Президенті Анар Макашева

Сонымен қатар, механизмді жасаушылар басты артықшылықтар ретінде мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған деректер негізінде скорингтік жүйені қолдану арқылы адам факторының жойылуын атайды. Бұдан бөлек, Тізілім аясында барлық қызметтер өтеусіз көрсетілетін болады.

«Қазақстанның автокөлік одағының» мүшелері реформаны белсенді талқылау мемлекеттің де,бизнес-қоғамдастықтың да өзгерістерге дайын екендігін көрсетеді деп санайды. Қазақстанның тұрақты әрі берік негізін қалыптастыру үшін бәсекеге қабілеттілікті арттыру мен мемлекеттік даму институттары тарапынан нақты қолдау шараларынсыз – іс жүзінде қол жеткізу мүмкін емес міндет. Сондықтан да кез келген реформа, соның ішінде отандық өндірушілердің Бірыңғай тізілімін іске қосу, нақты міндеттерді шешуге бағытталуы тиіс.

«Қазақстанның автокөлік одағы» жобаның Ережелерін әзірлеуші тараптан, яғни ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің жан-жақты қамтитын саясатты және ашық талқылау жобасын қолдайды.

logo
"Қазақстанның Автокөлік Одағы" заңды тұлғалар бірлестігі (ҚАО) – коммерциялық емес құрылым, 2023 жылғы 21 шілдеде Астана қаласында құрылған. Одаққа автоөндірушілер, автокомпоненттер өндірушілерінің, қоғамдық көліктердің, импорттаушылардың, дилерлердің, қолданылған автокөлік, автоэксперттер мен аудиторлардың (автомобиль жасау өнімінің сәйкестігін бағалау) қазақстандық қауымдастықтары бірікті
Біз туралы Шолулар және статистика Инфографика Жаңалықтар Байланыс
call +7 701 276 61 56 mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Алматы к-сі, 7, Seven БО, 201 кеңсе

2025 © kao.kz — Қазақстанның Автокөлік Одағы. Барлық құқықтар қорғалған.