Астана қ., Алматы к-сі, 7, Seven БО, 201 кеңсе
+7 701 276 61 56 info@kao.kz
logo logo
Біз туралы
Одақ туралы Одақ жарғысы Құрылым Одаққа қосылыңыз
Шолулар және статистика
Инфографика
Жаңалықтар
Байланыс
RU KZ EN
call +7 701 276 61 56
mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Қонаев көш., 12/1, 14 қабат
Instagram
RU KZ EN

Другие новости

11 ақпан
Автокөлік саласындағы ең сұранысқа ие мамандықтардың толық тізімі

03 наурыз
ҚАҢТАРДА 8 929 ЖЕҢІЛ АВТОКӨЛІК ШЫҒАРЫЛДЫ

2025 ЖЫЛДЫҢ ҚАҢТАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҢА АВТОМОБИЛЬДЕР САУДАСЫ

21 ақпан
  • Қаңтардағы топ-5: Hyundai, Chevrolet, Kia, Chery, Geely

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) мәліметінше қаңтарда 11 252 бірл. жеңіл және коммерциялық автомобиль өтті, бұл былтырғы жылдың алғашқы айымен салыстырғанда 0,1% жоғары нәтиже. Қаңтарда дәстүрлі түрде көлік аз сатылады.

Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті:«2025 жылдың басында дилерлер клиенттерге барынша көңіл бөлу саясатын ұстанды: көбі түрлі науқандар өткізіп, қолжетімді автокредит бағдарламаларын ұсынды. Тағы бір маңызды тренд дилерлік желінің дамуы мен кеңеюіне инвестиция құю болды. Бұл 2024 жылғы рекордтық цифрлармен де, компаниялардың өз ынтасымен де байланысты. Дилерлік желілер берген ақпаратқа сүйенсек, бәсеке артқандықтан биыл нарықтағы ойыншылардың басым бөлігі қызмет көрсету сапасын жақсартуға және мамандарды дайындауға айрықша мән беруді жоспарлап отыр. Қаржы институттарымен бірлесіп қаржыландырудың шетел нарықтарында танымал механизмдері мен құралдары жасалып жатыр. Мұның бәрі бір ғана мақсат – елдің автопаркін жаңартуға бағытталған».

Қаңтар айындағы ең көп сатылған Үздік-10 автомобильдер тізімінің басында Hyundai (3 203 бірл.; былтырғы қаңтармен салыстырғанда +2,8%) тұр. Екінші орын 1191 машинасы өткен Chevrolet еншісінде (+48,3%). Үшінші сатыға жайғасқан Kia-ның 980 моделі иесін тапқан (-20,4%). Төртінші қатарға Chery орналасты (709 бірл.; -34,4%), ал бесінші орынға алғаш рет 660 моделі сатылған Geely тұрақтады (+104,3%). Toyota дилерлері бұл жолы 590 көліктің кілтін тапсырды (+9,5%). Рейтингті Jac (589 бірл.; -21,8%), Jetour (581 бірл.; +3,2%), Haval (580 бірл.; +9,6%) және Changan (372 бірл.; -16,4%) түйіндеді.

Қаңтардағы аса танымал болған Үздік-10 модельдер қатарында тағы Hyundai Tucson (1452 бірл.) көш бастады. Екінші жүлде Chevrolet Cobalt-қа (1113 бірл.) бұйырса, үшінші орынды Hyundai Elantra (571 бірл.) алды. Одан бөлек тізімде Hyundai Santa Fe (473 бірл.), Kia Sportage (460 бірл.), Chery Tiggo 7 (256 бірл.), Jac S3 (247 бірл.), Chery Tiggo 2 (244 бірл.), Toyota Camry (213 бірл.) және Hyundai Sonata (197 бірл.) бар.

 

ҮЗДІК 20: 2025 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАРДАҒЫ ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ АВТОМОБИЛЬДЕР САУДАСЫ

 

Қаңтар

2024

2025

%

Hyundai

3 117

3 203

2,8%

Chevrolet

803

1 191

48,3%

Kia

1 231

980

-20,4%

Chery

1 081

709

-34,4%

Geely

323

660

104,3%

Toyota

539

590

9,5%

Jac

753

589

-21,8%

Jetour

600

581

-3,2%

Haval

529

580

9,6%

Changan

445

372

-16,4%

GAZ

240

250

4,2%

Lada

152

204

34,2%

Lexus

196

140

-28,6%

Tank

131

118

-9,9%

Exeed

79

90

13,9%

Subaru

129

87

-32,6%

Kaiyi

 

85

0,0%

Skoda

 

66

0,0%

MG

 

55

0,0%

Omoda

96

53

-44,8%

Басқалар

797

649

-18,6%

Жалпы нәтиже

11 241

11 252

0,1%

Анықтама:

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) – «Казахстанский Автомобильный Союз» заңды тұлғалар бірлестігі – 2023 жылдың 21 шілдесінде Астанада құрылған коммерциялық емес құрылым.

ҚАО құрамына Қазақстанның автоөндірушілер қауымдастығы; Қазақстанның автокомпонент өндірушілері қауымдастығы; Қазақстанның дилерлер қауымдастығы; Қазақстанның жүрген автомобильдерді сату бойынша қауымдастығы; Қазақстанның автосарапшылар және аудиторлар қауымдастығы (автомобильжасау өнімдерінің сәйкестігін бағалау) кірді.

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» баспасөз қызметі

E-mail: press@kao.kz

+7 701 770 0257 Дина Букенбаева

logo
"Қазақстанның Автокөлік Одағы" заңды тұлғалар бірлестігі (ҚАО) – коммерциялық емес құрылым, 2023 жылғы 21 шілдеде Астана қаласында құрылған. Одаққа автоөндірушілер, автокомпоненттер өндірушілерінің, қоғамдық көліктердің, импорттаушылардың, дилерлердің, қолданылған автокөлік, автоэксперттер мен аудиторлардың (автомобиль жасау өнімінің сәйкестігін бағалау) қазақстандық қауымдастықтары бірікті
Біз туралы Шолулар және статистика Инфографика Жаңалықтар Байланыс
call +7 701 276 61 56 mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Алматы к-сі, 7, Seven БО, 201 кеңсе

2025 © kao.kz — Қазақстанның Автокөлік Одағы. Барлық құқықтар қорғалған.