Астана қ., Алматы к-сі, 7, Seven БО, 201 кеңсе
+7 701 276 61 56 info@kao.kz
logo logo
Біз туралы
Одақ туралы Одақ жарғысы Құрылым Одаққа қосылыңыз
Шолулар және статистика
Инфографика
Жаңалықтар
Байланыс
RU KZ EN
call +7 701 276 61 56
mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Қонаев көш., 12/1, 14 қабат
Instagram
RU KZ EN

Басқа жаңалықтар

21 ақпан
2025 ЖЫЛДЫҢ ҚАҢТАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҢА АВТОМОБИЛЬДЕР САУДАСЫ

14 наурыз
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҢА АВТОМОБИЛЬДЕРДІҢ САУДАСЫ АҚПАН АЙЫНДА 29,9% ӨСТІ

ҚАҢТАРДА 8 929 ЖЕҢІЛ АВТОКӨЛІК ШЫҒАРЫЛДЫ

03 наурыз

ҚР Ұлттық статистика бюросының берген мәліметі бойынша 2025 жылдың қаңтарында Қазақстандағы зауыттар жалпы сомасы 126,7 млрд теңге құрайтын барлық типті 9 606 бірл. автокөлік құралын өндірді. Ал былтыр сол кезеңде 149,1 млрд теңгелік 11 376 бірл. техника жасалған (-15,6%). Жалпы машинажасау саласындағы автоөнеркәсіп үлесі 43,1% шамасында болды. Қаңтар айында 8 929 бірл. жеңіл автокөліктері (-13,2%), 237 жүк көліктері (-57%), 171 автобустар (-28,8%), 231 тіркеме мен жартылай тіркеме 38 арнайы техникалары конвейерге тұрды.

Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті: «Қаңтар айының қорытындысы бойынша машинажасау саласындағы автоөнеркәсіптің үлесі 43%-ға жетті. 2025 жыл жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды, бұл осы сала үшін маңызды, биылдың өзінде іске қосылған жаңа кәсіпорындарға 5000-ға жуық маман қажет болады. 2025 жылы кәсіпорындарды жаңарту үшін инвестиция тарту процесі жалғасын табады, бұл локализация ауқымының кеңеюіне байланысты. Алдағы жылдары жаңа өндіріс орындары мен іргелес кәсіпорындар ашылып, білікті кадрларға сұраныс арта түседі. Саланың дамуы өндіріс қуатын күшейтіп қана қоймай, заманауи технологиялармен жұмыс істеп, автоөндірістің бәсекеге қабілетін сақтай алатын мамандар даярлайтын мықты жүйе құруды да талап етеді». 

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) мәліметінше қаңтарда Алматыдағы зауыттар (Hyundai Trans Kazakhstan, Hyundai Trans Almaty) 4 875 (+18,1%) жеңіл және коммерциялық автокөліктерді шығарды. Қостанайда  (Allur)  4 180 бірл. техника шықты (-32,6%). Қарағанды облысында (QazTehna) – 151 бірл. техника жасалды (+20,8%). Семейде (СемАЗ, Daewoo Bus Kazakhstan) – 118 бірл. (-73,1%), Көкшетауда (КАМАЗ-Инжиниринг) 30 бірл. коммерциялық техника конвейерге тұрды. Басқаларының нәтижесі – 252 бірл.

Қаңтарда көптеп шыққан бес бренд тізіміне (экспортты қосқанда)  Hyundai (4 796 бірл.), Chevrolet (1 315 бірл.), Jetour (1 225 бірл.), Kia (1 176 бірл.) және Skoda (236 бірл.) енді. Модельдер қатарында Hyundai Tucson (1 835 бірл.), Chevrolet Cobalt (1 308 бірл.), Hyundai Mufasa (1 051 бірл.)  Jetour X70 (625 бірл.), Kia Sportage (562 бірл.) және Hyundai Santa Fe (511 бірл.) басым.

logo
"Қазақстанның Автокөлік Одағы" заңды тұлғалар бірлестігі (ҚАО) – коммерциялық емес құрылым, 2023 жылғы 21 шілдеде Астана қаласында құрылған. Одаққа автоөндірушілер, автокомпоненттер өндірушілерінің, қоғамдық көліктердің, импорттаушылардың, дилерлердің, қолданылған автокөлік, автоэксперттер мен аудиторлардың (автомобиль жасау өнімінің сәйкестігін бағалау) қазақстандық қауымдастықтары бірікті
Біз туралы Шолулар және статистика Инфографика Жаңалықтар Байланыс
call +7 701 276 61 56 mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Алматы к-сі, 7, Seven БО, 201 кеңсе

2025 © kao.kz — Қазақстанның Автокөлік Одағы. Барлық құқықтар қорғалған.