Другие новости
ҚАҢТАРДА 8 929 ЖЕҢІЛ АВТОКӨЛІК ШЫҒАРЫЛДЫ
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҢА АВТОМОБИЛЬДЕРДІҢ САУДАСЫ АҚПАН АЙЫНДА 29,9% ӨСТІ

- Ақпандағы топ-5: Hyundai, Chevrolet, Kia, Jetour, Chery
«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) мәліметінше ақпан айында 15 208 жеңіл және коммерциялық автомобильдер, 755 жүк көліктері мен автобустар сатылды, бұл былтырғы ақпан айымен салыстырғанда 29,9% көп. Жалпы қаңтар-ақпан арасында 27 236 көлік саудаланған, бұл өткен жылғы дәл сол кезеңдегіден 15,7% жоғары көрсеткіш.
Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті: «Биыл қыста сауда көлемі төмендеген жоқ, ақпандағы көрсеткіштер қаңтардағыдан 41,6%, ал былтырғыдан үштен бірге жоғары болды. Бұл жаңа автомобильдерге деген сұраныс арта беретінін білдіреді, бұған автопарктің жаңарту мақсаты да себеп болып отыр. Модельдер мен брендтердің алуан түрін тартымды бағаға алу мүмкіндігі артқандықтан, сатып алушылар белсенді түрде жаңа автомобильдерді таңдап жатыр. Бұл пандемиядан кейінгі жағдай сияқты кейінге қалған сұраныс емес. Мұнда бірнеше фактор жүзеге асты: дилерлер өздерінің жеңілдікті кредиттерін қосқанда, тиімді бағдарламалар ұсынды. Оның үстіне модельдік қатар кеңейіп, Қазақстан нарығы жаңа брендтермен толықты. Дилерлердің сан түрлі ұсынысы клиенттердің көңілінен шықты».
Қыстың соңғы айында ең көп сатылған үздік 10 брендтің ең танымалы – Hyundai (4 043 бірл.; былтырғы ақпанмен салыстырғанда +44,8%,). 2 080 моделі өткен Chevrolet екінші орын алды (+79,3%). Үздіктер үштігін Kia (1 805 бірл.; -1,6%) түйіндеді. Jetour (1 160 бірл.; +113,2%) төртінші қатарға жайғасты. 1 038 автомобилі өткен Chery бесінші сатыға тұрақтады (-0,8%). Содан соң тізімде Jac (760 бірл.; +47%), Geely (757 бірл.; +78,1%), Haval (714 бірл.; +8,3%), Toyota (690 бірл.; +42,6%) және Changan (555 бірл.; +12,6%) тұр.
Ақпан айында сұраныс жоғары болған топ-10 модель тізімінің басына Chevrolet Cobalt (1 776 бірл.) оралды, екінші жүлде Hyundai Tucson-ға (1 734 бірл.) бұйырды, үшінші орынды Hyundai Elantra (960 бірл.) алды. Одан бөлек тізімде Kia Sportage (954 бірл.), рейтингке жаңадан қосылған Hyundai Mufasa (499 бірл.) мен Jetour X70 (384 бірл.), Chery Tiggo 7 Pro (370 бірл.), Jac S3 (354 бірл.), Kia Ceed (302 бірл.) және Chery Tiggo 2 (294 бірл.) бар.
Екі ай қорытындысы бойынша Hyundai (7 246 бірл.; +22,6%) алда келеді, одан кейін 3 271 моделі иесін тапқан Chevrolet тұр. Үшінші орын Kia-ның еншісінде (2 785; -9,1%). Сhery дилерлері 1 747 автомобиль өткізсе (-17,9%), үздік бестікті 1 741 моделі жолға шыққан Jetour түйіндеді (+52,2%).
ҮЗДІК-20: 2025 ЖЫЛҒЫ АҚПАНДАҒЫ ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ АВТОМОБИЛЬДЕРДІҢ САУДАСЫ
|
АҚПАН |
ҚАҢТАР-АҚПАН |
||||
2024 |
2025 |
% |
2024 |
2025 |
% |
|
Hyundai |
2 793 |
4 043 |
44,8% |
5 910 |
7 246 |
22,6% |
Chevrolet |
1 160 |
2 080 |
79,3% |
1 963 |
3 271 |
66,6% |
Kia |
1 834 |
1 805 |
-1,6% |
3 065 |
2 785 |
-9,1% |
Jetour |
544 |
1 160 |
113,2% |
1 144 |
1 741 |
52,2% |
Chery |
1 046 |
1 038 |
-0,8% |
2 127 |
1 747 |
-17,9% |
Jac |
517 |
760 |
47,0% |
1 270 |
1 349 |
6,2% |
Geely |
425 |
757 |
78,1% |
748 |
1 417 |
89,4% |
Haval |
659 |
714 |
8,3% |
1 188 |
1 294 |
8,9% |
Toyota |
484 |
690 |
42,6% |
1 023 |
1 292 |
26,3% |
Changan |
493 |
555 |
12,6% |
938 |
927 |
-1,2% |
GAZ |
350 |
289 |
-17,4% |
590 |
539 |
-8,6% |
Lada |
132 |
250 |
89,4% |
284 |
454 |
59,9% |
Skoda |
|
196 |
0,0% |
|
262 |
0,0% |
Tank |
136 |
194 |
42,6% |
267 |
312 |
16,9% |
Lexus |
243 |
163 |
-32,9% |
439 |
300 |
-31,7% |
Yutong |
148 |
128 |
-13,5% |
290 |
172 |
-40,7% |
Kamaz |
53 |
105 |
98,1% |
112 |
138 |
23,2% |
Exeed |
202 |
93 |
-54,0% |
281 |
183 |
-34,9% |
Kaiyi |
|
91 |
0,0% |
|
176 |
0,0% |
Subaru |
206 |
69 |
-66,5% |
335 |
156 |
-53,4% |
Басқалар |
868 |
783 |
-9,8% |
1 560 |
1 475 |
-5,4% |
Жалпы нәтиже |
12 293 |
15 963 |
29,9% |
23 534 |
27 236 |
15,7% |