Астана қ., Алматы к-сі, 7, seven БО, 201 кеңсе
+7 701 276 61 56 info@kao.kz
logo logo
Біз туралы
Одақ туралы Одақ жарғысы Құрылым Одаққа қосылыңыз Жарнамалар
Шолулар және статистика
Инфографика
Жаңалықтар
Байланыс
RU KZ EN
call +7 701 276 61 56
mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Қонаев көш., 12/1, 14 қабат
Instagram
RU KZ EN

Другие новости

03 наурыз
ҚАҢТАРДА 8 929 ЖЕҢІЛ АВТОКӨЛІК ШЫҒАРЫЛДЫ

27 наурыз
АҚПАНДАҒЫ АВТОКӨЛІКТЕР ӨНДІРІСІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҢА АВТОМОБИЛЬДЕРДІҢ САУДАСЫ АҚПАН АЙЫНДА 29,9% ӨСТІ

14 наурыз
  • Ақпандағы топ-5: Hyundai, Chevrolet, Kia, Jetour, Chery

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) мәліметінше ақпан айында 15 208 жеңіл және коммерциялық автомобильдер, 755 жүк көліктері мен автобустар сатылды, бұл былтырғы ақпан айымен салыстырғанда 29,9% көп. Жалпы қаңтар-ақпан арасында 27 236 көлік саудаланған, бұл өткен жылғы дәл сол кезеңдегіден 15,7% жоғары көрсеткіш.

Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті: «Биыл қыста сауда көлемі төмендеген жоқ, ақпандағы көрсеткіштер қаңтардағыдан 41,6%, ал былтырғыдан үштен бірге жоғары болды. Бұл жаңа автомобильдерге деген сұраныс арта беретінін білдіреді, бұған автопарктің жаңарту мақсаты да себеп болып отыр. Модельдер мен брендтердің алуан түрін тартымды бағаға алу мүмкіндігі артқандықтан, сатып алушылар белсенді түрде жаңа автомобильдерді таңдап жатыр. Бұл пандемиядан кейінгі жағдай сияқты кейінге қалған сұраныс емес. Мұнда бірнеше фактор жүзеге асты: дилерлер өздерінің жеңілдікті кредиттерін қосқанда, тиімді бағдарламалар ұсынды. Оның үстіне модельдік қатар кеңейіп, Қазақстан нарығы жаңа брендтермен толықты. Дилерлердің сан түрлі ұсынысы клиенттердің көңілінен шықты».

Қыстың соңғы айында ең көп сатылған үздік 10 брендтің ең танымалы – Hyundai (4 043 бірл.; былтырғы ақпанмен салыстырғанда +44,8%,). 2 080 моделі өткен Chevrolet екінші орын алды (+79,3%). Үздіктер үштігін Kia (1 805 бірл.; -1,6%) түйіндеді. Jetour (1 160 бірл.; +113,2%) төртінші қатарға жайғасты. 1 038 автомобилі өткен Chery бесінші сатыға тұрақтады (-0,8%). Содан соң тізімде Jac (760 бірл.; +47%), Geely (757 бірл.; +78,1%), Haval (714 бірл.; +8,3%), Toyota (690 бірл.; +42,6%) және Changan (555 бірл.; +12,6%) тұр.

Ақпан айында сұраныс жоғары болған топ-10 модель тізімінің басына Chevrolet Cobalt (1 776 бірл.) оралды, екінші жүлде Hyundai Tucson-ға (1 734 бірл.) бұйырды, үшінші орынды Hyundai Elantra (960 бірл.) алды. Одан бөлек тізімде Kia Sportage (954 бірл.), рейтингке жаңадан қосылған Hyundai Mufasa (499 бірл.) мен Jetour X70 (384 бірл.), Chery Tiggo 7 Pro (370 бірл.), Jac S3 (354 бірл.), Kia Ceed (302 бірл.) және Chery Tiggo 2 (294 бірл.) бар.

Екі ай қорытындысы бойынша Hyundai (7 246 бірл.; +22,6%) алда келеді, одан кейін 3 271 моделі иесін тапқан Chevrolet тұр. Үшінші орын Kia-ның еншісінде (2 785; -9,1%). Сhery дилерлері 1 747 автомобиль өткізсе (-17,9%), үздік бестікті 1 741 моделі жолға шыққан Jetour түйіндеді (+52,2%).

     

ҮЗДІК-20: 2025 ЖЫЛҒЫ АҚПАНДАҒЫ ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ АВТОМОБИЛЬДЕРДІҢ САУДАСЫ

 

АҚПАН

ҚАҢТАР-АҚПАН

2024

2025

%

2024

2025

%

Hyundai

2 793

4 043

44,8%

5 910

7 246

22,6%

Chevrolet

1 160

2 080

79,3%

1 963

3 271

66,6%

Kia

1 834

1 805

-1,6%

3 065

2 785

-9,1%

Jetour

544

1 160

113,2%

1 144

1 741

52,2%

Chery

1 046

1 038

-0,8%

2 127

1 747

-17,9%

Jac

517

760

47,0%

1 270

1 349

6,2%

Geely

425

757

78,1%

748

1 417

89,4%

Haval

659

714

8,3%

1 188

1 294

8,9%

Toyota

484

690

42,6%

1 023

1 292

26,3%

Changan

493

555

12,6%

938

927

-1,2%

GAZ

350

289

-17,4%

590

539

-8,6%

Lada

132

250

89,4%

284

454

59,9%

Skoda

 

196

0,0%

 

262

0,0%

Tank

136

194

42,6%

267

312

16,9%

Lexus

243

163

-32,9%

439

300

-31,7%

Yutong

148

128

-13,5%

290

172

-40,7%

Kamaz

53

105

98,1%

112

138

23,2%

Exeed

202

93

-54,0%

281

183

-34,9%

Kaiyi

 

91

0,0%

 

176

0,0%

Subaru

206

69

-66,5%

335

156

-53,4%

Басқалар

868

783

-9,8%

1 560

1 475

-5,4%

Жалпы нәтиже

12 293

15 963

29,9%

23 534

27 236

15,7%

 

logo
"Қазақстанның Автокөлік Одағы" заңды тұлғалар бірлестігі (ҚАО) – коммерциялық емес құрылым, 2023 жылғы 21 шілдеде Астана қаласында құрылған. Одаққа автоөндірушілер, автокомпоненттер өндірушілерінің, қоғамдық көліктердің, импорттаушылардың, дилерлердің, қолданылған автокөлік, автоэксперттер мен аудиторлардың (автомобиль жасау өнімінің сәйкестігін бағалау) қазақстандық қауымдастықтары бірікті
Біз туралы Шолулар және статистика Инфографика Жаңалықтар Байланыс
call +7 701 276 61 56 mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Қонаев көш., 12/1, 14 қабат

2025 © kao.kz — Қазақстанның Автокөлік Одағы. Барлық құқықтар қорғалған.