Астана қ., Алматы к-сі, 7, seven БО, 201 кеңсе
+7 701 276 61 56 info@kao.kz
logo logo
Біз туралы
Одақ туралы Одақ жарғысы Құрылым Одаққа қосылыңыз Жарнамалар
Шолулар және статистика
Инфографика
Жаңалықтар
Байланыс
RU KZ EN
call +7 701 276 61 56
mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Қонаев көш., 12/1, 14 қабат
Instagram
RU KZ EN

Другие новости

14 наурыз
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҢА АВТОМОБИЛЬДЕРДІҢ САУДАСЫ АҚПАН АЙЫНДА 29,9% ӨСТІ

11 сәуір
ҚАО AUTOMECHANIKA ASTANA 2025 КӨРМЕСІ АЯСЫНДАҒЫ ІСКЕРЛІК БАҒДАРЛАМАҒА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАДЫ

АҚПАНДАҒЫ АВТОКӨЛІКТЕР ӨНДІРІСІ

27 наурыз

    ҚР ұлттық статистика бюросының берген мәліметі бойынша биыл ақпанда Қазақстандағы зауыттар жалпы құны 151,6 млрд теңге болатын барлық типті 11 282 бірл. автокөліктер құралын өндірді. Бұл қаңтардағыдан – 17,4%, былтырғы ақпан нәтижесінен 3,2% төмен көрсеткіш.

Жалпы екі айда 278,3 млрд теңгеден жоғары сомаға 20 888 бірл. (2024 жылғы сәйкес сол кезеңмен салыстырғанда -9,3%) көлік құралы шығарылды. Әдеттегідей, көбісі жеңіл автокөліктер – 19 285 бірл.        (-7,7%). Жүк автомобильдерінің саны – 673 бірл. (-39,3%), автобустар саны – 297 бірл. (-36%). Одан бөлек 532 бірл. тіркеме мен жартылай тіркеме және 101 бірл. басқа арнайы техникалар жасалды. Машинажасау саласындағы автоөнеркәсіптің үлесі екі айда 40,5% құрады.

Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті: «Қазір отандық автоиндустриядағы басты тренд – локализацияны дамыту. Мұнда автозауыттар меңгеріп алған шанақ дәнекерлеу және сырлау сияқты күрделі технологиялық операциялар туралы ғана сөз болып отырған жоқ. Қазақстанда жасалған автокомпоненттерді пайдалану да маңызды. Қазір бірнеше өңірде бөлшек және керек-жарақ шығаратын өнеркәсіп кластерлері құрылды. Бұл біз Қазақстан автоөнеркәсібі үшін стратегия ретінде таңдаған жол. Локализация аса маңызды, себебі мемлекет жаңа өндіріс орындары мен технологияларға қолдау көрсетуге дайын. Бірақ нақты міндеттер де бар. Мысалы, 2025 жыл қорытындысы бойынша автокөлік өндірушілер кем дегенде 30% өнімін майда торапты әдіспен (CKD) құрастыруға тиіс».

2025 жылдың алғашқы екі айында Қостанайда (Allur) 11 030 бірл. техника жасалды (-13,4%). Алматыдағы кәсіпорындар (Hyundai Trans Kazakhstan, Hyundai Trans Almaty) 8 536 жеңіл және коммерциялық автокөліктерді шығарды (+11,5%). Семейде (СемАЗ, Daewoo Bus Kazakhstan) 339 бірл. коммерциялық техникасы конвейерге тұрды (-62,6%). Қарағандыдағы зауыт (QazTehna) мамандары 262  техника құрастырса (+8,3%), Көкшетаудағы КАМАЗ-Инжиниринг клиенттеріне 132 бірл. коммерциялық техника жөнелтті (-22,4%). Басқаларының нәтижесі – 589 бірл.

Биылғы қаңтар мен ақпанда көптеп шыққан бес бренд тізіміне (экспортты қосқанда) Hyundai (8 431 бірл., +10,8%), Chevrolet (4 147 бірл.; +17,7%), Kia (3 442 бірл.; -15,6%), Jetour (2 004 бірл.; -12,6%) және Jac (880 бірл.; -68,1%) кірді. Модельдер арасында Chevrolet Cobalt (3 802 бірл.), Hyundai Tucson (3 011 бірл.), Hyundai Mufasa (1 792 бірл.), Kia Sportage (1 658 бірл.), Jetour X50 (963 бірл.), және Hyundai Santa Fe (955 бірл.) басым.

logo
"Қазақстанның Автокөлік Одағы" заңды тұлғалар бірлестігі (ҚАО) – коммерциялық емес құрылым, 2023 жылғы 21 шілдеде Астана қаласында құрылған. Одаққа автоөндірушілер, автокомпоненттер өндірушілерінің, қоғамдық көліктердің, импорттаушылардың, дилерлердің, қолданылған автокөлік, автоэксперттер мен аудиторлардың (автомобиль жасау өнімінің сәйкестігін бағалау) қазақстандық қауымдастықтары бірікті
Біз туралы Шолулар және статистика Инфографика Жаңалықтар Байланыс
call +7 701 276 61 56 mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Қонаев көш., 12/1, 14 қабат

2025 © kao.kz — Қазақстанның Автокөлік Одағы. Барлық құқықтар қорғалған.