Другие новости
Отандық автоөнеркәсіп қазақ тілінде «сөйлей» бастады
ҚР АВТОӨНЕРКӘСІБІ: 2024 ЖЫЛДЫҢ ОН АЙЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Қазан айында 20 мыңнан аса жаңа автомобиль сатылды

- Қазандағы топ-5: Chevrolet, Hyundai, Kia, Chery және Toyota
«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) берген мәліметі бойынша 2024 жылдың қазанында Қазақстан аумағында ресми дилерлер 21 491 жеңіл және коммерциялық автомобильдерді сатты, бұл былтырғы осы уақытпен салыстырғанда 18,3% жоғары көрсеткіш. Жалпы он айда 158 621 автомобиль өткен (+1,5%).
Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті: «Қазан айындағы сатылым 20 мың автокөліктен асты, бұл биылғы жылдың ең жақсы көрсеткіші. Маркетинг кампаниялары жыл аяғына дейін қолдау көрсететіні анық. Жалпы 2024 жыл да, алдағы жыл да автомобиль нарығы үшін тұрақтылық кезеңі болады».
Күздің екінші айында 6 265 бірл. моделі өткен Chevrolet (былтырғы қазанмен салыстырғанда +64%) көш бастады. Одан кейінгі екі қатарға Hyundai (2 955 бірл.; -13,5%) мен Kia (2 412 бірл.; +1,1%) жайғасты. Содан соң тізімде Chery (1 385 бірл.; +15%), Haval (1329 бірл.; +69,1%), Toyota (1 176 бірл.; -0,7%), Jac (981 бірл.; +23,7%), Jetour (907 бірл.; +46,3%), Geely (652 бірл.; +86,3%) және Changan (618 бірл.; +13,8%) тұр.
Қазан айындағы ең танымал модельдер арасында екінші ай қатарынан Chevrolet Cobalt (5857 бірл.) алда келеді. Hyundai Tucson (1 327 бірл.) екінші сатыға орналасса, Kia Sorento тағы үштікті түйіндеді (746). Төртінші орын бұл жолы Kia Sportage (734 бірл.) кроссоверіне бұйырды. Бұдан бөлек тізімде Hyundai Elantra (673 бірл.), Haval M6 (672 бірл.), Chery Tiggo 2 (556 бірл.), Toyota Camry (516 бірл.), Chery Tiggo 7 Pro (440 бірл.) және Haval Jolion (391 бірл.) бар.
Он ай қорытындысы бойынша дәстүрлі түрде Hyundai (34 169 бірл.) үздік атанды. 22 045 данасы сатылған Chevrolet екінші орынға көтерілді. Kia (19 470 бірл.) үшінші сатыға тұрақтады. Төртінші болып тұрған Chery брендінің 11 976 кроссовері мен седаны иесін тапқан. Jac (9 087 ед) бесінші орын иеленсе, Toyota алтыншы қатардан көрінді (8 579 бірл.). Содан соң тізімде Haval (8 221 бірл.), Jetour (7 437 бірл.), Changan (6 734 бірл.) және Geely (6 259 бірл.) тұр.
ТОП-20: 2024 ЖЫЛҒЫ ҚАЗАНДАҒЫ ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ АВТОМОБИЛЬДЕР САУДАСЫ
ҚАЗАН | ҚАҢТАР-ҚАЗАН | |||||
2023 | 2024 | % | 2023 | 2024 | % | |
Chevrolet | 3 821 | 6 265 | 64,0% | 35 768 | 22 045 | -38,4% |
Hyundai | 3 415 | 2 955 | -13,5% | 38 333 | 34 169 | -10,9% |
Kia | 2 386 | 2 412 | 1,1% | 20 969 | 19 470 | -7,1% |
Chery | 1 204 | 1 324 | 15,0% | 9 620 | 11 976 | 24,5% |
Haval | 786 | 1 329 | 69,1% | 6 032 | 8 221 | 36,3% |
Toyota | 1 184 | 1 176 | -0,7% | 8 058 | 8 579 | 6,5% |
Jac | 793 | 981 | 23,7% | 5 323 | 9 087 | 70,7% |
Jetour | 620 | 907 | 46,3% | 2 254 | 7 437 | 229,9% |
Geely | 350 | 652 | 86,3% | 2 566 | 6 259 | 143,9% |
Changan | 543 | 618 | 13,8% | 5 020 | 6 734 | 34,1% |
GAZ | 295 | 325 | 10,2% | 2 750 | 3 414 | 24,1% |
Lexus | 267 | 310 | 16,1% | 3 064 | 2 946 | -3,9% |
Tank | 182 | 190 | 4,4% | 700 | 1 617 | 131,0% |
Omoda | 351 | 153 | -56,4% | 781 | 1 676 | 114,6% |
Subaru | 149 | 134 | -10,1% | 1 274 | 897 | -29,6% |
Skoda | 134 | 0,0% | 965 | 0,0% | ||
Lada | 175 | 128 | -26,9% | 1 111 | 750 | -32,5% |
Jac Trucks | 108 | 123 | 13,9% | 877 | 1 001 | 14,1% |
Golden Dragon | 2 | 121 | 5950,0% | 419 | 402 | -4,1% |
Yutong | 206 | 115 | -44,2% | 938 | 1 020 | 8,7% |
Басқалар | 1 337 | 100 | -92,5% | 10 345 | 9 956 | -3,8% |
Жалпы нәтиже | 18 174 | 21 491 | 18,3% | 156 202 | 158 621 | 1,5% |
Анықтама:
«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) – «Казахстанский Автомобильный Союз» заңды тұлғалар бірлестігі – 2023 жылдың 21 шілдесінде Астанада құрылған коммерциялық емес құрылым.
ҚАО құрамына Қазақстанның автоөндірушілер қауымдастығы; Қазақстанның автокомпонент өндірушілері қауымдастығы; Қазақстанның дилерлер қауымдастығы; Қазақстанның жүрген автомобильдерді сату бойынша қауымдастығы; Қазақстанның автосарапшылар және аудиторлар қауымдастығы (автомобильжасау өнімдерінің сәйкестігін бағалау) кірді.
«Қазақстанның Автокөлік Одағы» баспасөз қызметі
E-mail: press@kao.kz
+7 701 770 0257 Дина Букенбаева