Басқа жаңалықтар
Қазан айында 20 мыңнан аса жаңа автомобиль сатылды
ҚАРАШАДА ЖАҢА АВТОМОБИЛЬДЕР НАРЫҒЫ 10,7% ӨСТІ
ҚР АВТОӨНЕРКӘСІБІ: 2024 ЖЫЛДЫҢ ОН АЙЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
| 
 ҚР Ұлттық статистика бюросының берген мәліметі бойынша қазан айында Қазақстанда жалпы құны 189,8 млрд теңгені құрайтын 14 885 бірл. техника жасалған. Өндіріс көлемі былтырғы қазанға қарағанда 2,8% ұлғайды. Жалпы он айда елдегі зауыттар 107 128 бірл. техника құрастырды, оның ішінде жеңіл автомобиль саны – 96 554 (-14,4%), жүк көліктері – 6 404 (-14,7%), автобустар – 2 207 (-3,1%). Сонымен қатар жалпы құны 1,39 трлн теңге болатын 1 504 бірл. тіркеме мен жартылай тіркеме және 459 бірл. басқа арнайы техника жасалды.  | 
| 
 Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті: «Майда торапты өндірісті дамытуға инвестиция құю дегеніміз, жаңа жұмыс орындары, жаңа технологиялық құзыреттер. Қазақстан автоөнеркәсібі әлемдегі жағдай ушығып тұрған шақта да тұрақтылығын көрсетіп, белсенді дамып келеді».  | 
| 
 «Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) берген ақпаратына сәйкес 2024 жылдың он айында Қостанайда (Allur) 66 037 бірл. техника шықты (-11,8%). Алматыдағы кәсіпорындар (Hyundai Trans Kazakhstan, Hyundai Trans Almaty) 32 584 бірл. жеңіл және коммерциялық автомобиль өндірді (-22,9%). Семейде (СемАЗ, Daewoo Bus Kazakhstan) 4 197 бірл. коммерциялық техника конвейерге тұрса (+26,1%), Қарағанды облысындағы QazTehna клиенттеріне 1 140 бірл. техника жөнелтті (-6,4%). Көкшетаудағы мамандар (КАМАЗ-Инжиниринг) 975 бірл. коммерциялық техника құрастырды (-4,2%). Басқаларының нәтижесі – 2 165 бірл. техника (+9,3%).  |