Астана қ., Алматы к-сі, 7, Seven БО, 201 кеңсе
+7 701 276 61 56 info@kao.kz
logo logo
Біз туралы
Одақ туралы Одақ жарғысы Құрылым Одаққа қосылыңыз
Шолулар және статистика
Инфографика
Жаңалықтар
Байланыс
RU KZ EN
call +7 701 276 61 56
mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Қонаев көш., 12/1, 14 қабат
Instagram
RU KZ EN

Басқа жаңалықтар

21 қараша 2024
ҚР АВТОӨНЕРКӘСІБІ: 2024 ЖЫЛДЫҢ ОН АЙЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

27 желтоқсан 2024
Қараша айында рекордтық 16 865 жеңіл автомобиль шығарылды

ҚАРАШАДА ЖАҢА АВТОМОБИЛЬДЕР НАРЫҒЫ 10,7% ӨСТІ

13 желтоқсан 2024
  • Қарашадағы топ-5: Chevrolet, Hyundai, Kia, Chery, Haval

 

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) берген мәліметі бойынша күздің соңғы айында 20 984 бірл. жеңіл автомобильдер мен коммерциялық техника сатылды, бұл өткен жылдың осы айымен салыстырғанда 10,7% жоғары нәтиже. Жалпы 2024 жылдың 11 айында дилерлер 179 628 жаңа көліктің кілтін тапсырған (+2,6%).

 

Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті: «Жыл аяғы – жаңа автомобиль алу үшін тамаша уақыт! Екі ай қатарынан нарықта 20 мыңнан астам машина сатылғаны тіркелді. Қазақстан тұрғындарына келе жатқан Жаңа жыл мерекесі құтты болсын дейміз және 2025 жылы бақыт, табыс тілейміз! Ресми дилерлер жаңа жылға қарсы ұсынып жатқан жеңілдіктерді пайдаланып, тиімі шартпен автомобиль алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар».

 

Қарашада саудасы қызған брендтер көшін осымен екі ай қатарынан Chevrolet (4 418 бірл.; (былтырғы қарашамен салыстырғанда +4,1%) бастады. Hyundai дилерлері 3 829 автомобиль сатты (+6,3%), 1 617 көлігі өткен Kia үшінші қатарға жайғасты  (-23%), төртінші орын Chery-ге бұйырды (1 515; -24,4%). Бесінші қатардан көрінген Haval-дың нәтижесі – 1 451 бірл. (+89,4%). Toyota алтыншы орынға орналасты (1 211 бірл.; -3,3%). Одан бөлек тізімде Geely (978 бірл.; +116,4%), Changan (966 бірл.; +100%) және Jetour (923 бірл.; +48,9%) бар.

Қарашада ең танымал модельдердің үштігіне Chevrolet Cobalt (4 159 бірл.), Hyundai Tucson (1 843 бірл.) және алғаш рет Haval M6 (727 бірл.) енді. Төртінші сатыға Hyundai Elantra (726 бірл.) тұрақтады. Сонымен қатар тізімге Chery Tiggo 7 Pro (618 бірл.), Chery Tiggo 4 (546 бірл.), Toyota Camry (511 бірл.), Hyundai Sonata (508 бірл.), Changan CS55 Plus (466 бірл.) және Kia Sportage (437 бірл.) кірді.

Он бір ай қорытындысы бойынша брендтер арасында Hyundai (37 998 бірл.) жеңімпаз атанды, екінші орын Chevrolet (26 463) еншісінде. 21 087 машинасы жолға шыққан Kia үштікті түйіндеді. Ал төртінші сатыға 13 491 автомобилі өткен Chery орналасты. Jac әлі де бесінші орынды ешкімге берер емес (10 143 бірл.) Toyota алтыншы орынға орналасты (9 790 ед.). Содан соң Haval (9 672 бірл.), Jetour (8 360 бірл.), Changan (7 700 бірл.) және Geely (7 237 бірл.) тұр.

ТОП-20: 2024 ЖЫЛДЫҢ ҚАРАШАДАҒЫ ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ АВТОМОБИЛЬДЕРДІҢ САУДАСЫ

 

ҚАРАША

ҚАҢТАР-ҚАРАША

2023

2024

%

2023

2024

%

Chevrolet

4 243

4 418

4,1%

40 011

26 463

-33,9%

Hyundai

3 602

3 829

6,3%

41 935

37 998

-9,4%

Kia

2 101

1 617

-23,0%

23 070

21 087

-8,6%

Chery

1 218

1 515

24,4%

10 838

13 491

24,5%

Haval

766

1 451

89,4%

6 798

9 672

42,3%

Toyota

1 252

1 211

-3,3%

9 310

9 790

5,2%

Jac

858

1 056

23,1%

6 181

10 143

64,1%

Geely

452

978

116,4%

3 018

7 237

139,8%

Changan

483

966

100,0%

5 503

7 700

39,9%

Jetour

620

923

48,9%

2 874

8 360

190,9%

GAZ

369

330

-10,6%

3 119

3 744

20,0%

Lexus

256

321

25,4%

3 320

3 267

-1,6%

Tank

176

187

6,3%

876

1 804

105,9%

Omoda

451

171

-62,1%

1 232

1 847

49,9%

Jac Trucks

176

159

-9,7%

1 053

1 160

10,2%

Lada

186

152

-18,3%

1 297

902

-30,5%

Golden Dragon

106

123

16,0%

525

525

0,0%

Skoda

 

120

0,0%

 

1 085

0,0%

Kaiyi

 

115

0,0%

 

611

0,0%

Exeed

241

112

-53,5%

3 692

1 485

-59,8%

Басқалар

1 401

1 228

-12,3%

10 507

11 257

7,1%

Жалпы нәтиже

18 957

20 984

10,7%

175 159

179 628

2,6%

logo
"Қазақстанның Автокөлік Одағы" заңды тұлғалар бірлестігі (ҚАО) – коммерциялық емес құрылым, 2023 жылғы 21 шілдеде Астана қаласында құрылған. Одаққа автоөндірушілер, автокомпоненттер өндірушілерінің, қоғамдық көліктердің, импорттаушылардың, дилерлердің, қолданылған автокөлік, автоэксперттер мен аудиторлардың (автомобиль жасау өнімінің сәйкестігін бағалау) қазақстандық қауымдастықтары бірікті
Біз туралы Шолулар және статистика Инфографика Жаңалықтар Байланыс
call +7 701 276 61 56 mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Алматы к-сі, 7, Seven БО, 201 кеңсе

2025 © kao.kz — Қазақстанның Автокөлік Одағы. Барлық құқықтар қорғалған.