Астана қ., Алматы к-сі, 7, seven БО, 201 кеңсе
+7 701 276 61 56 info@kao.kz
logo logo
Біз туралы
Одақ туралы Одақ жарғысы Құрылым Одаққа қосылыңыз Жарнамалар
Шолулар және статистика
Инфографика
Жаңалықтар
Байланыс
RU KZ EN
call +7 701 276 61 56
mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Қонаев көш., 12/1, 14 қабат
Instagram
RU KZ EN

Другие новости

13 желтоқсан 2024
ҚАРАШАДА ЖАҢА АВТОМОБИЛЬДЕР НАРЫҒЫ 10,7% ӨСТІ

15 қаңтар
ҚР АВТОНАРЫҒЫ: 2024 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Қараша айында рекордтық 16 865 жеңіл автомобиль шығарылды

27 желтоқсан 2024
  • Коммерциялық автомобиль және коммерциялық техника өндірісі қарашада 37,3% өсті.

ҚР Ұлттық статистика бюросы берген мәліметі бойынша 2024 жылдың қарашасында Қазақстандағы зауыттар жалпы сомасы 231,9 млрд теңге құрайтын барлық типті 17 989 бірл. көлік құралын өндірген. Ал былтыр жалпы құны 162,1 млрд теңге болатын 13 104 бірл. техника жасалды (+37,3%). Негізгі өндіріс көлемі жеңіл автомобильдердің (16 865 бірл.) үлесінде және бұл – биылғы үздік нәтиже.

Он бір ай қорытындысы бойынша елде 1,62 трлн теңгеге 125 117 бірл. техника (-9,1%) өндірілген. Оның ішінде 113 419 жеңіл автомобиль (-8,9%), 6 792 бірл. жүк автомобилі (-17,4%), 2 557 автобус (-4,2%), сонымен қатар 1 823 бірл. тіркеме мен жартылай тіркеме және 526 бірл. басқа техника бар. Машинажасау саласындағы автомобиль жасау үлесі 40,7% деңгейінде сақталып тұр.

Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті: «2024 жылы отандық автоөндірушілер айтарлықтай жетістікке жетті: модельдік қатарды кеңейтіп, жаңа технологияларды меңгерді және компонент базасы жақсарып келеді. 2025 жылы тұтынушыларымызға жаңа көлік алу үшін көбірек мүмкіндік ұсынамыз, бұл автопаркті жаңартып, халықтың өмір сапасын жақсарту жолындағы маңызды қадам болмақ. Алда бізді жаңа мақсаттар күтіп тұр. Барша елге келе жатқан Жаңа жыл құтты болсын дейміз және зор денсаулық тілейміз!».

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) дерегінше он бір айда Қостанайдағы мамандар (Allur) 77 526 бірл. техника құрастырған (-6,4%). Алматыда (Hyundai Trans Kazakhstan, Hyundai Trans Almaty) 38 310 бірл. жеңіл автомобиль жасалды (-17%). Семейде (СемАЗ, Daewoo Bus Kazakhstan) 4 364 бірл. коммерциялық техника конвейерге тұрса (+12,7%), Қарағанды облысындағы QazTehna 1 356 бірл. техника жөнелтті (-3,5%). Көкшетаудағы кәсіпорынның (КАМАЗ-Инжиниринг) нәтижесі – 1 084 бірл. коммерциялық техника (-9,8%). Басқалары 2 447 бірл. техника шығарды (+14%).

Қаңтар мен қараша аралығында көптеп шыққан бес бренд тізіміне (экспортты қосқанда) Hyundai (37 523 бірл.), Chevrolet (32 108 бірл.), Kia (22 056 бірл.), Jac (12 248 бірл.) және Jetour (9 392 бірл.) енді. Модельдер арасында Chevrolet Cobalt (27 316 бірл.), Hyundai Tucson (19 080 бірл.), Kia Sportage (8 309 бірл.), Hyundai Elantra (5 766 бірл.) және Jetour X70 (4 464 бірл.) басым.

Анықтама:

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) – «Казахстанский Автомобильный Союз» заңды тұлғалар бірлестігі – 2023 жылдың 21 шілдесінде Астанада құрылған коммерциялық емес құрылым.

ҚАО құрамына Қазақстанның автоөндірушілер қауымдастығы; Қазақстанның автокомпонент өндірушілері қауымдастығы; Қазақстанның дилерлер қауымдастығы; Қазақстанның жүрген автомобильдерді сату бойынша қауымдастығы; Қазақстанның автосарапшылар және аудиторлар қауымдастығы (автомобильжасау өнімдерінің сәйкестігін бағалау) кірді.


«Қазақстанның Автокөлік Одағы» баспасөз қызметі
E-mail: press@kao.kz
+7 701 770 0257 Дина Букенбаева

logo
"Қазақстанның Автокөлік Одағы" заңды тұлғалар бірлестігі (ҚАО) – коммерциялық емес құрылым, 2023 жылғы 21 шілдеде Астана қаласында құрылған. Одаққа автоөндірушілер, автокомпоненттер өндірушілерінің, қоғамдық көліктердің, импорттаушылардың, дилерлердің, қолданылған автокөлік, автоэксперттер мен аудиторлардың (автомобиль жасау өнімінің сәйкестігін бағалау) қазақстандық қауымдастықтары бірікті
Біз туралы Шолулар және статистика Инфографика Жаңалықтар Байланыс
call +7 701 276 61 56 mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Қонаев көш., 12/1, 14 қабат

2025 © kao.kz — Қазақстанның Автокөлік Одағы. Барлық құқықтар қорғалған.