Астана қ., Алматы к-сі, 7, seven БО, 201 кеңсе
+7 701 276 61 56 info@kao.kz
logo logo
Біз туралы
Одақ туралы Одақ жарғысы Құрылым Одаққа қосылыңыз Жарнамалар
Шолулар және статистика
Инфографика
Жаңалықтар
Байланыс
RU KZ EN
call +7 701 276 61 56
mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Қонаев көш., 12/1, 14 қабат
Instagram
RU KZ EN

Другие новости

27 желтоқсан 2024
Қараша айында рекордтық 16 865 жеңіл автомобиль шығарылды

20 қаңтар
ҚР АВТОӨНЕРКӘСІБІ: 2024 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

ҚР АВТОНАРЫҒЫ: 2024 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

15 қаңтар
  • 2024 жылы ел тұрғындары 205 111 жаңа жеңіл және коммерциялық автомобильдерді сатып алды
  • Үздік 5 бренд: Hyundai, Chevrolet, Kia, Chery, Jac

 

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) берген мәліметі бойынша былтыр ресми дилерлер 205 111 жаңа автомобильдің кілтін тапсырды (+3,2%). Бұл 2023 жылдың төртінші тоқсандағы сатылымдардың қарқынды өсуімен салыстырмалы ұқсас. Желтоқсанда 25 570 көлік өткен, бұл 2023 жылғы сол аймен салыстырғанда 8,6% жоғары көрсеткіш. Биылғы сауда – Қазақстан авторитейлінің тарихындағы ең жақсы нәтиже.

1

Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті: «Бастапқыда сауда аз болғанымен, 2024 жылы бәсеке күшейіп, өндірушілер мен дилерлер тиімді ұсыныстарды көптеп жасады. Үкімет, Қаржы нарығын реттеу агенттігі, екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдары бірлесе жұмыс атқарып, бастапқы жарнаның болмауы, бөліп төлеу мүмкіндігі сияқты қаржыландыру шараларын жүзеге асырды. Сатып алушыларға жақсы жағдай жасалды. Мұның нәтижесі де көп күттірген жоқ. Автомобиль нарығы екінші жыл қатарынан рекорд жасап келеді».

2024 жылы Қазақстандағы ең танымал көліктер арасында екінші рет Hyundai (нарықтағы үлесі 21,6%) жеңімпаз атанды. Қаңтар мен желтоқсан аралығында брендтің 44 218 автомобилі өтті, көбін Алматыдағы кәсіпорындар құрастырған (былтырғы нәтижемен салыстырғанда -5,4%). Екінші орын Қостанайдағы Chevrolet еншісінде (30 927 бірл.; -32,5%). Үшінші орын 23 045 өнімі иесін тапқан Kia-ға бұйырды (-9,6%). Ал Chery бұл жолы төртінші орынға тұрақтады (14 883 бірл.; +21,7%). Бұрын жетінші қатарда тұрған қостанайлық Jac бесінші сатыға көтерілді (11 771 бірл.; +56,7%). 11 045 машинасы саудаланған Toyota алтыншы орынды қанағат тұтты (+2,7%). Жетінші қатарға жайғасқан Haval-дың дилерлері 10 983 машина сатты (+45,3%). Бұдан бөлек табысты брендтер ондығына Jetour (9 507 бірл.; +141,9%), Changan (8 510 бірл.; +39,8%) және Geely (8 252 бірл.; +126,5%) кірді.

 2

Қазақстан автонарығында Қытай брендтерінің үлесі артып, соңғы төрт жылда 39%-ға жетті, әлі де саудасы қызып тұр. Бұл әлемдік үрдіс, қазір Қытай ең ірі автоөндірушіге айналды. Дәстүрлі қозғалтқышпен жүретін көліктерден бөлек нарықта гибрид және электромобиль бар. Ең танымал электрлі машина – Zeekr, ресми сатушылар бір жылда 809 электромобиль сатқан. Биыл BYD ресми саудасын бастады.


Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті: «Жалпы нарықта сатып алушылардың брендтерге де, модельдерге де қатысты талғамы өзгергені байқалды. 2025 жылы нарық құрылымы өзгеріп, жергілікті өндіріс қарқынды дамиды деп күтіп отырмыз, себебі модельдік қатар кеңейіп жатыр».

2024 жылғы ең танымал 10 модель қатарын әдеттегідей Chevrolet Cobalt (26 537 бірл.), Hyundai Tucson (22 389 бірл.) және Kia Sportage (8 834 бірл.) бастап тұр. Сонымен қатар тізімде Hyundai Elantra (6 520 бірл.), Chery Tiggo 2 (5 310 бірл.), Haval M6 (5 185 бірл.), Chery Tiggo 7 Pro (4 907 бірл.), Jac J7 (4 585 бірл.), Hyundai Santa Fe (4 423 бірл.) және Kia Sorento (4 208 бірл.) бар.

ТОП-20: 2024 ЖЫЛҒЫ ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ АВТОМОБИЛЬДЕРДІҢ САУДАСЫ

 

ЖЕЛТОҚСАН

ҚАҢТАР-ЖЕЛТОҚСАН

2023

2024

%

2023

2024

%

Hyundai

4 790

6 300

31,5%

46 725

44 218

-5,4%

Chevrolet

5 796

4 464

-23,0%

45 807

30 927

-32,5%

Kia

2 425

1 958

-19,3%

25 495

23 045

-9,6%

Jac

1 333

1 628

22,1%

7 514

11 771

56,7%

Chery

1 391

1 417

1,9%

12 229

14 883

21,7%

Haval

760

1 311

72,5%

7 558

10 983

45,3%

Toyota

1 446

1 255

-13,2%

10 756

11 045

2,7%

Jetour

1 056

1 147

8,6%

3 930

9 507

141,9%

Geely

625

1 015

62,4%

3 643

8 252

126,5%

Changan

584

810

38,7%

6 087

8 510

39,8%

Lexus

249

411

65,1%

3 569

3 678

3,1%

GAZ

378

401

6,1%

3 497

4 145

18,5%

Yutong

395

345

-12,7%

1 608

1 434

-10,8%

Kamaz

251

344

37,1%

1 194

1 226

2,7%

Skoda

 

316

0,0%

 

1 401

0,0%

Tank

139

243

74,8%

1 015

2 047

101,7%

Omoda

153

241

57,5%

1 385

2 088

50,8%

Lada

180

183

1,7%

1 477

1 085

-26,5%

Jac Trucks

179

176

-1,7%

1 232

1 336

8,4%

Kaiyi

 

162

0,0%

 

773

0,0%

Басқалар

1 411

1 443

2,3%

13 979

12 757

-8,7%

Жалпы нәтиже

23 541

25 570

8,6%

198 700

205 111

3,2%


 

logo
"Қазақстанның Автокөлік Одағы" заңды тұлғалар бірлестігі (ҚАО) – коммерциялық емес құрылым, 2023 жылғы 21 шілдеде Астана қаласында құрылған. Одаққа автоөндірушілер, автокомпоненттер өндірушілерінің, қоғамдық көліктердің, импорттаушылардың, дилерлердің, қолданылған автокөлік, автоэксперттер мен аудиторлардың (автомобиль жасау өнімінің сәйкестігін бағалау) қазақстандық қауымдастықтары бірікті
Біз туралы Шолулар және статистика Инфографика Жаңалықтар Байланыс
call +7 701 276 61 56 mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Қонаев көш., 12/1, 14 қабат

2025 © kao.kz — Қазақстанның Автокөлік Одағы. Барлық құқықтар қорғалған.