Другие новости
Жаңа автомобильдер рекорд жасады! Тамызда Қазақстанда 18 мыңнан аса техника өтті

- Топ-5: Hyundai, Chevrolet, Kia, Chery, Jac
Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) берген мәлімет бойынша жаздың соңғы айында елде 17 200 жеңіл автомобиль мен жеңіл коммерциялық техника, 1031 жүк көлігі мен автобус сатылған, бұл былтырғы тамызбен салыстырғанда 59,5% көп.
Жыл басынан бері отандық дилерлер 120 322 автомобильдің (+60,5%) кілтін тапсырыпты.
Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті: «Жаз шыға сала басталған рекорд жаңарту тренді тамызда да жалғасын тауып, 18 000 жаңа автомобиль саудаға түсті. Бұл 2023 жылғы ғана емес, Қазақстан авторитейлінің тарихында болмаған көрсеткіш. Драйвер – брендтер тарапынан ұсыныс көбейіп, топтамаға бюджеттік модельдердің көптеп қосылуы және түрлі қаржылық бағадарламалар.»
Тамызда Hyundai саудасы қызған 10 марка арасында үздік атанды (өткен жылғы тамызбен салыстырғанда 4 624; +107,7%). Chevrolet-нің 3 363 автомобилі (-13,4%) иесін тапты. Үшінші орын Kia еншісінде (1 713; +15,4%). Chery бренді 1 694 (+226,4%) машина сатып, төртінші қатардан көрінді. Оның бұл жетістігіне Tiggo 2 едәуір үлес қосты. Қостанайдан шыққан Jac-тың 874 (+199,3%) көлігі өткен. Toyota тамызда алтыншы орынды қанағат тұтты (825; -17,3%). Соңғы бір-екі айда Changan мен Haval өзара орын алмасып келеді (768 және 752). Үздік ондыққа Jetour (634) мен Geely (368) қосылды.
Ең танымал модельдер көшін әдеттегідей Chevrolet Cobalt (2 030) бастады, одан кейін Hyundai Tucson (1 416) келеді. Үштікті Kia Sportage (845) түйіндеді. Төртінші орын алғаш рет Chery Tiggo 2 (840) кроссоверіне бұйырды. Әрі қарай тізімде Hyundai Sonata (520), Jac J7 (471) және Chery Tiggo 7 Pro (436) тұр.
Сегіз ай қорытындысы бойынша Hyundai (31 381; +76,4%) оза шауып, 28 768 автомобилі өткен Chevrolet-ні (+40,4%) шаң қаптырды. Үшінші қатарға жайғасқан Kia-ның 16 384 моделі (+95,3%) өтті. Chery дилерлері 6 977 машина (+268,8%) сатты. Toyota-ның 5 698 (-11,1%) өнімі өтті.
Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті: «2023 жылы нарық соңғы жылдары жаһанды жайлаған дағдарыстан ептеп шығып, жандана бастады. Дегенмен қиын сәтте де Қазақстанның автомомбиль саласы өз деңгейін сақтады, бұл комплект жеткізушшілермен келісіп, балама логистика бағыттарын құрған отандық кәсіпорындар мен бренд ұстаушылардың сенімі арқасында жүзеге асқан іс. Мұның бәрі елге көптеп көлік жеткізуге, нарыққа жаңа брендтер шығаруға мүмкіндік берді. Осы маусымда дистрибьюторлар тағы бірнеше көлікті таныстыруға дайындалып жатыр, кәсіпорындар өндіріс көлемін ұлғайтты. Бәсеке болса, дилерлер клиенттерге жақсы қаржы бағдарламаларын ұсынып, түрлі шара өткізуге, сервистік қызметтің ең жақсы шарттарын ұсынуға тырысады, сондықтан сауда да қызады.»
ТОП-20: 2023 ЖЫЛҒЫ ТАМЫЗДАҒЫ ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ АВТОМОБИЛЬДЕР САУДАСЫ
ТАМЫЗ | ҚАҢТАР-ТАМЫЗ | |||||
2023 | 2024 | % | 2022 | 2024 | % | |
Hyundai | 2 226 | 4 624 | 107,7% | 17 789 | 31 381 | 76,4% |
Chevrolet | 3 854 | 3 336 | -13,4% | 20 485 | 28 768 | 40,4% |
Kia | 1 485 | 1 713 | 15,4% | 8 391 | 16 384 | 95,3% |
Chery | 519 | 1 694 | 226,4% | 1 892 | 6 977 | 268,8% |
JAC | 292 | 874 | 199,3% | 1 775 | 3 896 | 119,5% |
Toyota | 998 | 825 | -17,3% | 6 409 | 5 698 | -11,1% |
Changan | 768 | 3 840 | ||||
Haval | 36 | 752 | 1988,9% | 581 | 4 238 | 629,4% |
Jetour | 634 | 968 | ||||
Geely | 386 | 1 873 | ||||
Exeed | 233 | 356 | 52,8% | 651 | 2 697 | 314,3% |
Lexus | 231 | 331 | 43,3% | 1 685 | 2 444 | 45,0% |
GAZ | 181 | 329 | 81,8% | 1 208 | 2 139 | 77,1% |
Lada | 592 | 224 | -62,2% | 6 331 | 681 | -89,2% |
Tank | 177 | 360 | ||||
Omoda | 160 | 160 | ||||
Yutong | 20 | 144 | 620,0% | 78 | 687 | 780,8% |
Subaru | 27 | 117 | 333,3% | 220 | 963 | 337,7% |
JAC Trucks | 79 | 116 | 46,8% | 356 | 682 | 91,6% |
Kamaz | 109 | 103 | -5,5% | 811 | 562 | -30,7% |
Басқалар | 549 | 570 | 62,9% | 6 311 | 4 924 | 66,9% |
Нәтиже | 11 431 | 18 233 | 59,5% | 74 973 | 120 322 | 60,5% |
Анықтама:
«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) – «Казахстанский Автомобильный Союз» заңды тұлғалар бірлестігі – 2023 жылдың 21 шілдесінде Астанада құрылған коммерциялық емес құрылым.
ҚАО құрамына Қазақстанның автоөндірушілер қауымдастығы; Қазақстанның автокомпонент өндірушілері қауымдастығы; Қазақстанның дилерлер қауымдастығы; Қазақстанның жүрген автомобильдерді сату бойынша қауымдастығы; Қазақстанның автосарапшылар және аудиторлар қауымдастығы (автомобильжасау өнімдерінің сәйкестігін бағалау) кірді.
«Қазақстанның Автокөлік Одағы» баспасөз қызметі
E-mail: press@kao.kz
Моб. тел.: + 7 705 291 5091
Байланысушы тұлға: Мадина Бектұрғанова