Астана қ., Алматы к-сі, 7, seven БО, 201 кеңсе
+7 701 276 61 56 info@kao.kz
logo logo
Біз туралы
Одақ туралы Одақ жарғысы Құрылым Одаққа қосылыңыз Жарнамалар
Шолулар және статистика
Инфографика
Жаңалықтар
Байланыс
RU KZ EN
call +7 701 276 61 56
mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Қонаев көш., 12/1, 14 қабат
Instagram
RU KZ EN

Другие новости

14 қыркүйек 2023
Жаңа автомобильдер рекорд жасады! Тамызда Қазақстанда 18 мыңнан аса техника өтті

17 қазан 2023
ҚР автоөнеркәсібі: 2023 жылғы 10 ай қорытындысы

ҚАЗАҚСТАННЫҢ АВТОМОБИЛЬ НАРЫҒЫНЫҢ 2023 ЖЫЛДЫҢ ҚЫРКҮЙЕК АЙЫНДАҒЫ САТЫЛЫМЫ

13 қазан 2023
  • Үздік бестік: Hyundai, Chevrolet, Kia, Chery, Toyota

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) мәліметі бойынша қыркүйек айында 16 950 жеңіл автокөлік пен жеңіл коммерциялық техника, сонымен қатар, 827 жүк көлігі мен автобус сатылды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 47,2% көп. 2023 жылдың тоғыз айы ішінде қазақстандық дилерлер 138 100 авто сатты (+58,4%).

Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті: «Қыркүйек айында бірден 6 брендтің сату көрсеткіші төрт таңбалы санды көрсетті – бұл салауатты бәсекелестіктің өскенін білдіреді, көбіне қаржы бағдарламалары ассортиментінің кеңеюі мен жасалауына байланысты. Биыл жаңа көліктердің жылдық сатылымы 2013 жылғы рекордтық деңгейге жетейін деп тұр, сол жылы сатылған көліктер саны 165 мыңнан сәл асқан болатын».

Қыркүйек айында Hyundai ең көп сатылатын 10 марканың ішінде бірінші орынды иеленуін жалғастыруда (өткен жылғы қыркүйек айымен салыстырғанда 3 624; +40,8%). Chevrolet дилерлері 3 179 автомобиль (-20,5%) сатты, Kia өзінің ең жақсы нәтижесін көрсетуде - 2 199 дана (+64,7%). Chery дилерлері 1 439 (+154,7%) автокөлік сатып брендті төртінші орынға жайғастырды. Бесінші орынға қыркүйекте Toyota қайтып келді – 1 176 дана (+43,2%). Haval алтыншы орында (1 004 дана; +750,8%). Jetour тоғызыншы орыннан жетінші орынға көтерілді (666). Рейтингтің ондығын Changan (637), Jac (634; +96,9%) және Exeed (432; +66,2%) түйіндеді.

2023 жылдың қыркүйек айында ең танымал модельдердің үздік ондығына бірден үш жаңа көлік енді. Chevrolet Cobalt (2030) пен Hyundai Tucson (895) әлі де көш басында, оларға алғаш рет Hyundai i20 хэтчбегі (855) қосылды. Әрі қарай тізімде Chery Tiggo 2 (805), Kia Sportage (740), Chevrolet Onix (658), Toyota Camry (657), Hyundai Santa Fe (630), Haval M6 (554) және Hyundai i30 (404).

Тоғыз айдың қорытындысы бойынша брендтік рейтингте Hyundai көш бастап тұр (35 005; +71,9%), екінші орында 31 947 көлік сатқан Chevrolet (+30,5%), үшінші орында 18 583 көлік сатқан Kia (+91%). Chery дилерлері 8 416 автокөлікті (+242,5%) сатты. Ең көп сатылатын брендттер бестігін Toyota (6 874; -5%) жапты.

ҮЗДІК ЖИЫРМАЛЫҚ: 2023 ЖЫЛДЫҢ ҚЫРКҮЙЕК АЙЫНДАҒЫ ЖАҢА ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ АВТОМОБИЛЬДЕР САТЫЛЫМЫ


  ҚЫРКҮЙЕК ҚАҢТАР-ҚЫРКҮЙЕК
2022
2023 
% 2022 
2023  %
Hyundai 2 574 3 624 40,8% 20 363 35 005  71,9%
Chevrolet 4 000   3 179    -20,5% 24 485    31 947  30,5%
Kia  1 336   2 199    64,6%  9 727     18 583    91,0%
Chery  565    1 439    154,7%  2 457    8 416   242,5%
Toyota  821   1 176   43,2%  7 230    6 874    -4,9%
Haval  118     1004    750,8%  699     5 243    650,1%
Jetour   666    0,0%       1 634    0,0%
Changan  2     637    31750,0%  2     4 477    -
Jac 322    634    96,9%  2 097     4 530    116,0%
Exeed 260    432    66,2%  911     3 129    243,5%
Lexus 261  353    35,2%  1 946     2 797    43,7%
Geely   343    0,0%   2 216    0,0%
GAZ 280  316  12,9% 1 488 2 455  65,0%
Omoda   270    0,0%   430 0,0%
Lada 374  255    -31,8%  6 705    936    -86,0%
Subaru 116    161    38,8% 336     1 124    234,5%
Tank   158    0,0%   518    0,0%
BMW 31    115    271,0% 423     1 114    163,4%
Mitsubishi 32    114    256,3% 287    598    108,4%
Kamaz 78    88    12,8% 897    650    -27,5%
Басқалары  907    614    -32,3%  7 116     5 424    -23,8%
Жалпы жиыны  12 077     17 777    47,2%  87 169     138 100    58,4%

Анықтама:

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) заңды тұлғалар бірлестігі – коммерциялық емес құрылым, 2023 жылы 21 шілдеде Астана қаласында құрылды.

ҚАО құрамына Қазақстанның автоөндірушілер қауымдастығы, Қазақстанның автокомпонент өндірушілері қауымдастығы, Қазақстанның дилерлер қауымдастығы, Қазақстанның пайдаланылған автомобильдерді сату бойынша қауымдастығы, Қазақстанның автосарапшылар және аудиторлар қауымдастығы (автомобиль жасау өнімдерінің сәйкестігін бағалау) кіреді. 

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» баспасөз қызметі
E-mail: press@kao.kz
Моб. тел.: + 7 775 837 85 19
Байланысушы тұлға: Асия Нурпейсова

logo
"Қазақстанның Автокөлік Одағы" заңды тұлғалар бірлестігі (ҚАО) – коммерциялық емес құрылым, 2023 жылғы 21 шілдеде Астана қаласында құрылған. Одаққа автоөндірушілер, автокомпоненттер өндірушілерінің, қоғамдық көліктердің, импорттаушылардың, дилерлердің, қолданылған автокөлік, автоэксперттер мен аудиторлардың (автомобиль жасау өнімінің сәйкестігін бағалау) қазақстандық қауымдастықтары бірікті
Біз туралы Шолулар және статистика Инфографика Жаңалықтар Байланыс
call +7 701 276 61 56 mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Қонаев көш., 12/1, 14 қабат

2025 © kao.kz — Қазақстанның Автокөлік Одағы. Барлық құқықтар қорғалған.