Астана қ., Алматы к-сі, 7, seven БО, 201 кеңсе
+7 701 276 61 56 info@kao.kz
logo logo
Біз туралы
Одақ туралы Одақ жарғысы Құрылым Одаққа қосылыңыз Жарнамалар
Шолулар және статистика
Инфографика
Жаңалықтар
Байланыс
RU KZ EN
call +7 701 276 61 56
mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Қонаев көш., 12/1, 14 қабат
Instagram
RU KZ EN

Другие новости

13 қазан 2023
ҚАЗАҚСТАННЫҢ АВТОМОБИЛЬ НАРЫҒЫНЫҢ 2023 ЖЫЛДЫҢ ҚЫРКҮЙЕК АЙЫНДАҒЫ САТЫЛЫМЫ

07 қараша 2023
Қазақстанда сатылған жаңа көлік саны 150 мыңнан асты

ҚР автоөнеркәсібі: 2023 жылғы 10 ай қорытындысы

17 қазан 2023
  • Автомобиль және коммерциялық техника өндірісі 40,2% артты.

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) берген мәлімет бойынша биыл қазан айында отандық зауыттар жалпы құны 181,1 млрд теңге болатын 14 396 көлік құралын шығарды. Бір жыл бұрын 102.9 млрд теңгелік 9 700 техника өндірген (+48,4%). Жалпы тоғыз ай ішінде 123 948 көлік конвейерден түсті (+40,2%).

Елде жасалған техниканың басым бөлігі жеңіл автомобиль (112 840; +40,5%). Жүк көлігінің де үлесі артты (7 506; +23,7%). Одан бөлек мамандар 2 234 автобус (+136,4%), 954 тіркеме және жартылай тіркеме, 414 арнайы техника құрастырды.

Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті: «Автоөнеркәсіп Қазақстан индустриясының негізгі драйвері болып отыр. Бір-екі жыл бұрын елдегі машинажасау саласының үштен бірі автоөнеркәсіп үлесінде болған, ал қазір алғаш рет 50%-ға жетті. Бұл саланың жалпы ішкі өнімге қосқан үлесі он айда 1.5 трлн теңгеге жуықтады».

Он айда Қостанайда (Allur) 74 885 (+38,4%) техника жасалды. Алматыдағы кәсіпорындар (Hyundai Trans Kazakhstan, Hyundai Trans Almaty) 42 269 (+42,2%) жеңіл және коммерциялық техника өндірді. Семейдегі мамандар (СемАЗ, Daewoo Bus Kazakhstan) 3 333 коммерциялық техника (+66,7%) құрастырса, Қарағанды облысы (QazTehna) 1 218 техника (+322,9%) жөнелтті. Көкшетаудағы КАМАЗ-Инжиниринг 991 (-1,0%) техниканы конвейерден түсірді.

2023 жылғы қаңтар мен қазан аралығында елдегі ең танымал бес бренд қатарына (экспортты қосқанда) Hyundai (41 540), Chevrolet (32 211), Kia (21 534), Jac (16 199) және Jetour (2 838) енді. Модельдер арасында Chevrolet Cobalt (19 641), Hyundai Tucson (11 809), Jac J7 (10 941), Kia Sportage (9 438) және Hyundai Santa Fe (7 560 ед) аса танымал.

Анықтама:

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) – «Казахстанский Автомобильный Союз» заңды тұлғалар бірлестігі – 2023 жылдың 21 шілдесінде Астанада құрылған коммерциялық емес құрылым.

ҚАО құрамына Қазақстанның автоөндірушілер қауымдастығы; Қазақстанның автокомпонент өндірушілері қауымдастығы; Қазақстанның дилерлер қауымдастығы; Қазақстанның жүрген автомобильдерді сату бойынша қауымдастығы; Қазақстанның автосарапшылар және аудиторлар қауымдастығы (автомобильжасау өнімдерінің сәйкестігін бағалау) кірді.


«Қазақстанның Автокөлік Одағы» баспасөз қызметі
E-mail: press@kao.kz
+7 701 770 0257 Дина Букенбаева
+7 777 987 4208 Алима Унгарбаева

logo
"Қазақстанның Автокөлік Одағы" заңды тұлғалар бірлестігі (ҚАО) – коммерциялық емес құрылым, 2023 жылғы 21 шілдеде Астана қаласында құрылған. Одаққа автоөндірушілер, автокомпоненттер өндірушілерінің, қоғамдық көліктердің, импорттаушылардың, дилерлердің, қолданылған автокөлік, автоэксперттер мен аудиторлардың (автомобиль жасау өнімінің сәйкестігін бағалау) қазақстандық қауымдастықтары бірікті
Біз туралы Шолулар және статистика Инфографика Жаңалықтар Байланыс
call +7 701 276 61 56 mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Қонаев көш., 12/1, 14 қабат

2025 © kao.kz — Қазақстанның Автокөлік Одағы. Барлық құқықтар қорғалған.