Другие новости
ҚР автоөнеркәсібі: 2023 жылғы 10 ай қорытындысы
Қазақстанда сатылған жаңа көлік саны 150 мыңнан асты

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) берген мәлімет бойынша қазан айында 17 115 жеңіл машина мен жеңіл коммерциялық техника, сонымен қатар 1 072 жүк көлігі мен автобус сатылды. Бұл былтыр осы айдағы нәтижемен салыстырғанда 69% көп. Жалпы тоғыз айда елдегі дилерлер 156 288 автомобильдің (+59,6%) кілтін тапсырған.
Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті: “Қазан айында елде саудаланған жаңа көліктердің жалпы саны 150 мыңнан асып кетті, бұл былтырғы нәтижеден жоғары. 2023 жылғы көрсеткіш жергілікті автомобиль ритейлі үшін рекорд болғалы тұр, “ҚАО” болжамы бойынша биыл шамамен 190 мың автокөлік сатылады. Алайда келер жылдың алғашқы тоқсанында өсім сәл бәсеңдейді. Бұған негізінен нарықтағы жағдаят себеп болады, бірақ ресми автодилерлер ұсынатын көлік саны артады”.
Күздің екінші айында Chevrolet ең көп өткен брендтер арасында үздік атанды (3 821, былтырғы қазанмен салыстырғанда +21,8%). Hyundai дилерлері 3 428 автомобиль (+65,4%) сатты. Үшінші орынға жайғасқан Kia 2 386 (+69,5%) моделін саудалады. 1 204 (+79,7%) өнімі иесін тапқан Chery төртінші қатарға тұрақтады. Ал бесінші орынды осымен екі ай қатарынан Toyota (1 184, +78%) иеленді. Jac алтыншы қатардан көрінді – (793; +198,1%). Жетінші тұрған Haval-дың 786 көлігі (+297%) иесін тапты. Одан кейін тізімде Jetour (620), Changan (543) және рейтингіге алғаш енген Omoda (351) тұр.
Елдегі ең танымал модельдер көшін әдеттегідей Chevrolet Cobalt (2 329) бастап келеді. Екінші орынға Hyundai Tucson (975) жайғасса, үздік үштікті Hyundai Santa Fe (915) түйіндеді. Әрі қарай тізімде Chevrolet Onix (841), Chery Tiggo 2 (711), Kia Cerato (548), Toyota Camry (540), Kia Ceed (450), Hyundai Elantra (415) және Kia Sportage (406) бар.
Он ай қорытындысы бойынша брендтер арасында Hyundai (38 433; +71,3%) оқ бойы озық шықты. Екінші орын 35 768 (+29,5%) автомобиль сатқан Chevrolet үлесінде. Үшінші қатардан орын алған Kia 20 969 (+88,3%) моделін саудалады. Chery дилерлері 9 620 автомобильдің (+207,6%) кілтін тапсырды. Бестікті Toyota (8 058; +2,1%) түйіндеді.
ТОП-20: 2023 ЖЫЛҒЫ ҚАЗАН АЙЫНДАҒЫ ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ АВТОМОБИЛЬДЕР САУДАСЫ
|
ҚАЗАН |
ҚАҢТАР-ҚАЗАН |
||||
2022 |
2023 |
% |
2022 |
2023 |
% |
|
Chevrolet |
3 137 |
3 821 |
21,8% |
27 622 |
35 768 |
29,5% |
Hyundai |
2 072 |
3 428 |
65,4% |
22 435 |
38 433 |
71,3% |
Kia |
1 408 |
2 386 |
69,5% |
11 135 |
20 969 |
88,3% |
Chery |
670 |
1 204 |
79,7% |
3 127 |
9 620 |
207,6% |
Toyota |
665 |
1 184 |
78,0% |
7 895 |
8 058 |
2,1% |
Jac |
266 |
793 |
198,1% |
2 363 |
5 323 |
125,3% |
Haval |
198 |
786 |
297,0% |
897 |
6 030 |
572,2% |
Jetour |
|
620 |
0,0% |
|
2 254 |
- |
Changan |
38 |
543 |
1328,9% |
40 |
5 020 |
12450,0% |
Omoda |
|
351 |
0,0% |
|
781 |
0,0% |
Geely |
|
350 |
0,0% |
|
2 566 |
0,0% |
Exeed |
303 |
322 |
6,3% |
1 214 |
3 451 |
184,3% |
GAZ |
258 |
295 |
14,3% |
1 746 |
2 750 |
57,5% |
Lexus |
211 |
267 |
26,5% |
2 157 |
3 064 |
42,0% |
Yutong |
57 |
206 |
261,4% |
201 |
938 |
366,7% |
Tank |
|
182 |
0,0% |
|
700 |
0,0% |
Lada |
299 |
175 |
-41,5% |
7 004 |
1 111 |
-84,1% |
Subaru |
110 |
149 |
35,5% |
446 |
1 273 |
185,4% |
Kamaz |
65 |
145 |
123,1% |
962 |
795 |
-17,4% |
Audi |
6 |
126 |
2000,0% |
118 |
542 |
359,3% |
Басқалар |
996 |
854 |
-14,3% |
8 566 |
6 842 |
-20,1% |
Жалпы нәтиже |
10 759 |
18 187 |
69,0% |
97 928 |
156 288 |
59,6% |
Анықтама:
«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) – «Казахстанский Автомобильный Союз» заңды тұлғалар бірлестігі – 2023 жылдың 21 шілдесінде Астанада құрылған коммерциялық емес құрылым.
ҚАО құрамына Қазақстанның автоөндірушілер қауымдастығы; Қазақстанның автокомпонент өндірушілері қауымдастығы; Қазақстанның дилерлер қауымдастығы; Қазақстанның жүрген автомобильдерді сату бойынша қауымдастығы; Қазақстанның автосарапшылар және аудиторлар қауымдастығы (автомобильжасау өнімдерінің сәйкестігін бағалау) кірді.
«Қазақстанның Автокөлік Одағы» баспасөз қызметі
E-mail: press@kao.kz
+7 701 770 0257 Дина Букенбаева
+7 777 987 4208 Алима Унгарбаева