Астана қ., Алматы к-сі, 7, seven БО, 201 кеңсе
+7 701 276 61 56 info@kao.kz
logo logo
Біз туралы
Одақ туралы Одақ жарғысы Құрылым Одаққа қосылыңыз Жарнамалар
Шолулар және статистика
Инфографика
Жаңалықтар
Байланыс
RU KZ EN
call +7 701 276 61 56
mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Қонаев көш., 12/1, 14 қабат
Instagram
RU KZ EN

Другие новости

20 ақпан 2024
Қаңтарда елде машинажасау саласындағы автоөнеркәсіп үлесі 57%-ға жетті

2024 жылдың қаңтарындағы Қазақстандағы жаңа автомобильдер саудасы

15 ақпан 2024
  • Қаңтардағы топ-5: Hyundai, Kia, Chery, Chevrolet, Jac

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) берген мәлімет бойынша қыстың алғашқы айында 10 533 жеңіл автомобиль мен жеңіл коммерциялық техника, сонымен қатар 711 жүк көлігі мен автобус сатылды, бұл былтырғы сол уақытпен салыстырғанда 8,1% көп.

Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті: «Қаңтарда жаңа автомобильдер саудасы әдеттегідей,, 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда өте төмен нәтиже көрсетті. Дегенмен былтырғы қаңтармен салыстырғанда өсім байқалды. Нарықта автомобиль тапшылығы жоқ».

Бірінші айда ең көп сатылған 10 брендтің көшін Hyundai (3 120; +39,5%, былтырғы қаңтармен салыстырғанда) бастады. 1 231 көлігін сатқан Kia бұл жолы екінші орын алды (-28,6%). Chery алғаш рет үшінші қатардан көрінді (1 081; +73,8%). Chevrolet модельдерінің шектеулі шығуы сауда нәтижесіне әсер етіп, бренд төртінші орынға түсіп қалды (803; -74,9%). Jac дилерлері 753 автомобильдің кілтін тапсырды (+231,7%). 600 өнімін өткізген Jetour маркасы Toyota-ны (539; -10,6%) жетінші қатарға ығыстырды. Үздіктер тізімін Haval (529; +43%), Changan (445; +220,1%) және Geely (323; +247,3%) түйіндеді.
Қаңтарда аса танымал болған 10 модель арасында Hyundai Tucson (1536), Kia Sportage (705) және Chevrolet Cobalt (545) жеңімпаз атанды. Әрі қарай тізімде Chery Tiggo 2 (469), Jac J7 (446), Hyundai Elantra (377), Hyundai Palisade (285), Hyundai Santa Fe (271), Haval M6 (241), Kia Ceed (237) тұр.

ТОП-20: 2024 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАРДАҒЫ ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ АВТОМОБИЛЬДЕР САУДАСЫ


  Қаңтар
2023 2024 %
Hyundai 2 236    3 120 39,5%
Kia 1 723 1 231 -28,6%
Chery 622 1 081 73,8%
Chevrolet 3 203 803 -74,9%
Jac 227 753 231,7%
Jetour   600 0,0%
Toyota 603 539 -10,6%
Haval 370 529 43,0%
Changan 139 445 220,1%
Geely 93 323 247,3%
GAZ 168 240 42,9%
Lexus 192 196 2,1%
Lada 66 152 130,3%
Yutong 36 142 294,4%
Tank   131 0,0%
Subaru 84 129 53,6%
Omoda   96 0,0%
Gac   80 0,0%
Exeed 209 79 -62,2%
Jac Trucks 30 67 123,3%
Другие 401 508 26,7%
Общий итог 10 402 11 244 8,1%

Анықтама:

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) – «Казахстанский Автомобильный Союз» заңды тұлғалар бірлестігі – 2023 жылдың 21 шілдесінде Астанада құрылған коммерциялық емес құрылым.

ҚАО құрамына Қазақстанның автоөндірушілер қауымдастығы; Қазақстанның автокомпонент өндірушілері қауымдастығы; Қазақстанның дилерлер қауымдастығы; Қазақстанның жүрген автомобильдерді сату бойынша қауымдастығы; Қазақстанның автосарапшылар және аудиторлар қауымдастығы (автомобильжасау өнімдерінің сәйкестігін бағалау) кірді.

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» баспасөз қызметі
E-mail: press@kao.kz
+7 701 770 0257 Дина Букенбаева

logo
"Қазақстанның Автокөлік Одағы" заңды тұлғалар бірлестігі (ҚАО) – коммерциялық емес құрылым, 2023 жылғы 21 шілдеде Астана қаласында құрылған. Одаққа автоөндірушілер, автокомпоненттер өндірушілерінің, қоғамдық көліктердің, импорттаушылардың, дилерлердің, қолданылған автокөлік, автоэксперттер мен аудиторлардың (автомобиль жасау өнімінің сәйкестігін бағалау) қазақстандық қауымдастықтары бірікті
Біз туралы Шолулар және статистика Инфографика Жаңалықтар Байланыс
call +7 701 276 61 56 mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Қонаев көш., 12/1, 14 қабат

2025 © kao.kz — Қазақстанның Автокөлік Одағы. Барлық құқықтар қорғалған.