Астана қ., Алматы к-сі, 7, seven БО, 201 кеңсе
+7 701 276 61 56 info@kao.kz
logo logo
Біз туралы
Одақ туралы Одақ жарғысы Құрылым Одаққа қосылыңыз Жарнамалар
Шолулар және статистика
Инфографика
Жаңалықтар
Байланыс
RU KZ EN
call +7 701 276 61 56
mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Қонаев көш., 12/1, 14 қабат
Instagram
RU KZ EN

Другие новости

15 ақпан 2024
2024 жылдың қаңтарындағы Қазақстандағы жаңа автомобильдер саудасы

12 наурыз 2024
Инвесторлар қазақстанда автокомпонент өндіруге 410 млрд теңгеден аса қаражат бөледі

Қаңтарда елде машинажасау саласындағы автоөнеркәсіп үлесі 57%-ға жетті

20 ақпан 2024
  • Автомобиль және коммерциялық техника өндірісі 22,8% ұлғайды.

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) берген мәлімет бойынша 2024 жылдың алғашқы айында Қазақстанда жалпы құны 149,1 млрд теңге құрайтын 11 220 автокөлік құралы зауыттан шықты. Ал былтыр сол уақытта жалпы бағасы 101,6 млрд теңге болатын 9 135 техника жасалған (+22,8%). Машинажасау саласындағы автоөнеркәсіп үлесі 57%-ға жетті.

Қаңтарда 10 287 жеңіл машина (+22,8%), 551 жүк көлігі (-3,5%), 240 автобус (+124,3%), 72 жартылай тіркеме және тіркеме, сонымен қатар 70 арнайы техника конвейерден түсті.

Аталған айда ең көп (жалпы үлесі 92%) көлік құрастырған – Қостанайдағы Allur (6 204; +28,3%) мен Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan (4 117; +14,9%). Семейде орналасқан СемАЗ зауыты 350 коммерциялық техника шығарды. Қарағанды облысындағы QazTehna мамандары 125 техника өндірді. Көкшетаудағы КАМАЗ-Инжиниринг клиенттеріне 100 жүк көлігін жөнелтті. Daewoo Bus Kazakhstan мен Hyundai Trans Almaty сәйкесінше 88 және 10 техника құрастырды.

Биыл қаңтарда отандық кәсіпорындар ең көп өндірген бес жеңіл көлік бренді (экспортты қосқанда): Hyundai (4 117), Kia (2 185), Chevrolet (1 809), Jac (1 234) және Jetour (939).

Анықтама:

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) – «Казахстанский Автомобильный Союз» заңды тұлғалар бірлестігі – 2023 жылдың 21 шілдесінде Астанада құрылған коммерциялық емес құрылым.

ҚАО құрамына Қазақстанның автоөндірушілер қауымдастығы; Қазақстанның автокомпонент өндірушілері қауымдастығы; Қазақстанның дилерлер қауымдастығы; Қазақстанның жүрген автомобильдерді сату бойынша қауымдастығы; Қазақстанның автосарапшылар және аудиторлар қауымдастығы (автомобильжасау өнімдерінің сәйкестігін бағалау) кірді.

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» баспасөз қызметі

E-mail: press@kao.kz
+7 701 770 0257 Дина Букенбаева

logo
"Қазақстанның Автокөлік Одағы" заңды тұлғалар бірлестігі (ҚАО) – коммерциялық емес құрылым, 2023 жылғы 21 шілдеде Астана қаласында құрылған. Одаққа автоөндірушілер, автокомпоненттер өндірушілерінің, қоғамдық көліктердің, импорттаушылардың, дилерлердің, қолданылған автокөлік, автоэксперттер мен аудиторлардың (автомобиль жасау өнімінің сәйкестігін бағалау) қазақстандық қауымдастықтары бірікті
Біз туралы Шолулар және статистика Инфографика Жаңалықтар Байланыс
call +7 701 276 61 56 mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Қонаев көш., 12/1, 14 қабат

2025 © kao.kz — Қазақстанның Автокөлік Одағы. Барлық құқықтар қорғалған.