Астана қ., Алматы к-сі, 7, seven БО, 201 кеңсе
+7 701 276 61 56 info@kao.kz
logo logo
Біз туралы
Одақ туралы Одақ жарғысы Құрылым Одаққа қосылыңыз Жарнамалар
Шолулар және статистика
Инфографика
Жаңалықтар
Байланыс
RU KZ EN
call +7 701 276 61 56
mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Қонаев көш., 12/1, 14 қабат
Instagram
RU KZ EN

Другие новости

11 сәуір
ҚАО AUTOMECHANIKA ASTANA 2025 КӨРМЕСІ АЯСЫНДАҒЫ ІСКЕРЛІК БАҒДАРЛАМАҒА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАДЫ

15 сәуір
Отандық автокөлік өндірісі: сын-қатерлер, шешімдер және өсу нүктелері

2025 ЖЫЛДЫҢ НАУРЫЗЫНДА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҢА АВТОМОБИЛЬДЕРДІҢ САУДАСЫ 23,4% ӨСТІ

15 сәуір
  • Наурыздағы топ-5: Hyundai, Chevrolet, Kia, Jetour, Chery

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) берген мәліметі бойынша наурызда 19 629 бірл. жеңіл автомобильдер мен коммерциялық техникалар сатылды, бұл былтырғы ұсқас кезеңмен салыстырғанда 23,4% жоғары көрсеткіш. Жалпы бірінші тоқсанда 46 843 жаңа автомобиль өтті, ал былтыр 39 439 бірл. көлік иесін тапқан (+18,8%) болатын.

Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті: «2024 жыл Қазақстандағы жаңа автомобиль саудасы тарихындағы рекордтық кезең болды. Биыл бізді соған жақын жоғары нәтиже де күтетін сияқты. Мамырда 20 000 көлік сатылуы - былтырғыдан әлдеқайда жақсы көрсеткіш. Жалпы сауда қарқыны артып келеді. Бұл рекордтық сандардың артында ресми ойыншылардың ерен еңбегі жатқанын атап өткен жөн. Дәл сол дилерлер қазір жеңілдікті несие бағдарламаларын іске қосып, кепілдік бойынша қызмет көрсетумен байланысты бонусты жобалар ұсынып жатыр. 2025 жылды индустриядағы ресми ойыншыларға клиенттердің ұзақ уақыт сенім артуына бастау болған жыл деп атағымыз келедi».

Ең көп өткен автомобильдер көшін әдеттегідей Hyundai (4 472 бірл.; былтырғы наурызбен салыстырғанда +32,8%) бастады. Chevrolet (2 738 бірл) екінші орын алды (+99,3%). Үшінші қатардағы Kia дилерлері 2 120 модель сатқан (+17,1%). Jetour осымен екінші ай қатарынан төртінші сатыға тұрақтады (1 362 бірл.; +74,4%). Ал бесінші орын 1 350 автомобилі өткен Chery-ге бұйырды (+2,7%). Одан бөлек тізімге Haval (1 288 бірл.; +14,6%), Jac (1 071 бірл.; +54,3%), Geely (1 021 бірл.; +45,6%), Toyota (862 бірл.; -21,2%) және Changan (703 бірл.; -42,1%) енді.

Наурыз айында ең танымал болған топ-10 модель арасында Chevrolet Cobalt (2 236 бірл.) бірінші тұр. Содан кейін тізімде Hyundai Tucson (1 692 бірл.), Kia Sportage (1 090 бірл.), Hyundai Mufasa (955 бірл.), Haval M6 (607 бірл.), Chery Tiggo 2 (532 бірл.), Hyundai Elantra (529 бірл.), Hyundai Santa Fe (524 бірл.), Geely Emgrand (493 бірл.) және Jac S3 (461 бірл.) бар.

Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша брендтер қатарында Hyundai (11 705 бірл.; +26,2%) ешкімге дес берер емес, екінші жүлдеге 6 009 автомобилі сатылған Chevrolet ие болды (+80,1%), үштікті Kia (4 905 бірл.; +0,6%) түйіндеді. Ал Jetour дилерлері 3 103 машинаның кілтін тапсырса (+61,2%), бесінші сатыдағы Chery-дің 3 097 моделі өтті (-10%).

 

НАУРЫЗ

ҚАҢТАР-НАУРЫЗ

2024

2025

%

2024

2025

%

Hyundai

3 367

4 472

32,8%

9 277

11 705

26,2%

Chevrolet

1 374

2 738

99,3%

3 337

6 009

80,1%

Kia

1 810

2 120

17,1%

4 875

4 905

0,6%

Jetour

781

1 362

74,4%

1 925

3 103

61,2%

Chery

1 314

1 350

2,7%

3 441

3 097

-10,0%

Haval

1 124

1 288

14,6%

2 312

2 582

11,7%

Jac

694

1 071

54,3%

1 964

2 420

23,2%

Geely

701

1 021

45,6%

1 449

2 438

68,3%

Toyota

1 094

862

-21,2%

2 117

2 154

1,7%

Changan

1 215

703

-42,1%

2 153

1 630

-24,3%

GAZ

343

377

9,9%

933

916

-1,8%

Omoda

220

243

10,5%

466

356

-23,6%

Lada

82

240

192,7%

366

694

89,6%

Lexus

323

221

-31,6%

762

521

-31,6%

Tank

204

178

-12,7%

471

490

4,0%

Exeed

204

160

-21,6%

485

343

-29,3%

Kamaz

50

116

132,0%

162

254

56,8%

Kaiyi

 

111

0,0%

 

287

0,0%

Skoda

 

102

0,0%

 

364

0,0%

Subaru

103

100

-2,9%

438

256

-41,6%

Басқалар

902

794

-12,0%

2 319

2 319

0,0%

Жалпы нәтиже

15 905

19 629

23,4%

39 439

46 843

18,8%

logo
"Қазақстанның Автокөлік Одағы" заңды тұлғалар бірлестігі (ҚАО) – коммерциялық емес құрылым, 2023 жылғы 21 шілдеде Астана қаласында құрылған. Одаққа автоөндірушілер, автокомпоненттер өндірушілерінің, қоғамдық көліктердің, импорттаушылардың, дилерлердің, қолданылған автокөлік, автоэксперттер мен аудиторлардың (автомобиль жасау өнімінің сәйкестігін бағалау) қазақстандық қауымдастықтары бірікті
Біз туралы Шолулар және статистика Инфографика Жаңалықтар Байланыс
call +7 701 276 61 56 mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Қонаев көш., 12/1, 14 қабат

2025 © kao.kz — Қазақстанның Автокөлік Одағы. Барлық құқықтар қорғалған.