Астана қ., Алматы к-сі, 7, Seven БО, 201 кеңсе
+7 701 276 61 56 info@kao.kz
logo logo
Біз туралы
Одақ туралы Одақ жарғысы Құрылым Одаққа қосылыңыз
Шолулар және статистика
Инфографика
Жаңалықтар
Байланыс
RU KZ EN
call +7 701 276 61 56
mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Қонаев көш., 12/1, 14 қабат
Instagram
RU KZ EN

Басқа жаңалықтар

17 маусым
ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҢА АВТОКӨЛІКТЕРДІҢ САТЫЛЫМЫ ҮШТЕН БІР ЕСЕГЕ ЖУЫҚ ӨСТІ

ҚР АВТОӨНЕРКӘСІБІ: МАМЫРДА ӨНДІРІС КӨЛЕМІ 15,7% ӨСТІ

26 маусым

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) берген мәлімет бойынша 2025 жылдың мамырында Қазақстанда 10 713 бірл. техника шығарылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,7%-ға артық. Оның ішінде 9 169 жеңіл автомобиль (+15,1%), 943 бірл. жүк көлігі (+15,7%), 213 автобус (+23,8%), 110 арнайы техника және 278 тіркеме мен жартылай тіркеме бар.

Бес айда елдегі зауыттар жалпы құны 807,8 млрд теңге болатын 57 754 бірл. техника құрастырды. Ал былтыр сол уақытта 56 812 техника жасалды. Демек, өндіріс көлемі былтырға қарағанда 1,7% артқан.


Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті:

«Алғашқы 5 ай қорытындысы бойынша Қазақстан өндірушілері тұрақты нәтиже көрсетті. Биыл біздің өндірушілер қолданыстағы өндіріс орындарын жақсартуға және жаңа автозауыттар салуға инвестиция құйып жатыр. Олар өндіріс көлемін кемітпей, ұлғайтуға күш салуда. Бұл қазір стратегиялық маңызға ие, 2025 жылы инвестициямен қатар өндіріс қарқынын арттыру қажет».

 

Алғашқы бес ай нәтижесі бойынша Қостанайдағы Allur 30 534 бірл. техника құрастырды (-14,1%). Алматыда (Hyundai Trans Kazakhstan, Hyundai Trans Almaty) 22 889 бірл. жеңіл және коммерциялық автомобиль конвейерге тұрды (+37,1%). Семейдегі кәсіпорындар (СемАЗ, Daewoo Bus Kazakhstan) 1 484 бірл. коммерциялық техника шығарды (-28,3%). Қарағанды облысындағы  QazTehna 719 бірл. техника техника шығарды (+37%). Көкшетаудағы мамандар (КАМАЗ-Инжиниринг) 549 бірл. коммерциялық техника өндірді (+42,6%). Басқаларының нәтижесі – 1 579 бірл.

Қаңтар мен мамыр аралығында көптеп шыққан бес бренд тізіміне (экспортты қосқанда) Hyundai (22 643 бірл.), Chevrolet (11 084 бірл.), Kia (10 414 бірл.), Jetour (4 584 бірл.) және Jac (3 286 бірл.) кірді. Ең көп шығарылған модельдер Chevrolet Cobalt (8 969 бірл.), Hyundai Tucson (8 816 бірл.), Kia Sportage (4 811 бірл.), Hyundai Elantra (3 616 бірл.) және Hyundai Santa Fe (2 949 бірл.) басым.

 

logo
"Қазақстанның Автокөлік Одағы" заңды тұлғалар бірлестігі (ҚАО) – коммерциялық емес құрылым, 2023 жылғы 21 шілдеде Астана қаласында құрылған. Одаққа автоөндірушілер, автокомпоненттер өндірушілерінің, қоғамдық көліктердің, импорттаушылардың, дилерлердің, қолданылған автокөлік, автоэксперттер мен аудиторлардың (автомобиль жасау өнімінің сәйкестігін бағалау) қазақстандық қауымдастықтары бірікті
Біз туралы Шолулар және статистика Инфографика Жаңалықтар Байланыс
call +7 701 276 61 56 mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Алматы к-сі, 7, Seven БО, 201 кеңсе

2025 © kao.kz — Қазақстанның Автокөлік Одағы. Барлық құқықтар қорғалған.