Астана қ., Алматы к-сі, 7, Seven БО, 201 кеңсе
+7 701 276 61 56 info@kao.kz
logo
Біз туралы
Одақ туралы Одақ жарғысы Құрылым Одаққа қосылыңыз
Шолулар және статистика
Инфографика
Жаңалықтар
Байланыс
RU KZ EN
call +7 701 276 61 56
mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Қонаев көш., 12/1, 14 қабат
Instagram
RU KZ EN

Басқа жаңалықтар

16 шілде
2025 ЖЫЛДЫҢ I ЖАРТЫСЫНДА ЖАҢА АВТОМОБИЛЬДЕРДІҢ САТЫЛЫМЫ 26,2%-ҒА ӨСТІ

30 шілде
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖҮРІЛГЕН АВТОКӨЛІКТЕР НАРЫҒЫ ӨЗГЕРІСТЕРГЕ ДАЙЫН

ҚР АВТОӨНЕРКӘСІБІ: 2025 ЖЫЛДЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

18 шілде
  • Маусым айында автомобиль өндірісі 107,5%-ға артты

ҚР Ұлттық статистика бюросының берген мәліметі бойынша 2025 жылы қазақстандық кәсіпорындардың күшімен құны 189,2 млрд теңгеге 13 741 дана түрлі дөңгелек техникасы шығарылды, былтырғы көрсеткіш 6 622 дана мен 94 млрд теңгеге тең (+107,5%) еді.

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында жалпы құны 996,9 млрд теңге болатын 71 494 дана техника өндірілді. 2024 жылдың алғашқы жарты жылдығымен салыстырғанда өндіріс көлемі 12,7%-ға өсті, республиканың машина құрастырудағы үлесі - 40,9%.

Оның ішінде 64 795 жеңіл автомобиль (+13,6%), 3 467 бірл. жүк көлігі (-3,4%), 1 149 автобус (+5,4%), 1 697 арнайы техника және 386 тіркеме мен жартылай тіркеме бар.

Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті: «Отандық автокөлік өндірісі бүгінде еліміздің машинажасау секторында берік орын алып, оның жалпы көлемінің 40,9%-ын құрап отыр. Бұл – өнеркәсіптің ең қарқынды дамып келе жатқан бағыттарының бірі. Кәсіпорындар өндірістік қуатын арттырып, модельдер қатарын кеңейтіп, жергілікті құрау үлесін ұлғайтуда. Соның нәтижесінде бүкіл елдің өндірістік әлеуеті өсіп, жаңа, жоғары өнімді жұмыс орындары құрылып, технологиялық құзыреттер қалыптасуда. Бүгінде автоөнеркәсіп – Қазақстанның индустриялық дамуының стратегиялық драйвері».

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) берген мәлімет бойынша алғашқы алты ай нәтижесі бойынша Қостанайдағы Allur 39 049 бірл. техника құрастырды (+0,9%). Алматыда (Hyundai Trans Kazakhstan, Hyundai Trans Almaty) 27 109 бірл. жеңіл және коммерциялық автомобиль конвейерге тұрды (+40,2%). Семейдегі кәсіпорындар (СемАЗ, Daewoo Bus Kazakhstan) 1 975 бірл. коммерциялық техника шығарды (-21,9%). Қарағанды облысындағы  QazTehna 830 бірл. техника шығарды (+28,9%). Көкшетаудағы мамандар (КАМАЗ-Инжиниринг) 667 бірл. коммерциялық техника өндірді (+51,6%). Басқаларының нәтижесі – 1 864  бірл.

 

Қаңтар мен маусым аралығында көптеп шыққан бес бренд тізіміне (экспортты қосқанда) Hyundai (26 783 бірл.), Chevrolet (14 700 бірл.), Kia (12 454 бірл.), Jetour (5 793 бірл.) және Jac (4 811 бірл.) кірді. Ең көп шығарылған модельдер Chevrolet Cobalt (11 886 бірл.), Hyundai Tucson (10 285 бірл.), Kia Sportage (5 976 бірл.), Hyundai Elantra (4 163 бірл.) и Hyundai Mufasa (3 574 бірл.).

logo
"Қазақстанның Автокөлік Одағы" заңды тұлғалар бірлестігі (ҚАО) – коммерциялық емес құрылым, 2023 жылғы 21 шілдеде Астана қаласында құрылған. Одаққа автоөндірушілер, автокомпоненттер өндірушілерінің, қоғамдық көліктердің, импорттаушылардың, дилерлердің, қолданылған автокөлік, автоэксперттер мен аудиторлардың (автомобиль жасау өнімінің сәйкестігін бағалау) қазақстандық қауымдастықтары бірікті
Біз туралы Шолулар және статистика Инфографика Жаңалықтар Байланыс
call +7 701 276 61 56 mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Алматы к-сі, 7, Seven БО, 201 кеңсе

2025 © kao.kz — Қазақстанның Автокөлік Одағы. Барлық құқықтар қорғалған.