Астана қ., Алматы к-сі, 7, Seven БО, 201 кеңсе
+7 701 276 61 56 info@kao.kz
logo
Біз туралы
Одақ туралы Одақ жарғысы Құрылым Одаққа қосылыңыз
Шолулар және статистика
Инфографика
Жаңалықтар
Байланыс
RU KZ EN
call +7 701 276 61 56
mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Қонаев көш., 12/1, 14 қабат
Instagram
RU KZ EN

Басқа жаңалықтар

18 шілде
ҚР АВТОӨНЕРКӘСІБІ: 2025 ЖЫЛДЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖҮРІЛГЕН АВТОКӨЛІКТЕР НАРЫҒЫ ӨЗГЕРІСТЕРГЕ ДАЙЫН

30 шілде

Алматыда жүрілген автокөлік нарығына арналған алғашқы салалық конференция өтті. Қазақстан автонарығы тарихында алғаш рет ресми дилерлер мен осы бағыттағы бизнесті дамытуға мүдделі кәсіпкерлер бір алаңда бас қосты. Іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен, және басқа елдерінен 500-ден астам адам қатысты.

Конференция барысында қатысушылар негізгі сын-қатерлер мен өсу нүктелерін талқылап, тәжірибелік кейстермен алмасты және автомобильдерді қайта сату сегментіндегі халықаралық озық тәжірибемен танысты. Сала сарапшылары өзекті аналитикалық деректерді ұсынып, жаһандық трендтерге тоқталып, Қазақстандағы trade-in және ескі автокөліктер нарығының даму әлеуетіне баға берді.

1

Талқылау алаңдарында автокөлік сату кезіндегі ашықтық, қауіпсіздік және сатушылардың жауапкершілігі мәселелеріне айрықша назар аударылды.

«Әлемдік автоөнеркәсіп үнемі дамып келеді: жаңа технологиялар пайда болуда, электромобильдер нарығы өсіп жатыр, жаңа цифрлық сервистер енгізілуде. Қазақстандық автокөлік иелері осы жаһандық өзгерістердің бір бөлшегі болғысы келеді. Бірақ қауіпсіздік - басты басымдық. Әсіресе жүрілген автокөліктер сегментінде әрбір сатушы көліктің техникалық жай-күйі мен құқықтық тазалығы үшін толық жауапты. Бүгінгі конференция - осы салада өркениетті нарық қалыптастырудың алғашқы қадамы», - деді «Қазақстанның Автокөлік Одағының» президенті Анар МАКАШЕВА.

Қазақстандағы автонарықтағы өзгерістерге халықаралық сарапшылар да қызығушылық танытты. Конференция аясында автоиндустрияның болашағы туралы кітаптардың авторы әрі венчурлық инвестициялық қор Automotive Ventures-тің бас серіктесі Стив ГРИНФИЛД өз бағасын берді.

«Қазақстандағы жүрілген автокөліктер нарығы қарқынды дамып келеді. Бұл нарық икемді, жаңашылдықты тез қабылдайды. Мені ерекше таңғалдырғаны - бұл елдің бизнес-қауымдастығы проблемалар туралы ашық айтып, оларды шешуге дайын. Бұл - кемел көзқарас. Тек осындай ұстаныммен тұрақты нарық қалыптасады», - деді Стив ГРИНФИЛД.

Сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау және адал бәсекелестікті дамытуға бағытталған бастамалар талқыланды. Осы бағыттағы нақты қадам ретінде бірнеше жаңа цифрлық шешімдер ұсынылды.

Солардың бірі – «Қазақстанның Автокөлік Одағы» бастамасымен әзірленген Autocheck.kz сервисі. Бұл қызмет көлік құралын небәрі бірнеше минут ішінде 20-дан астам параметр бойынша тексеруге мүмкіндік береді: ЖКО-ға қатысу, сақтандыру жағдайлары, жүріс көрсеткішінің өзгертілуі, техникалық қызмет көрсету тарихы және т.б. Жақын арада сервиске ЖКО туралы толық деректерді қосу және жасанды интеллект негізінде көліктің нарықтық құнын нақты бағалау функциясы енгізіледі.

«Конференция қатысушылары Autocheck.kz сервисін алғашқылардың бірі болып пайдаланды. Мұндай құрал нарықтағы адал кәсіпкерлерге ашық жұмыс істеуге және тұтынушылардың сеніміне ие болуға мүмкіндік береді. Жүріс, апат және техникалық қызмет көрсету туралы шынайы ақпарат қолжетімді болғанда, тұтынушы сапасы мен мәлімделген сипаттамаларына жауап беретін сатушыны таңдайды», – деп атап өтті Анар МАКАШЕВА.

1

Конференцияның жарқын сәттерінің бірі дәл сол уақыт режимінде өткен алғашқы тікелей аукцион болды. Саудаға ел ішінде сұранысқа ие бес автокөлік қойылды, ал аукцион Mycar.kz мобильді қосымшасына біріктірілген Myoffer цифрлық платформасында өтті. Бұл платформа trade-in жүйесімен көлік сатып алу үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етіп, автодилерлер мен кәсіби сатушылар арасында тиімді өзара әрекеттестік орнатып, әділ баға ұсыныстарын қалыптастырады.

1

Қазақстандағы жүрілген автокөліктер нарығына арналған алғашқы салалық конференция осы саладағы барлық тараптар үшін ашық, түсінікті әрі тұрақты ойын ережелерін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болды.

logo
"Қазақстанның Автокөлік Одағы" заңды тұлғалар бірлестігі (ҚАО) – коммерциялық емес құрылым, 2023 жылғы 21 шілдеде Астана қаласында құрылған. Одаққа автоөндірушілер, автокомпоненттер өндірушілерінің, қоғамдық көліктердің, импорттаушылардың, дилерлердің, қолданылған автокөлік, автоэксперттер мен аудиторлардың (автомобиль жасау өнімінің сәйкестігін бағалау) қазақстандық қауымдастықтары бірікті
Біз туралы Шолулар және статистика Инфографика Жаңалықтар Байланыс
call +7 701 276 61 56 mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Алматы к-сі, 7, Seven БО, 201 кеңсе

2025 © kao.kz — Қазақстанның Автокөлік Одағы. Барлық құқықтар қорғалған.