Басқа жаңалықтар
ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ ЖАҢА АВТОМОБИЛЬДЕР САУДАСЫ

- Қыркүйектегі топ-5: Hyundai, Chevrolet, Kia, Toyota және Chery
«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) берген дерек бойынша 2025 жылғы қыркүйекте Қазақстан аумағындағы дилерлер 18 357 жаңа жеңіл және коммерциялық көлік сатты, бұл былтырғы осы аймен салыстырғанда 2,4% жоғары көрсеткіш. Жалпы тоғыз айда 161 584 бірл. автомобиль өткен (+17,9%).
Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті: «2025 жылдың үшінші тоқсанында сауда тұрақты, ал тұтынушылардың сұранысы былтырғыдан жоғары болды. Нарықта белсенділік артуы өкінішке қарай, алаяқтардың да назарына ілінді. Азаматтардың шетелден көлік сатып алу кезінде алданып қалу жағдайлары жиілеп кетті. Қазақстан азаматтарынан сақтық танытып, машина алмас бұрын заң тұрғысынан тазалығын тексеруді сұраймыз. Нарықтағы ресми ойыншылар сатып алушыларға тиімді ұсыныстар мен маусымдық жеңілдіктер ұсынады».
Үздіктер үштігінде еш өзгеріс жоқ: Hyundai – 4 169 бірл. (былтырғы қыркүйекпен салыстырғанда -1%), Chevrolet (2 942 бірл.; -2,8%) және Kia (2 001 бірл.; +2,5%). Бұл жолы төртінші орында Toyota (1 145 бірл.; +18,7%) жайғасты. Одан бөлек тізімде Chery (919 бірл.; -30,6%), Jetour (912 бірл.; +29,4%), Geely (864 бірл.; +15,2%), Jac (729 бірл.; -2,4%), Changan (661 бірл.; +14,6%) және Haval (622 бірл.; -29,6%) бар.
Ең танымал модельдер қатарында да әдеттегідей Chevrolet Cobalt (2400 бірл.), Hyundai Tucson (1 574 бірл.) және Kia Sportage (947 бірл.) алда келеді. Төртінші сатыға Hyundai Mufasa (679 бірл.) орналасты. Сонымен қатар тізімге Hyundai Elantra (645 бірл.), Toyota Camry (571 бірл.), Hyundai Santa Fe (533 бірл.), Changan CS55 Plus (473 бірл.), Chevrolet Onix (449 бірл.) және Chery Tiggo 2 (436 бірл.) енді.
Тоғыз ай қорытындысы бойынша брендтер көшін тағы Hyundai (35 695 бірл.; +14,6%) бастады. Күміс жүлдені 22 907 данасы иесін тапқан Chevrolet еншілесе, үштікті Kia (17 590 бірл.; +3,1%) түйіндеді. 10 403 кроссовері өткен Jetour төртінші (+59,3%), 10 212 көліктің кілтін тапсырған Chery бесінші орын алды (-3,4%). Алтыншы қатарға Haval (8 307 бірл.; +20,5%) тұрақтады. Тізімге тағы Toyota (7 685 бірл.; +3,8%), Changan (7 662 бірл.; +25,3%), Geely (7 536 бірл.; +34,4%) және Jac (7 382 бірл.; -8,9%) кірді.
ТОП-20: 2025 ЖЫЛҒЫ ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ АВТОМОБИЛЬДЕР САУДАСЫ
|
|
ҚЫРКҮЙЕК |
ҚАҢТАР-ҚЫРКҮЙЕК |
||||
|
2024 |
2025 |
% |
2024 |
2025 |
% |
|
|
Hyundai |
4 213 |
4 169 |
-1,0% |
31 154 |
35 695 |
14,6% |
|
Chevrolet |
3 027 |
2 942 |
-2,8% |
15 780 |
22 907 |
45,2% |
|
Kia |
1 953 |
2 001 |
2,5% |
17 058 |
17 590 |
3,1% |
|
Toyota |
965 |
1 145 |
18,7% |
7 403 |
7 685 |
3,8% |
|
Chery |
1 324 |
919 |
-30,6% |
10 566 |
10 212 |
-3,4% |
|
Jetour |
705 |
912 |
29,4% |
6 530 |
10 403 |
59,3% |
|
Geely |
750 |
864 |
15,2% |
5 607 |
7 536 |
34,4% |
|
Jac |
747 |
729 |
-2,4% |
8 106 |
7 382 |
-8,9% |
|
Changan |
577 |
661 |
14,6% |
6 116 |
7 662 |
25,3% |
|
Haval |
883 |
622 |
-29,6% |
6 891 |
8 307 |
20,5% |
|
BYD |
|
423 |
0,0% |
|
1 798 |
0,0% |
|
Skoda |
231 |
365 |
58,0% |
831 |
2 156 |
159,4% |
|
GAZ |
342 |
310 |
-9,4% |
3 089 |
2 648 |
-14,3% |
|
Lexus |
360 |
290 |
-19,4% |
2 636 |
2 082 |
-21,0% |
|
Lada |
71 |
207 |
191,5% |
622 |
2 029 |
226,2% |
|
Kaiyi |
107 |
155 |
44,9% |
382 |
900 |
135,6% |
|
Exeed |
110 |
143 |
30,0% |
1 273 |
1 255 |
-1,4% |
|
Subaru |
6 |
140 |
2233,3% |
763 |
941 |
23,3% |
|
Tank |
102 |
138 |
35,3% |
1 427 |
1 651 |
15,7% |
|
Kamaz |
80 |
125 |
56,3% |
718 |
960 |
33,7% |
|
Басқалар |
1 376 |
1 097 |
-20,3% |
10 144 |
9 785 |
-3,5% |
|
Жалпы нәтиже |
17 929 |
18 357 |
2,4% |
137 096 |
161 584 |
17,9% |