Астана қ., Алматы к-сі, 7, Seven БО, 201 кеңсе
+7 701 276 61 56 info@kao.kz
logo
Біз туралы
Одақ туралы Одақ жарғысы Құрылым Одаққа қосылыңыз
Шолулар және статистика
Инфографика
Жаңалықтар
Байланыс
RU KZ EN
call +7 701 276 61 56
mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Қонаев көш., 12/1, 14 қабат
Instagram
RU KZ EN

Басқа жаңалықтар

14 қазан
ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ ЖАҢА АВТОМОБИЛЬДЕР САУДАСЫ

ҚР АВТОӨНЕРКӘСІБІ: ҚЫРКҮЙЕКТЕ ӨНДІРІС КӨЛЕМІ 15,1% ӨСТІ

17 қазан

ҚР Ұлттық статистика бюросының дерегінше 2025 жылдың қыркүйегінде Қазақстандағы зауыттар жалпы құны 180 млрд теңге болатын 13 021 бірл. техника шығарды. 2024 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 2025 жылы қыркүйекте өндіріс көлемі 15,1% артқан. 2025 жылдың қыркүйегінде 11 642 бірл. жеңіл автомобиль, 748 жүк көлігі, 293 автобус, 290 тіркеме және жартылай тіркеме, сонымен қатар 48 бірл. басқа арнайы техника жасалды.

2025 жылдың тоғыз айында елдегі кәсіпорындар жалпы құны 1,5 трлн теңгеге тең 109 223 бірл. техника құрастырды, алдыңғы жылы олардың саны 93 360 болды (+17%). Саланың машина жасау сегментіндегі үлесі - 40,6%.

Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті: «Қазақстанның автоөнеркәсібі тағы рекорд жаңартты. Жаңа құзырет қалыптаса бастады, отандық компаниялар даму үшін инвестиция құйып, өндірістік қуатын арттырып, жұмыс орындарын құрып жатыр. Бұл бір реттік жеңіс емес, елдің өнеркәсіп базасын бекемдеп, экономикасын тұрақты ететін тізбекті жұмыстардың нәтижесі. Соның арқасында тұрғындар автомобилін жаңартып, елде жасалған заманға сай модель таңдау мүмкіндігіне ие болды».

 «Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) берген мәліметке сүйенсек, көлік саны бойынша әдеттегідей Қостанай (Allur) алда келеді, ондағы мамандар 61 501 бірл. техника өндірілді (+11,6%). Алматыдағы зауыттар (Hyundai Trans Kazakhstan, Astana Motors Manufacturing Kazakhstan, Hyundai Trans Almaty) 42 684 жеңіл және коммерциялық автомобиль шығарылды (+44,3%). Семейде (СемАЗ, Daewoo Bus Kazakhstan) 3 442 бірл. (-20,2%), Қарағанды облысында QazTehna 1 371 бірл. (+36%), Көкшетауда КАМАЗ-Инжинирингтің 932 бірл. коммерциялық техника (+11,4%) шығарды.

 2025 жылдың қаңтар мен қыркүйек аралығында аса танымал болған брендтер қатарында (экспортты қосқанда) Hyundai (38 968 бірл.), Chevrolet (21 566 бірл.), Kia (19 060 бірл.), Jetour (10 180 бірл.) және Jac (8 483 бірл.) басым. Модельдер арасында Chevrolet Cobalt (17 706 бірл.), Hyundai Tucson (15 416 бірл.), Kia Sportage (8 918 бірл.), Hyundai Mufasa (6 416 бірл.) және Hyundai Elantra (5 654 бірл.).

logo
"Қазақстанның Автокөлік Одағы" заңды тұлғалар бірлестігі (ҚАО) – коммерциялық емес құрылым, 2023 жылғы 21 шілдеде Астана қаласында құрылған. Одаққа автоөндірушілер, автокомпоненттер өндірушілерінің, қоғамдық көліктердің, импорттаушылардың, дилерлердің, қолданылған автокөлік, автоэксперттер мен аудиторлардың (автомобиль жасау өнімінің сәйкестігін бағалау) қазақстандық қауымдастықтары бірікті
Біз туралы Шолулар және статистика Инфографика Жаңалықтар Байланыс
call +7 701 276 61 56 mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Алматы к-сі, 7, Seven БО, 201 кеңсе

2025 © kao.kz — Қазақстанның Автокөлік Одағы. Барлық құқықтар қорғалған.