Астана қ., Алматы к-сі, 7, Seven БО, 503 кеңсе
+7 701 276 61 56 info@kao.kz
logo
Біз туралы
Одақ туралы Одақ жарғысы Құрылым Одаққа қосылыңыз
Шолулар және статистика
Инфографика
Жаңалықтар
Байланыс
RU KZ EN
call +7 701 276 61 56
mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Қонаев көш., 12/1, 14 қабат
Instagram
RU KZ EN

Басқа жаңалықтар

25 желтоқсан 2025
БАҚ ЖӘНЕ МЕДИА ӨКІЛДЕРІНЕ АРНАЛҒАН РЕСМИ ХАБАРЛАНДЫРУ

19 қаңтар
ҚР АВТОНАРЫҒЫ: 2025 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

ҚР АВТОӨНЕРКӘСІБІ: 2025 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

09 қаңтар
  • 2025 жылы елдегі зауыттар 171 144 көлік құралын жасады.

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) дерегінше 2025 жылы Қазақстанда жалпы құны 2,3 трлн теңгеден асатын 171 144 бірлік барлық типті көлік құралы (жеңіл авто, автобустар, жүк көліктері) шықты, былтыр бағасы 1,9 трлн теңге болатын 145 290 бірлік техника өндірілген (+17,8%). Бұл Қазақстан автоөндірісі тарихындағы ең үздік нәтиже. Жыл қорытындысы бойынша сала өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлемінің 8%-ын қамтып отыр, ал машинажасау саласындағы үлесі – 41,7%*.

Биыл зауыттарды жаңа жабдықпен қамту және автомобиль компоненттерін өндіру есебінен автомобиль өндірісіне 113,6 млрд теңге инвестиция құйылды. Алматы мен Қостанайда жаңа зауыттар – Astana Motors Manufacturing Kazakhstan және Kia Qazaqstan іске қосылды. Бұл жұмыс орындарының көбеюіне ықпал етті, сала мамандарының саны 11 153 адамға жетті.

Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті: «2025 жыл отандық автоөнеркәсіптің сапалы дамыған жылы болды. Өндіріс қуаты артып, жаңа кәсіпорындардың іске қосылуы жұмыс орындарын ашуға тікелей әсер етті, қазір бұл салада 11 мыңнан аса маман еңбек етіп жатыр. Автомобиль өнеркәсібі машинажасау құрылымындағы орнын нығайтып, көлемі 41%-ға жуықтады және жалпы өңдеу секторының 8%-ға жуығын қамтыды. Компонент өндірушілердің сенімі артқанын көріп отырмыз, жаңа инвестициялар келіп жатыр, қазақстандық автомобильдер ішкі нарықтан ойып тұрып орын ала бастады. Алдағы мақсат локализация қарқынын арттырып, өндірісті дамыту».

2025 жылы саладағы жеңіл автомобиль өндірісінің үлесі әдеттегідей жоғары болды және 2024 жылғы 158 944 бірл. көрсеткішпен салыстыруға келеді (+19%). Коммерциялық автомобиль үлесі 12 200 бірл. (+8%) болды.

Өндірушілерге келер болсақ, Қостанайдағы Allur («СарыарқаАвтоПром») 92 100 бірл. (жеңіл автомобильдер мен жүк көліктерін қосқанда) техника құрастырды, бір жыл бұрын 90 515 бірл. техника конвейерден түскен (+1,8%). Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan 52 040 жеңіл автомобиль шығарды (+14,6%). Жаңа Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауыты іске қосылғалы төрт ай ішінде 15 180 автомобиль өндірді. Семейдегі СемАЗ кәсіпорны 3 728 бірл. коммерциялық техника жөнелтті (-5,3%). Kia Qazaqstan үш айда 2 885 бірл. коммерциялық техника жасады. Қарағанды облысына қарасты Саран қаласында орналасқан QazTehna зауыты 2 665 бірл. коммерциялық техника өндірді (+69,1%). Көкшетаудағы «КАМАЗ Инжиниринг» 1 426 бірл. жүк көлігін құрастырса (-6,4%), Алматыдағы Hyundai Trans Almaty 754 бірл. коммерциялық техника (-5,3%) жасады, Daewoo Bus Kazakhstan (Семей) 341 бірл. техника, «Уральскагрореммаш» 25 бірл. арнайы техника шығарды.

* ҚР Ұлттық статистика бюросының дерегінше 2025 жылғы 11 айда

logo
"Қазақстанның Автокөлік Одағы" заңды тұлғалар бірлестігі (ҚАО) – коммерциялық емес құрылым, 2023 жылғы 21 шілдеде Астана қаласында құрылған. Одаққа автоөндірушілер, автокомпоненттер өндірушілерінің, қоғамдық көліктердің, импорттаушылардың, дилерлердің, қолданылған автокөлік, автоэксперттер мен аудиторлардың (автомобиль жасау өнімінің сәйкестігін бағалау) қазақстандық қауымдастықтары бірікті
Біз туралы Шолулар және статистика Инфографика Жаңалықтар Байланыс
call +7 701 276 61 56 mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Алматы к-сі, 7, Seven БО, 503 кеңсе

2026 © kao.kz — Қазақстанның Автокөлік Одағы. Барлық құқықтар қорғалған.
Youtube