Басқа жаңалықтар
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҢА КӨЛІК САУДАСЫ: ҚАҢТАРДА САТЫЛҒАН 10 МАШИНАНЫҢ 9-Ы – ОТАНДЫҚ ӨНІМ

- Қаңтардағы топ-5: Kia, Hyundai, Chevrolet, Chery, Changan
«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) дерегінше 2026 жылғы қаңтарда 14 102 жаңа автомобиль (13 298 жеңіл және 804 коммерциялық көлік) өткен, бұл былтырғы осы кезеңдегіден 25,2% жоғары көрсеткіш.
Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті: «Биыл қаңтарда сауда бірден 25 пайыз өсті. Бұл оң динамика. Бірақ қаңтардағы басты жетістік басқа: сатылған көлік құралдарының 87,4%-ын елдегі мамандар құрастырған, бұл «Қазақстанда жасалған» деген ел брендімен шыққан өнімдер. Жалпы біз, автоиндустрия өкілдері үшін азаматтарымыздың осындай үлкен сенімі аса маңызды. Қазақстан тұрғындарының отандық өнімнің сапасы, қауіпсіздігі, технологиялық жабдықталу деңгейі мен қолжетімді бағасына сенімі. Бұл ұлттық өнеркәсіптің қазіргі құзырет деңгейін айқындайды. Мемлекет құрған инвестициялық климат, әлемдік автоөндірісте көшбасшы елдерден технология жеткізу, ұлттық инвесторлардың белсенділігі, инженер кадрлар дайындау – бәрі бірігіп қазақстандық автомобильжасау саласының кейінгі бірнеше жылда алға үлкен қадам жасауына көмектесті».
«Қазақстанның Автокөлік Одағы» Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кейінгі жылдары жергілікті тауар өндірушілер мен ұлттық бизнесті белсенді қолдап, “Қазақстанда жасалған” деген таңбаны жоғары дәрежеге көтеруге атсалысып жүргенін атап өтті. Мемлекет басшысы ел тұрғындарын үнемі экономикалық патриотизмге – отандық өнімді алуға шақырады. Статистика көрсеткендей, мұндай саясатты автоиндустрия клиенттері де қолдап жатыр.
Қыстың алғашқы айындағы сауда ұзаққа созылған мереке күндері мен әдетте іскерлік белсенділік төмендейтін кезеңге тап келгенін айта кеткен жөн. Соның нәтижесінде брендтер мен модельдерге қатысты нарық құрылымы алдыңғы айлардағы көрсеткіштен өзгеше болды. Қаңтарда ең көп өткен 10 автомобиль қатарында 2 774 бірл. машинасы иесін тапқан Kia көш бастады (былтырғы қаңтармен салыстырғанда +183,1%). 2 698 автомобиль сатқан Hyundai екінші орын алды (-15,6%). Үшінші сатыға Chevrolet (2 512 бірл.,+110,9%) жайғасты. Содан кейін Chery – 1 007 бірл. (+42%), Changan – 717 бірл. (+92,7%), Jac – 683 бірл. (+16%) тұр. Ал ондықты Jetour – 600 бірл. (+3,3%), Haval – 546 бірл. (-5,9%), Toyota – 397 бірл. (-34,1%) және Geely – 350 бірл. (-47%) түйіндеді.
Саудасы қызған модельдер арасында Chevrolet Cobalt (2 191 бірл.) үздік атанса, Kia Sportage (1 482 бірл.) екінші қатарға орналасты. Үшінші жүлде Hyundai Tucson-ға (1 397 бірл.) бұйырды. Бұдан бөлек, тізімге Hyundai Mufasa (497 бірл.), Kia Cerato (493 бірл.), Jac S3 Pro (442 бірл.), Changan CS55 Plus (440 бірл.), Chery Tiggo 2 (369 бірл.), Hyundai Elantra (363 бірл.) және Kia Soluto (337 бірл.) енді.
ТОП-20: 2026 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАРДАҒЫ ЖАҢА ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ АВТОМОБИЛЬДЕР САУДАСЫ
|
|
Қаңтар |
||
|
2025 |
2026 |
% |
|
|
Kia |
980 |
2 774 |
183,1% |
|
Hyundai |
3 198 |
2 698 |
-15,6% |
|
Chevrolet |
1 191 |
2 512 |
110,9% |
|
Chery |
709 |
1 007 |
42% |
|
Changan |
372 |
717 |
92,7% |
|
Jac |
589 |
683 |
16% |
|
Jetour |
581 |
600 |
3,3% |
|
Haval |
580 |
546 |
-5,9% |
|
Toyota |
602 |
397 |
-34,1% |
|
Geely |
660 |
350 |
-47% |
|
Lada |
204 |
184 |
-9,8% |
|
GAZ |
250 |
170 |
-32% |
|
BYD |
16 |
160 |
900% |
|
Yutong |
44 |
160 |
263,6% |
|
Howo |
|
159 |
NEW |
|
Jac Trucks |
43 |
146 |
239,5% |
|
Geely Galaxy |
|
121 |
NEW |
|
Tank |
118 |
107 |
-9,3% |
|
Lexus |
137 |
76 |
-44,5% |
|
Skoda |
66 |
58 |
-12,1% |
|
Басқалар |
926 |
477 |
-48,5% |
|
Жалпы нәтиже |
11 266 |
14 102 |
25,2% |