Басқа жаңалықтар
ҚР АВТОӨНЕРКӘСІБІ: ӨНДІРІС КӨЛЕМІ РЕКОРДТЫҚ 37%-ҒА ӨСТІ

ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылғы қаңтарда Қазақстанда жалпы құны 170,3 млрд теңгені құрайтын 13 228 бірлік техника өндірілді. Өндіріс көлемі 2025 жылғы қаңтармен салыстырғанда 37,3%-ға артты. Есепті айда 12 313 жеңіл автомобиль, 395 жүк көлігі, 244 автобус, 263 тіркеме мен жартылай тіркеме, сондай-ақ 13 бірлік арнайы және мамандандырылған техника шығарылды.
Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті: «2026 жылдың басы қазақстандық автоөнеркәсіптің тұрақты даму қарқынын көрсетеді. Бұл - саланың жүйелі жұмысының және мемлекеттік органдар тарапынан көрсетілген жан-жақты қолдаудың нәтижесі. Елде қалыптасқан қолайлы инвестициялық ахуал жаңа өндіріс орындарының ашылуы мен тұрақты дамуына берік негіз болды. Басты мақсатымыз - технологиялық операцияларды одан әрі тереңдету және автокомпоненттер өндірісін ел ішінде дамыту. Жаңа жобаларды іске асыру, елдің түрлі өңірлерінде автокомпоненттік базаны дамыту сабақтас салалардың дамуын ынталандырып, Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетін ұзақ мерзімді перспективада нығайтады».
«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) деректері бойынша, 2026 жылғы қаңтарда өндірістің ең жоғары көлемін Алматыдағы Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауыты қамтамасыз етті. Кәсіпорын Haval, Chery және Changan маркаларының 4 750 автомобилін шығарды. Hyundai Trans Kazakhstan кәсіпорны 3 358 автомобиль өндірді. Қостанайдағы Allur («СарыарқаАвтоПром») зауыты 3 132 техника, ал Kia Qazaqstan зауыты 1 111 автомобиль шығарды.
2026 жылғы қаңтар қорытындысы бойынша ең танымал бес бренд: Hyundai (3 349 бірлік), Chevrolet (1 848 бірлік), Haval (1 838 бірлік), Chery (1 520 бірлік), Changan (1 280 бірлік). Модельдер бойынша: Chevrolet Cobalt (1 789 бірлік), Hyundai Tucson (1 254 бірлік), Hyundai Santa Fe (796 бірлік), Changan CS55 Plus (783 бірлік), Haval M6 (677 бірлік).